Ғылыми жаңалықтар

Еліміздегі 88 су айдынының 13-і таза

24.12.2013

4352

Бүгін Үкімет үйінде министрлер кабинеті мүшелерінің қатысуымен осы жылдағы ең соңғы селекторлық отырыс болып өтті. Премьер-Министр Серік Ахметов төрағалық еткен жиында Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров баяндама жасады.

Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жобасы туралы мәліметтерді ортаға салған минстр өз сөзінде жоба аясында жүзеге асуы тиіс бірқатар тың басталамарды тілге тиек етті.

– Мәселен, ауыз су сапасына қатысты айтар болсақ, еліміздегі 88 су айдынының тек 13-і ғана «таза» деп танылды. Бағдарламада респубилка бойынша су айдындарын тазалау және санациясы бойынша іс-шаралар кешені қарастырылған. Ал ауыз су және ағынды сулар сапасының стандарттары қайта қарастырылатын болады, – деді министр.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ.

Мәлімет көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар