Әлемдегі ғылым

Бұрын-соңды ғылымға белгісіз болған алып жәндік табылды

01.08.2025

45

Ғалымдар Аустралияның солтүстігіндегі тропикалық ормандардан салмағы 40 граммнан асатын жәндік тапты. Ол осы контитенттегі ең ауыр жәндік болуы мүмкін, деп хабарлайды ABC телеарнасы.

«Алып әрі бұрын-соңды белгісіз болған жәндік Квинсленд штатының қиыр солтүстігіндегі тұманды ормандардан табылды және бұл, мүмкін, Аустралиядағы ең ауыр жәндік болуы мүмкін», – деп хабарлайды телеарна.

Жаңа түр Acrophylla alta деп аталды, оның салмағы 44 граммға дейін жетеді. Әдетте бұл жәндіктер таулы ормандарда, негізінен ағаштардың ұшар басында өмір сүреді.

Телеарнаның хабарлауынша, іздеуге шыққан энтомолог-ғалымдар бұл жәндіктің аналығын шамамен 900 метр биіктіктен тапқан. Кейін олар тағы екі аналықты тапты, алайда әзірге еркегін табу мүмкін болмады.

«Ол бірнеше жұмыртқа салғаннан кейін біз жұмыртқаларды зерттеп шықтық және сол кезде бұл жаңа түр екеніне толықтай көз жеткіздік», – деді зерттеушілердің бірі Кук Эммот. Оның айтуынша, бұған дейін Аустралиядағы ең ауыр жәндік алып қазушы тарақан саналған, оның салмағы 30 граммнан аспайды.

Дереккөз: https://ria.ru/20250731/avstralija-2032578807.html
Фото: CNN
«« | »»
Соңғы жаңалықтар