Әлемдегі ғылым

ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ МАУСЫМДЫҚ АЛЛЕРГИЯҒА ҚАРСЫ АНТИДЕНЕ ЖАСАДЫ

08.07.2025

11

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) ғалымдары маусымдық аллергиямен күресудің тың әдісін ойлап тапты. Бұл әдіс миллиондаған адамның өмірін өзгерте алады.

KazNARU ғалымдары мұрынға енгізілетін моноклоналды антидене жасап шығарған. Бұл антидене «молекулалық қалқан» түзіп, шаң-тозаңның жағымсыз әсерін болдырмайды. Зерттеу Frontiers in Immunology журналында жарияланды. 

Аталған әдіс аллергиялық реакцияны тудыратын иммуноглобулин Е (IgE) мен тозаңның өзара әрекеттесуін бөгеуге негізделген. Дәстүрлі антигистаминдік препараттардан айырмашылығы – «қалқан» инъекцияны қажет етпестен лезде және жергілікті түрде жұмыс істейді. Кеміргіштерге жүргізілген тәжірибелер қабынудың және астма белгілерінің айтарлықтай төмендегенін көрсетті. 

Профессор Қайсар Табыновтың айтуынша, бұл – мұрынға енгізілетін моноклоналды антидененің аллергияға қарсы тиімділігі дәлелденген алғашқы жағдай. Осы технология амброзия немесе шөп сияқты басқа да аллергендермен күресуге де көмектесуі мүмкін. Өнертабысты нарыққа шығармас бұрын қосымша сынақтар жүргізілуі қажет, дегенмен ғалымдар бұл әдіс 5-7 жыл ішінде қолжетімді болады деп сенеді. 

Дереккөз: https://newatlas.com/allergies/antibody-allergies-pollen/
Фото:. Istockphoto.com
«« | »»
Соңғы жаңалықтар