Қазақстан ғылымы

Өнеркәсіптік жылу алмастырғыштардың жылу беру тиімділігін арттыру үшін энергия үнемдейтін қондырғы жасау

14.07.2025

13

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымдары электргидравликалық әсерді пайдалана отырып, өнеркәсіптік жылуалмастырғыштардың жылу беру тиімділігін арттыру үшін энергия үнемдейтін қондырғыны әзірлеу және құрастыру мақсатында зерттеу жұмысымен айналысты. 

Зерттеу нәтижелері шағын және орта қазандықтардың құбырлары, конденсаторлардың құбыр байламдары және энергетика салаларының ең жоғары қазандықтары сияқты жылу алмастырғыш аппараттардың жұмысын жақсарту үшін энергия үнемдейтін қондырғы жасауға мүмкіндік береді.

Зерттеу аясында тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғы-жылу алмастырғыш аппараттарды тазалаудың оңтайлы параметрлері бар «ЭГҚ зертханалық блогы» әзірленді. Құбырлардың диаметрі 5-100 мм болатын жылу алмастырғыш аппаратының құбырларын тазарту үшін тәжірибелік-өнеркәсіптік электрогидроимпульс қондырғысы – «ЭГҚ зертханалық блогы» жасалды. Электрогидроимпульс қондырғысының өндірістік сынақтарының нәтижелері алынды. Өндіріске электрогидроимпульс қондырғысын енгізу бойынша техникалық құжаттама дайындалды.

Ғылыми-зерттеу жұмысы: «Өнеркәсіптік жылу алмастырғыштардың жылу беру тиімділігін арттыру үшін энергия үнемдейтін қондырғы жасау»

Ғылыми жетекші: Б.Р. Нүсіпбеков, т.ғ.к., профессор

Фото: Gov.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар