Реферат: Алғыр, зерек, сезiмтал, пайымшыл Нұртас Оңдасынов iзденiп, өз бiлiмiн өзi толықтыру арқылы, жаңа дүниеге деген жаңа көзқарасын қалыптастырды. Қазақ елiнiң басына қиын-қыстау күн туған шақта қазақтың сенiмiн арттыруға тұратын азаматтарының қатарынан оның есiмiнiң тiзiмге iлiгуi бұл оның қоғамдық қызметке ерте араласып, есейгендiгiнiң, ел-жұртына iсiмен танылғандығының айғағы болмақ.
Астаналық кезеңдегi Қызылорда қаласы тұрғындарының күнделiктi өмiрiндегi өзгерiстер, демалысы орындары және қылмыстық ахуал
Реферат: Мақалада автор Қызылорда қаласы өмiрiнiң жаңғыруы Қазақстан орталығының көшiп келуiнен басталғандығы және Қызылорда қаласы өзiнiң дамуында жаңа серпiлiс жасады. Қызылорданы астаналық қала мәртебесiне лайықтандыру мақсатында өкiметтiң бұйрығымен кинотеатр, театр және саябақтар салу көзделдi. Алғашқы қазақ театры Қызылорда қаласында ашылып, елiмiздiң мәдени өмiрiнде үлкен жаңалық алып келдi. Қызылорда тұрғындары үшiн қаланы көркейту және оның таза қалпында ұстау мәселесi басты орында тұрды. Астана мәртебесiне лайықты болу үшiн Қызылорда қаласының архитектуралық қалпы өзгергенiн, сонымен қатар жергiлiктi қазақ халқының қатысуымен ұлттық театр кадрлары қалыптастығына тоқталады.
Ортағасырлық Ақтөбе қаласында Мәдени мұра бағдарламасы бойынша жүргiзiлген археологиялық зерттеулер
Реферат: Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың бастауымен Мәдени мұра Мемлекеттiк бағдарламасын құру 2003 жылы қолға алынып, 2004 жылдан жүзеге асырыла бастады. Ол бойынша ұлттық тарих үшiн ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қалпына келтiру туралы мәселе де қолға алынады. Бағдарламаны жүзеге асыру әрбiр үш жылдан бiрнеше кезеңде жүргiзiлдi. Соның екiншi кезеңiне, яғни 2007 жылдан 2009 жылға дейiнгi бағдарламасына ортағасырлық Ақтөбе қаласы кiредi. Бағдарлама аясында Ақтөбе қаласының орталық бөлiгi мен шаруашылық аймағында археологиялық зерттеулер жүргiзiледi. Осы үш жылдың iшiнде шаруашылық аймағынан шарап жасайтын шеберхана, ал шахристаннан қыш кiрпiштен қаланған мұнара мен тұрғын үй орындары ашылады. Шаруашылық аймағынан анықталған үш бөлмеден тұратын шарап жасайтын шеберхана ХI-ХII ғғ. мерзiмделедi. Цитадельдiң шығыс жағындағы, шахристанға салынған қазба нәтижесiнде IХ-ХI ғғ. Жататын он төрт бөлменiң орны анықталады. Цитадельден 50 м батыстан қыш кiрпiштен қаланған мұнараның iргетасы анықталып, салыстырмалы түрде жасалынған талдаулар ХI-ХII ғғ. жататындығын көрсеттi. Анықталған құрылыс орындары ортағасырлық қалаларға және Қазақстанның орта ғасырлар тарихына қатысты құнды мәлiметтер бередi. Сондықтан осы ашылған археологиялық нысандар аталған ғылыми еңбегiмiзге негiз болып отыр.
Нарынқол ауданы майдангерлерiнiң күнделiктi өмiрiнен
Реферат: Бұл мақалада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Нарынқол ауданы тұрғындарының күнделiктi өмiрi жан-жақты қарастырылған. Мақаланы жазу барысында Алматы облыстық Мемлекеттiк мұрағатынан, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттiк Мұрағатынан, облыстық және аудандық басылымдардан құжаттар мен материалдар зерттелдi, сондай-ақ жергiлiктi тұрғындардан сұхбат алынды. БОАК Президиумының 1936 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен Нарынқол ауданы құрылды. Аудан құрылғаннан кейiн көп уақыт өтпей-ақ Ұлы Отан соғысы басталды. Ұлы Отан соғысы жылдары Нарынқол ауданынан 2500-ге жуық адам майданға алынды. Олардың қатарынан 1206 жауынгер соғыс жылдары жараланып қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен. Нарынқол ауданынан майданға аттанған жерлестерiмiз сол бiр сындарлы шақта өмiр мен өлiм белдескен сәттерде Отанына, артында қалған елi мен жерiне адалдығын көрсеттi, жауымен күрестi. Мақалада соғыс жылдары жауынгерлердiң күнделiктi өмiрдегi көрсеткен ерлiгi мен тыл еңбеккерлерiнiң қосқан үлесi жайында жазылған.
Қазақстан жартас суреттерiнде жылқы бейнесiнiң кескiнделуi: уақытнамалық ерекшелiктер
Реферат: Мақала Қазақстанның қола дәуiрiнен орта ғасырларға дейiнгi тұрғындарының жартас өнерiндегi жылқының рөлiн талдауға арналған. Тақырыпты ашу үшiн бұрын зерттелген жартас суреттерiнiң кешендерiндегi жылқы кескiндерi қолданылады. Жылқының кескiндерi қарастырылып отырған кезеңдегi аймақтың бейнелеу өнерiнiң құрамдас бөлiгi ретiнде қаралады. Қашалған суреттер екi белгi бойынша талданады: бейне мен иконография және көрiнiстер мен композиция. Жылқы бейнелерiн бейнесiндегi тұрпаттық ұқсастықтары бойынша бiрнеше топқа бөлуге болады. Ол өз кезегiнде ежелгi және ортағасырлық көшпелiлердiң түсiнiгiндегi жылқы бейнесiнiң рөлiн ашуға көмектеседi.
Реферат: XV ғасырда ұлт ретiнде қалыптасу жолында тұрған қазақ халқы өз мемлекттiгiн құрды және оған өз атын бердi. Сол арқылы ол мемлекттi ұлттар қатарына қосылды. Өз ретiнде қазақ хандығы ұлттық бiрегейлiктiң қалыптасуына жол ашты. Ұлттық бiрегейлiк ұлттық өзiн-өзi сақтауының алғы шарты едi.
Казахские султаны Оренбургского ведомства в ХIХ в.; должности, чины и обеспечение
Автор(ы): Султангалиева Г. С.*
Объем документа: C. 10-14
МРНТИ: 03.20.25*
Ключевые слова: казахские султаны*должности в системе местного управления*Российская империя*
Реферат: В данной статье рассматривается процесс включения представителей привилегированного сословия казахского кочевого общества - султанов Оренбургского ведомства на службу Российской империи через анализ должностных структур (казахские заседатели, правители Восточной, Средней, Западной части, дистаночные начальники), сложившиеся в первой половине ХIХв. в системе пограничного и местного управления казахами Младшего жуза.
Қазақ қоғамының экономикалық және әлеуметтiк даму мәселелерi XVIII-XIX ғғ. орыс әскери тарихшыларының еңбектерiнде зерттелуi
Автор(ы): Сутеева Х. А.*
Объем документа: C. 15-20
МРНТИ: 03.20.25*
Ключевые слова: военные историки*кочевое хозяйство*поливное земледелие*обычаи*промыслы*феодальная иерархия*ханы*султаны*старшины*бии*батыры*
Реферат: Бұл мақалада XVIII-ХIX ғғ. Ресей әскери тарихшылары С.Б. Броневский, М.И. Венюков, Е.К. Мейендорф, И.Г. Андреев, Я.П. Гавердовский, Ф. Назаровтың еңбектерiндегi қазақ халқының дәстүрлi шаруашылығы мен Ресей отарлауының нәтижесiнде пайда болған шаруашылықтың жаңа түрлерi қарастырылған. Негiзiнен бұл орыс офицерлерiнiң шығармалары Ресей Бас штабы басып шығаратын Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами Генерального штаба России деген жинақта жарық көретiн. Орыс офицерлерiнiң еңбектерiнде қазақ халқының көшпендi мал шаруашылығы, қазақ елiнiң аудандары, уездерi мен қалаларының экономикалық-статистикалық жағдайына егжей-тегжейлi шолу жасалған. Олардың алып жатқан территориясы, халық, өнеркәсiбi, саудасы, құқығы, салт дәстүрi, басқарылу жүйесi туралы көптеген мәлiметтер келтiрiлген. Шаруашылықтың дамуымен қатар, орыс әскерилерi қазақ қоғамының Ресейге қосылғанға дейiнгi әлеуметтiк құрылысына және бұл саладағы орыс мемлекетiнiң шеңберiне кiргеннен кейiнгi өзгерiстерге көп назар аударды. Орыс әскери ойының өкiлдерi жалпы көшпендi халықтардың қоғамдық қатынастарын, сонымен қатар қазақ хандықтарының феодалдық иерархиялық жүйесiн сипаттауға тырысты. Олар қазақ қоғамының тарихи қалыптасқан топтарын жеке-жеке қарастырды Бiрiншi топқа олар ақ сүйектердi - Шыңғыс ханның немересi Жошының ұлдарының бiрiнен таралған хандар мен сұлтандарды, екiншi топқа старшиналарды, билердi, батырлар мен дiн басшыларының бiр бөлiгiн жатқызды. Орыс офицерлерiнiң көпшiлiгiнiң өкiметтiң ресми адамдары ретiндегi жағдайы қарастырылып отырған кезеңде оларға әлеуметтiк-экономикалық қатынастарды зерттеуге, халықтың қалың көпшiлiгiнiң қайыршылану мен қаналу себептерiн анықтауға, көшпендi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық құрылысын сипаттауға мүмкiндiк бермедi. және әлеуметтiк-мәдени қатынастары проблемаларын зерттеуге қосымша маңызды материал; ал кейде бiрде-бiр дерек деп айтуға болады.
Жетiсу өңiрiнде халықты жұмыспен қамту (XX ғ. аяғы)
Реферат: Мақалада негiзiнен ХХ ғасырдың 90-жылдарының аяғындағы Жетiсу өңiрiндегi халықтарды жұмыспен қамту мәселесi қарастырылған. КСРО ыдырағаннан кейiн құрылған тәуелсiз мемлекеттерде саяси жағдай бiрден тұрақталып кетпедi, өнеркәсiп орындарының жабылуы жаппай жұмыссыздықтың пайда болуына алып келдi. Халықты жұмыспен қамту негiзгi проблеманың бiрi болып қалды. Халық өз бетiмен жұмыс iздеуге, iздерiнiң жеке iстерiн ашуға кiрiстi. Осындай шаруашылықтардың, жеке кәсiпкерлiктiң бiрi - нуклеарлық үй шаруашылығы болды. Осы нуклерлiк шаруашылықпен Жетiсу өңiрi халқы көп айналысты. Жекелеген кәсiпкерлiктер де шыға бастады. Халық арасында жүктелу процесi тез жүрiп халықтың әлеуметтiк құрамы өзгердi. Сырттан келген мигранттар мен отандастарымыздың елге оралуы да жұмыссыздардың санын көбейттi. Оларды жұмыспен қамту, орналастыру мәселесiн шешуде көптеген қиыншылықтар кездестi. Осы мәселелер мақалада деректер негiзiнде талданған.
Общественное питание в городах Центрального Казахстана в 1950-1970 гг. в контексте истории повседневности
Автор(ы): Абдрахманова К. К.*Сактаганова З. Г.*
Объем документа: C. 24-27
МРНТИ: 03.20.55*
Ключевые слова: история повседневности*Советский Союз*Центральный Казахстан*общественное питание*рацион*снабжение*потребитель*
Реферат: История повседневности - одно из перспективных направлений в современной исторической науке. В настоящее время, когда сняты идеологические ограничения, произошли координационные изменения в социальной, экономической и политической структуре общества. В связи с этим перед нами стоит задача - ввести новые архивные материалы в научный оборот. В статье автор рассматривает проблемы общественного питания в городах Центрального Казахстана в 1950-1970 гг. Автор анализирует такие вопросы как продовольственные трудности, продовольственное снабжение, рацион питания.