Әлемдегі ғылым

Ғимарат ішін салқын ұстауға көмектесетін бояу формуласы ЖИ арқылы жасалды

04.07.2025

7

АҚШ, Қытай, Сингапур және Швеция ғалымдарынан құралған топ жасанды интеллект көмегімен ғимарат ішін салқын ұстауға көмектесетін бояу формуласын жасап шығарды. Бұл туралы зерттеу Nature ғылыми журналында жарияланды. 

«Біз оптикалық қасиеттері мен радиациялық салқындату тиімділігі бойынша қазіргі заманғы өнертабыстардан асып түсетін жеті тәжірибелік мета-сәуле шығарғышты ұсынамыз», – деп жазды мақала авторлары.

Ғалымдардың мәліметінше, жасанды интеллект көмегімен жасалған бұл бояу ғимарат ішіндегі температураны қарапайым бояумен сырланған үйлермен салыстырғанда 5-20 градус Цельсийге төмен ұстап тұруға мүмкіндік береді. Зерттеу жетекшілерінің бірі, Техас университетінің профессоры Юэбин Чжэннің айтуынша, жасанды интеллектінің арқасында бірнеше айға жоспарланған жұмысты бірнеше күн ішінде орындауға мүмкіндік туған.

«Жасанды интеллект, атап айтқанда, машиналық оқыту нанофотондық және метаматериалдарды әзірлеу процесін айтарлықтай жеделдетіп, революциялық әсер берді», – делінген мақалада. 

Дереккөз: https://ria.ru/20250703/uchenye-2027013798.html?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Fstory%2F4e8ec19e-3b2b-517a-88a0-ee032630f2c6
Фото: Istockphoto.com
«« | »»
Соңғы жаңалықтар