Әлемдегі ғылым

Ғалымдар вирустық мутацияларды модельдеуді үйренуде

09.01.2025

166



Вирустар, әсіресе SARS-CoV-2 сияқты РНҚ вирустары жаңа мутацияларды жинақтай отырып, үнемі дамып отырады. Вирустың құрылымындағы өзгерістер көбінесе адамның иммунитетін айналып өтуге бағытталған. Сондықтан қазіргі заманғы ғылым жалпы және қауіпті вирустардың мутацияларының ең ықтимал нұсқаларын зерттеу мен болжауды жаңартуда. 

Зерттеушілер вирустардың ықтимал өзгерістері мен мутацияларын есептеу үшін жасанды интеллект пен үлкен тіл үлгілерінің мүмкіндіктірен пайдаланады. 

Бұл ұзақ жолдың басы ғана, өйткені вирустық эволюция күрделі процесс және заманауи жағдайларда оны болжау қиын. 

Дэвид Робертсон, Ұлыбританиядағы Глазго университетінің вирусологы, AlphaFold (жасанды интеллектті жасаумен айналысатын Лондондық DeepMind компаниясы), сондай-ақ ESM-2 және ESMFold (екеуін де Meta жасаған) сияқты жасанды интеллект негізінде пайда болған ақуыз құрылымын болжау құралдарының вирусологияда жаңа мүмкіндіктер ашатынын алға тартады. 

Жасанды интеллект модельдері вирустық эволюцияны болжау үшін үлкен көлемдегі деректерді қажет етеді. Токио университетінің биоинформатигі Джунпэй Итоның айтуынша, COVID-19 тудыратын SARS-CoV-2 вирусының жаппай секвенирленуі бұған мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда зерттеушілер өз модельдерінде пайдалана алатын шамамен 17 миллион реттілікке ие. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар