Қазақстан ғылымы

Озық технологиялар ауыл шаруашылығы техникасының жұмысын толыққанды қамтамасыз етеді

15.01.2025

35



Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің зерттеушілер тобы топырақ өңдейтін машиналардың жұмыс органдарын нығайту және қалпына келтіру үшін дыбыстан да жылдам доғалық металдандырудың ресурс үнемдейтін технологияларын жасауда. 

Зерттеу тақырыбы Қазақстан үшін өзекті. Ауыл шаруашылығы техникасының жұмыс бөліктері тегіс емес жер бедері, беткейлер және әртүрлі ауа райы жағдайларында жұмыс істейді.  

Сенімді және ұзақ жұмыс істейтін топырақ өңдеу машиналарының болуы ауылшаруашылық жұмыстарында, әсіресе топырақты егін егуге дайындауда маңызды рөл атқарады. Топырақ өңдейтін машиналардың жұмыс органдарының қызмет ету мерзімін ұзарту жолдарының бірі – тозығы жеткен беткі қабаттарға тозуға төзімді жабындарды жағу болып табылады. Бұл олардың беріктігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар далада тұрақты және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 

Термиялық бүркудің әртүрлі әдістерінің ішінде машина жасау, тау-кен және энергетика салаларында доғалық (AS) деп аталатын сым-доғалық бүрку де құрылымдық бөлшектерді жөндеу және қалпына келтіруде кеңінен қолданылады. Жоғары жылдамдықты оттегімен бүрку (HVOF) және атмосфералық плазмалық бүрку (APS) сияқты басқа термиялық бүрку әдістерімен салыстырғанда, доғалық бүркудің салыстырмалы түрде шығындары аз, техникалық қызмет көрсету жағынан қарапайым, бүрку өнімділігі жоғары және үлкен аумақтарды бүрку кезінде экономикалық артықшылықтары да айтарлықтай көп болып келеді.  

Жобаның практикалық маңыздылығы оның нәтижелері дыбыстан да жоғары доғалы металдандыру технологиясын дамытуды және оны Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына кеңінен енгізуді қамтамасыз ететіндігінде. Тозған бөлшектерді нығайтуға және қалпына келтіруге бағытталған кешенді технологиялық, конструкторлық және ұйымдастырушылық іс-шараларды кеңінен енгізу өнім ресурсын ұзарту, қосалқы бөлшектердегі көлемдерді қысқарту, өндірістің металлургиялық цикліне шығындарды азайту, шикізат, энергетика және еңбек ресурстарының шығындарын қысқарту есебінен айтарлықтай экономикалық әсер алуға мүмкіндік береді. 

Әлеуметтік-экономикалық әсерге топырақ өңдеу машиналарының бөлшектерінің беріктігі мен тозуға төзімділігін арттыру бөлшектердің ресурсын көбейтіп қана қоймай, сонымен қатар металл шығынын азайтып, ауылшаруашылық кәсіпорындарының өнімділігін қамтамасыз ететінін жатқызуға болады. Сонымен қатар, осы бағдарламаны орындауға магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың белсенді қатысуы жас буын ғалымдардың зерттеу жұмысындағы білім мен тәжірибе деңгейін арттыруға және материалтану саласында жоғары білікті кадрларды даярлауға ықпал ететін болады. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар