Ғылыми жаңалықтар

Моңғолиядағы медициналық бөлімге қазақ дәрігерінің есімі берілді

24.12.2013

4618

Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласындағы П.Н.Шастин атындағы клиникалық III аурухананың Хирургиялық бөлімшесіне Моңғол елінің мемлекеттік сыйлық иегері, халық дәрігері, доктор, профессор қандасымыз Хайрулла Жәлелұлының есімі берілді. Сүйінші хабарды Kaznews.mn сайты хабарлап отыр.

Моңғол елінде тұңғыш рет жүйке ауыруларына диягноз қойып, ми мен жұлынға ота жасаған Хайрулла Жәлелұлын моңғолиялықтар «Хирургияның атасы» деп атайды. Моңғолия Республикасы «Алтын жұлдыз» орденінің және Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Медицина саласына еңбек сіңірген қайраткер», «Халық дәрігері», «Еңбек ері» сияқты толып жатқан атақ-даңқтардың иесі медицина саласында еңбек еткен 30 жылда 600 мың адамға диагноз қойып, 19 мың адамға операция жасапты. 1930 жылы Қобда аймағының Бұлғын ауылында дүниеге келген қандасымыз бұл күнде Ұланбатыр қаласында бейнетінің зейнетін көріп отыр.

Мәлімет көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар