Әлемдегі ғылым

Жаздық бидайдың ауруларын анықтай алатын жасанды интеллект жасалып жатыр

01.08.2025

92

Павлодар облысында ғалымдар дәнді дақыл өсірілетін екі аудан — Тереңкөл мен Железинде жаздық бидай дақылдарындағы ауруларды, зиянкестерді тани алатын жасанды интеллект жүйесі үшін интеллектуал база құрып жатыр. 

Жоба жетекшісі, Торайғыров университетінің биология және экология кафедрасының профессоры Римма Уәлиеваның айтуынша, бұл технологияның Қазақстанда да, шетелде де баламасы жоқ. Ол өнімге төнетін қатерлерді ерте анықтауға және агросектордағы шығындарды азайтуға бағытталған.

Жоба гиперспектралды зондтауға негізделген – бұл өсімдіктердің жағдайын тікелей байланыссыз анықтауға мүмкіндік беретін қашықтықтан бақылау әдістерінің бірі. Ең алдымен, классикалық диагностика жасау  үшін және патогендерді анықтау мақсатында зертханаға өсімдік үлгілері жиналады. Содан кейін мамандар бұл үлгілерді гиперспектралды сенсордың көмегімен суретке түсіріп, алынған мәліметтерді арнайы бағдарламаға жүктеп, жасанды интеллектіні оқыту үшін пайдаланады. 

Кейін команда гиперспектралды камералармен жабдықталған дрондармен егіс алқаптарын аралап, спектрлерді үйретілген базамен салыстыра отырып тексеру жүргізеді. Үш жыл ішінде зерттеушілер мыңдаған сурет, спектр сипаттамаларын, аурулар мен жәндіктер үлгілерінен тұратын мәліметтер базасын құруды жоспарлап отыр.

Дереккөз: https://kazpravda.kz/n/ii-budet-raspoznavat-bolezni-i-vrediteley/
Көрнекі фото: Istock
«« | »»
Соңғы жаңалықтар