Қазақстан ғылымы

Қазақстан ғылыми жарияланымдар саны бойынша әлемде 72-орынға көтерілді

01.07.2025

7



Қазақстан 2024 жылдың қорытындысы бойынша Web of Science базасында индекстелетін журналдарда жарық көрген ғылыми жарияланымдар саны жағынан әлемде 72-орынға көтерілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz. 

Өткен жылы қазақстандық ғалымдар 3176 ғылыми мақала мен шолу жариялаған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға көп (сол жылы – 2639 жарияланым болған). 

Ең үлкен үлес жаратылыстану ғылымдарына тиесілі – 1872 мақала. Бұл Қазақстанға аталған салада 66-орын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар келесі бағыттарда да айтарлықтай өсім байқалды: 

Инженерия және технологиялар – 1133 жарияланым, 66-орын
Медицина және денсаулық сақтау – 533 жарияланым, 81-орын
Ауыл шаруашылығы және ветеринария – 205 жарияланым, 74-орын
Әлеуметтік ғылымдар – 332 жарияланым, 72-орын
Гуманитарлық ғылымдар және өнер – 94 жарияланым, 62-орын 

Ең белсенді жоғары оқу орындары: 

Назарбаев Университеті – 834 жарияланым
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 571
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – 391
Satbayev University – 233
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – 123
Ғылыми-зерттеу институттары арасында көшбасшылар:
Ядролық физика институты
Математика және математикалық модельдеу институты
Ұлттық биотехнология орталығы
Ақпараттық және есептеу технологиялары институты
Жанудың ғылыми мәселелері институты 

Қазақстандық ғалымдар ең көп мақала жариялайтын халықаралық журналдар арасында Scientific Reports, Applied Sciences-Basel, Sustainability, Molecules, IEEE Access және тағы басқалары бар. 

Министр Саясат Нұрбектің айтуынша, жарияланымдар санының өсуі – еліміздің ғылыми әлеуетінің артуы мен зерттеу қызметін қолдау шараларының нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді. 

Дереккөз: https://baq.kz/qazaqstan-gylymi-zhariyalanymdar-sany-boyynsha-alemde-72-orynga-koterildi-200016285/
Фото: discovery.org

«« | »»
Соңғы жаңалықтар