Ғылыми жаңалықтар

Қазақстандық анестезиолог білігін шыңдады

24.12.2013

4566

Елордада қазақстандық 25 анестезиолог И.М.Сеченов атындағы медициналық университеті профессорының шеберлік сыныбына қатысты.

Астанада №1 қалалық аурухана базасында өткен мәскеулік профессор Алексей Овечкиннің «Регионалды анестезия және жалпы хирургия тәжірибесіндегі анальгезия» тақырыбындағы шеберлік сыныбына 25 елордалық дәрігер қатысқан. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі Алексей Овечкин шеберлік сыныбы аясында астаналық дәрігерлер анестезиология және реаниматологияның маңызды бөлімі – регионалды анестезия және анальгезия бойынша дәрістер оқыды. Оқу-клиникалық орталықтың симуляциялық сыныбында манекендер мен муляждармен практикалық машықтарға үйрету бойынша сабақтар өткізілген.

Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлауынша, аталған шеберлік сыныбы елордалық анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің кәсібилігін арттыруға және халыққа медициналық көмек көрсетуді жетілдіруге әсер етеді.

Мәлімет көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар