Реферат: Мақалада халқымыздың этномәдени жүйесiнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын қазақ батырларының қару түрлерiне және олардың қолданыс ерекшелiктерiне сипаттама берiледi. Мәселенiң тарихнамасына шолу жасалып, қару түрлерiнiң пайда болу және даму тарихы қарастырылады. Авторлар тарапынан қару түрлерiне терең талдау жасалып, қолданыс ерекшелiктерiне қарай: қорғаныс, шабуыл қаруы деп бөлiп қарастырылып, жасалу және даму тарихы жүйелi түрде сараланады.
Реферат: Гончарные мастерские дают представления о бытовом укладе горожан. В квартале гончаров присутствие и расположение гончарных мастерских дает представление о социально-экономическом уровне жизни гончара. Являлись ли найденные печи индивидуальной собственностью гончара, либо это была крупная мастерская, принадлежавшая совладельцам. В данной статье дается описание конструкции гончарных печей. Вопросы организации гончарного ремесла еще предстоит обозначить.
Реферат: Саяси билiкке қатысты тiл тарихымызда ғасырлар бойы талай қуғын-сүргiн күндер өткенi белгiлi. Есiмдерi терең тарихтың бетiнде алтын әрiппен өрнектелiп жазылған игi жақсылар, батыр, би-болыстар, хандар болған. Зерттеу жұмысымыз осындай тау тұлғалы, әр мiнездi ұйымдастыру қабiлетiмен дараланған қазақтың ханы Нұралы жайында және оның басқаруы кезiндегi әлеуметтiк-саяси оқиғалар сипатталады. Ханның билiк құрған тұсы аса арынды әлеуметтiк-саяси дүрбелеңдер орын алған. Отан тарихындағы маңызды кезеңдердiң бiрiн құрайды. Мақалада олардың негiзгi себептерi қарастырылады, сонымен қатар аталған өңiр қазақ қауымдарының шекаралас ресейлiк тұрғындарымен арадағы қарым-қатынастарының кейбiр тұстары сипатталады.
Реферат: Мақалада автор елiмiздiң тәуелсiздiгiн алғалы берi өз тарихымыз бен тiлiмiзге ерекше ден қойып, халқымыздың өткен тарихына ыждағаттылықпен қарау қажеттiлiгi жөнiнде зерттеушiлерiмiздiң еңбектерiнде келтiретiн тарих тағылымдары ашылады. Сонымен қатар көшпелiлер өркениетiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын қазақ мемлекетiнiң пайда болуы мен дамуының тарихы тереңде жатқанына және Қазақстан аумағында өмiр сүрген сақ, үйсiн, ғұн, қаңлыларда мемлекеттiк белгiлер пайда болғандығы баяндалады. Қазақ хандығының құрылуы туралы мол мұрағат материалдарын пайдалана отырып, автор Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығының саяси жағдайына тоқталады.
Қазақстан халқының бiртұтастығы-ел дамуының басты шарты
Реферат: Автор бұл мақалада республика халқының бiртұтастығын тiлге тиек ете отырып, елiмiздегi этносаралық татулық пен бiрлiктi нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударады. 1995 жылғы 1 наурызда ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен құрылқан Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы жылғы 20 жылдық мерейтойының аталып өтiлуi жөнiнде сөз болады. Қазiргi Қазақстан халқы - бiрлiгi мемлекеттiң стратегиялық мақсатына айналған ұлт пен этнос өкiлдерiнiң жүректерiнiң мейiрiмдiлiгi арқасында бiртұтастанудағы қауымдастық екендiгiне назар аударылады.
Әбжан және Уахит Темiрбековтер: әкенi балаға, баланы әкеге қарсы қою идеологиясы
Реферат: Тарихи тұрғыдан алғанда қазақ комитеттерi қазақ елiнiң табиғи өз ұлттық мемлекеттiгiне ұмтылысының, яғни оның өсу және кемелдену жолында тұрғандығының нақты көрiнiсi едi. Елдiң жеке аймақтарында осы процестi тура түсiнiп, оған атсалысқан адамдар аз болған жоқ.
Реферат: Мақала ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында көрнектi мемлекеттiк және қоғамдық қызметтер атқарған Ораз Жандосовтың саяси қуғын-сүргiнге ұшырауын зерделейдi. Автор мұрағат құжаттарының негiзiнде О.Жандосовтың қоғамдық-саяси қызметi үздiксiз партиялық және идеологиялық бақылауда болғанын ашқан. Оның қоғамдық-саяси тұлғасы сондықтан да коммунистiк партия ұйымдастырушысы ретiнде емес, отаршылдық пен әдiлетсiздiкке қарсы күрескер, ойлы ұстаз, парасатты басшы және iзгi ниеттi бастамалар мен үлкен әлеуметтiк өзгерiстердiң басы-қасында жүрген ел жанашыры, халқын алға бастаған өз ұлтының тiл азаматы ретiнде сипатталуы және құрметтелуi тиiс деп ойлаймыз.
Академик В. В. Бартольдтың өмiрi және ғылыми қызметiнiң басталуы
Автор(ы): Нұрпейiс Т. Ә.*
Объем документа: C. 159-166
МРНТИ: 03.01.09*
Ключевые слова: Средняя Азия*Казахстан*востоковедение*историческая наука*колониальная политика*шовинизм*политические события*общественный строй*заниматься наукой*академик*мировая наука*
Реферат: Автор бұл мақаласын Орта Азия мен Қазақстанның тарихына ғана емес, әлемдiк ғылымның дамуына қомақты үлес қосқан шығыстанушы ғұлама ғалым академик В.В.Бартольдтың өмiрi мен ғылыми қызметiнiң басталу кезеңiне арнап, қазан төңкерiсiне дейiнгi шығыстану ғылымы өз дамуының ұзақ та күрделi, ұлы жаңалықтар мен тамаша жеңiстерге толы үлкен жолын басынан кешiргенiн айта келе, бұл жолда, әрине, кез келген ғылым жолында болатын қателiктер де болмай қалған жоқ екенiн нақтылайды. Ресей сияқты саяси оқиғалары аласапыран болып тұрған елде ғылыммен айналысу қиынның қиыны болып тұрғанда, бiр қоғамдық құрылымды екiншiсi күштеп алмастырып жатқан тұста, қазақ сияқты отарланушы елдердiң тарихы мен мәдениетiн жанашырлықпен зерттеу, басқа да шовинистiк көзқарастағы, орыстың отаршылдық пиғылдағы ғалымсымақтарға қарсы тұру, ғылымның тазалығы үшiн күресу әркiмнiң қолынан келе бермейтiн шаруа едi. Автор бұл мақаласында оқырман қауымға академик Василий Владимирович Бартольдты осы қырынан таныструды мақсат етiп отыр.
Академик В. В. Бартольдтың ғылыми жолсапарлары. В. В. Бартольд және Түркiстан археологиясы
Автор(ы): Нұрпейiс Т. Ә.*
Объем документа: C. 167-172
МРНТИ: 03.01.09*
Ключевые слова: научные командировки*архивохранилище*музей*научная система*ближное зарубежье*дальное зарубежье*Семиречье*история Туркестана*археологические памятники*монгольское завоевание*
Реферат: Автор бұл мақаласын алдыңғы мақаласының жалғасы ретiнде ғалымның тiкелей өз бiлiмi мен ғылыми деңгейiн арттыру мақсатында алыс-жақын шетелдерге жолсапарға шығып, Еуропаның озық ойлы ғылыми жүйесiмен танысып, мұрағаттар мен мұражайлардан мұсылман әлемiне байланысты, шығыс тарихы мен мәдениетiне қатысты материалдарды зерттеп, өзiнiң кең ауқымды ғылыми жұмысына қажеттiлерiн тiрнектеп жинағандығы туралы әңгiмелейдi. Ғылыми өмiрiнiң көп уақытын Орта Азия мен Қазақстанның тарихы мен Мәдениетiн зерттеуге арнағанына көңiл бөледi. Батыстан ғылым мен бiлiмнiң мол қорын жинақтаған ғұлама ғалым бар күшiн Түркiстан тарихы мен археологиясын зерттеуге жұмсайды. Түркiстанда археологиямен шындап айналысатындардың үйiрмесiн ашып, өлкеде археологияның ғылым ретiнде қалыптасуына жол ашады. Археологиялық ескерткiштердi бей-берекет тонап, вандалдықпен айналысатындарға қарсы шықты. Монғол шапқыншылығы кезiндегi Түркiстан, Жетiсу тарихының очерктерi деп аталатын сүбелi еңбектерi жарық көргендiгiне мән бередi.
Қазақ химигi, техника әскер генерал-майоры Шәуiр Жексенбаев жайлы: жеке қор құжаттары негiзiнде
Автор(ы): Калиева Е. Т.*Ситақанов С. Д.*
Объем документа: C. 172-178
МРНТИ: 03.01.09*
Ключевые слова: Вторая мировая война*генералы*химические войска*химическая защита*Западное направление*Брянский фронт*военная безопасность*зажигательная АЖ-2 ампула*
Реферат: Мақалада Ұлы Отан соғысы кезiндегi кеңестiк қарулы күштер генералы Шакир Жексенбаевтың майдандағы әскери ерлiгi құжаттар негiзiнде баяндалады. Ш.Жексенбаев Қазақстандық армияның негiзiн салды, атты әскер армиясындағы эскадронының басшысының орынбасары қызметiн атқарған. Қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң (Орынбор) және Қазақстан әскери бiлiмi комиссары (Қызылорда) бастығы болып жұмыс iстедi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде оның басшылығымен жарылыс заттардың рецептiсiн жасалды. Қашықтан өртегiш ампула, авиациялық бомба, жоғары температурада жалын - лақтыру қоспасы, сигналдық және түтiндету құтылар дайындалды. Мұндай қарулар жаудың күш-қуатын әлсiреттi. Соғыс кезiнде Ш.Жексенбаев Батыс бағыттағы Брянск, Прибалтика, Ленинград майдандарының химиялық қорғаныс бөлiмдерiнiң бастығы қызметiн атқарды. Ол Ұлы Отан соғысында техникалық әскер генерал-майоры (1943 ж.) атағын алған тұңғыш қазақ жауынгерi болды. Генералдық жеке қорынан алынған архив құжатты тұңғыш ғылыми айналымға енiп отыр.