Satbayev University Қазақ ұлттық техникалық зерттеу ғалымдары ластанған сарқынды сулардан радионуклидтерді алу технологияларын әзірлеуде.
Қазақстанда қолданыстағы уран кеніштерінің қызметі нәтижесінде пайда болатын радиоактивті ағындарды тазарту қажеттілігі артып келеді. Сондай-ақ, радионуклидтерден суды тазартудың заманауи технологияларында радиоизотоптарды қолдану арқылы биомедициналық емдеу әдістерін пайдаланатын медицина сияқты салалар қажет. Еліміздегі атом энергетикасын дамыту кең ауқымда залалсыздандыру технологияларын енгізуді талап етеді.
Сүзгі жүйесін жасау ластанған ағынды сулардан радионуклидтерді алуда белсендірілген көмірдің қасиеттеріне негізделген. Сорбент алу үшін жаңғақ, күріш қабығы және қарақұмық қабығы сияқты лигноцеллюлозаға бай қарапайым ауылшаруашылық қалдықтар қолданылады. Күкірт, азот, күміс және ферроцианидпен өзгертілген бұл материалда осы радионуклидтерді ұстауға қабілетті белсенді орталықтар бар. Ауылшаруашылық қалдықтардың биомассасын құрамында көміртегісі бар материалдар мен белсенді орталықтарға айналдыру арқылы әмбебап сорбент алуға болады.
Бұл технология ядролық қалдықтарды басқаруды жақсартуға және ағынды суларды радиациялық ластанудан қорғауға көмектеседі. Ғалымдар бұл зерттеудің нәтижелері халықаралық деңгейде маңызды болады деп отыр. Өйткені қарастырылып отырған мәселелер жаһан бойынша өзекті.
Ғалымдар бұл зерттеудің нәтижесінде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық қауіпсіздікке кепілдік беретін экономикалық тиімді технологияны алмақшы.
Зерттеу жұмысына тартылған ғылыми ұйымдардың қатарына материалтану саласында, атап айтқанда көміртекті материалдар саласында тәжірибесі бар Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, материалдарды аналитикалық сипаттауда, нанотехнологияда, сарқынды суларды тазартуда тәжірибесі бар және атом, әскери және су өнеркәсібімен байланысы бар Ұлттық ядролық орталығы (Курчатов қ.), Кингстон университеті (Ұлыбритания) кіреді.