Реферат: Мақалада автор айтылған тарихты практикада қолдану мәселелiне тоқталып, зерттеулерде ауызша тарихи деректерде пайдалануы жайлы мағлұматтар бередi. Сонымен қатар ауызша тарих мәселелерiнiң отандық және шетелдiк тарихнамада қарастырылу ерекшелiктерi мәселесi қозғалады. Отандық тарихнамада айтылған тарих осы соңғы онжылдықтарда ғана серпiн ала бастағанымен, оның өзiндiк ерекшелiгi бар. Алдымен, бiздiң айтылған тарихтың американдық және европалық тәжiрибелерiн қорытып қолданысқа алу мүмкiндiгiмiз бар екендiгiне, ал отандық тарихнамада айтылған тарих соңғы онжылдықтарда ғана серпiн ала бастағандығы жөнiнде, оның өзiндiк ерекшелiктерiне мән берiледi. Сондықтан, автор ең алдымен, бiздiң айтылған тарихтың американдық және европалық тәжiрибелерiн қорытып қолданысқа алу мүмкiндiгiмiздiң бар екендiгiн назарға алады.
Особенности решения женского вопроса в традиционных обществах средней Азии и Казахстана в западной историографии
Реферат: Коренная трансформация традиционных обществ на колониальных окраинах Российской империи, предпринятая большевиками после Октября 1917 года вызывает особый интерес западных исследователей. Перенесение в культурно-историческое поле Средней Азии и Казахстана концептов теорий, так или иначе объясняющих природу и необходимость женской эмансипации и версии их практического осуществления даже под лозунгами равноправия, которые отвечали интересам социально обездоленных слоев населения на селе и люмпенов в городе, по своей природе и методам осуществления рассматривается как вторичная постколониальная внутренняя революция. Большое внимание, которое уделялось западными исследователями аспектам радикальной ломки традиционных обществ через гендерную проблематику, позволяет выдвинуть предварительную гипотезу, согласно которой насильственное внедрение, а затем возрождение (начиная с позднего горбачевского периода) в регионе советской политики женского равноправия, и было формой вторичной постколониальной внутренней революции.
Реферат: Бұл мақалада ортағасырлық автор Ахмед Хазинидiң қолжазбасына талдау жасалып, қарастырылған. Диван атты шайх Ахмед Хазинидiң қолжазбасы жалғыз нұсқада, Түркияның Кония қаласындағы Мәулана музейiнiң кiтапхана қорында сақталуда. Диван шайхтың өзге еңбектерi сияқты сопылық шығарма болып табылады. Автор еңбекте Жаратушыға деген махаббатты, жалғыз хақиқатты өзiнше анықтап көрсетедi. Сонымен қатар қолжазбаны автобиографиялық шығарма деп айтуға болады. Шайх еңбегiнде өз өмiрi, сол кезең дәстүр т.б. туралы қызықты мағлұматтар бередi. Бiз шығармадан шайхтың сопылық iлiммен ғана шұғылданып қоймай, астрономия, музыка, медицинамен де айналысқанын бiлемiз. Сондай-ақ көрнектi шайыр болғанына куә боламыз. Қазiргi уақытта шайх Ахмед Хазинидiң бұл қолжазбалары Орталық Азиядағы сопылық iлiмдi, Йасауийа жолын зерттеудегi басты дереккөздерi қатарынан орын алады.
Магистранттар дайындауда тарихты оқытудың теориялық мәселелерiн жаңаша пайымдау
Автор(ы): Жұбаниязов И. Ш.*
Объем документа: C. 97-99
МРНТИ: 03.01.45*
Ключевые слова: общественно-экономическая формация*классы*революционная роль*теоретико-методологическая подготовка*историческая роль рабочего класса*классовое общество*марксистско-ленинское учение*
Реферат: Мақалада магистранттарға тарихты оқыту негiзiнде Кеңес дәуiрiнде қалған тап, таптық қоғам, таптық күрес немесе қоғамдық-экономикалық формация ұғымдары кездесетiнi, зерттеушiлер әртүрлi сипаттама беретiнi атап көрсетiледi. Әсiресе Лениннiң таптарға берген анықтамасын өзгертудi қажет етедi. Сондықтан соңңы кездегi тарихшы зерттеушiлердiң таптарға жаңаша түсiнiктеме берiп, Ленин идеясының дәрменсiздiгi және мәңгiлiк идея емес екендiгi көрсетiлген. Маркстiк-лениндiк iлiм негiзiнде қалыптасқан теориялық тұжырымдардың қазiргi жаңарған қоғамдық-экономикалық қатынастар жағдайында қаншалықты үйлесiмдiлiгiн ажырата бiлу белгiлi бiр дәрежедегi теориялық-әдiстемелiк дайындықты қажет етедi. Сондықтан магистранттардың бойында жаңаша түсiнiктердi қалыптастыратын жаңа ғылыми сипаттағы әдебиеттер арқылы тарихты оқытудағы жаңа көзқарастардың ерекшелiктерiн айқындайтындай жағдай туғызу қажет.
Жоғары оқу орындарындағы кәсiби бағдарлы шет тiлi: мәселелерi және iзденiстер
Автор(ы): Сулейменова О. Я.*Турумбаева Р. Р.*Шайхова М. А.*
Объем документа: C. 100-103
МРНТИ: 14.35.09*
Ключевые слова: профессиональный иностранный язык*профессиональная лексика*профессиональное отношение*профессиональное направление*социальное направление*психологическое состояние*исследовательская работа*навыки говорения*коммуникативные навыки*работа с текстом*ролевые игры*
Реферат: Бүгiнгi таңда Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы басты мақсаттарының бiрi ретiнде әлемдiк деңгейдегi бәсекеге қабiлеттi елу елдiң қатарына ену бағыттары адамды жоғары маңызды құндылық деп танып, қоғамның дамуының өзегi болып табылатын болашақ мамандарды кәсiби даярлау сапасын жетiлдiрудi басты мақсаты болып табылады. Елiмiзде шет тiлдерi оқытудағы инновациялық өзгерiстер тарих бiлiмi үшiн де маңызды. Себебi, қазiргi заманда тарих ғылымына да пәнаралық байланыстарды дамыту тән деп бiлемiз. Екiншi жағынан, ғылым мен мәдениеттiң жаңа танымдық мәселелерiн, жаңа теориялық, әдiстемелiк тұжырымдарды меңгеру қажет екендiгi баршаға мәлiм. Мақалада қазiргi кезеңде шет тiлдерiн жоғары оқу орындарында жеткiлiктi дәрежеде оқытудың және оқытудың инновациялық әдiстерiн жетiк меңгере отырып қабылдауға жеткiзудiң айтарлықтай жақсы жетiстiктерге жеткiзерi баяндалады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк орталық музей қорындағы қола дәуiрiнiң тас құралдар коллекциясы
Реферат: Мақалада Қазақстан Республикасы мемлекеттiк орталық музейi қорында жинақталған қола дәуiрi қоныстарынан табылған тас құралдардың зерттелу жағдайы, дереккөзi ретiндегi мәнi қарастырылады. Зерделенген тас құралдар Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының (жетекшiлерi Ә.Х. Марғұлан, М.К. Қадырбаев, Ж. Құрманқұлов) Солтүстiк Бетпақдаланың Атасу аумағындағы қола дәуiрiнiң Атасу I, Атасу II, (Ақмұстафа), Мыржық сынды қоныстарында ондаған жылдар бойғы iзденiстерi нәтижесiнде табылған құндылықтар. Құралдың сыртқы бетiндегi түрлi белгiлер - сызат, опырынды, жарықшақ немесе минерал, т.б. қалдықтар негiзiнде құралдың нақты қандай iске қолданылғаны жалпы ежелгi қоғам экономикасындағы өндiрiстiк үдерiстi пайымдауға мүмкiндiк бередi. Музей қорындағы тас құралдар Қарағанды облыстық тарихи өлкетану музейi, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетi жанындағы Сарыарқа археологиялық институты музейi қорындағы тас құралдармен салыстыра-салғастыра, ортақ белгiлерi екшелене зерделендi. Визуалды және трасологиялық талдау нәтижесi негiзiнде артефактiлердiң көпшiлiгi тау-кен iсiнде, металлургия саласында минералдарды өндiру, өңдеу, балқыту-қорытуға дайындау және дайын өнiмдi өңдеуге қолданылғаны анықталды. Сонымен, зерделенген тас құралдар қола дәуiрi тайпаларының шаруашылығында алдыңғы тас ғасырында iске жаратылған дәстүрлi тас құралдардың қолданыс аясы кеңейiп, тасты өңдеу әдiс-тәсiлiнiң барынша жетiлгенiн, яғни бұл кезеңде тiкелей тау-кен iсi, металлургия өндiрiсiне маманданған орталық, тұрақты қоныстардың болғандығын аңғартады.
Атасу мен Талдысай қоныстарындағы металлургиялық тас құралдарына сараптама
Автор(ы): Ержанова А. Е.*
Объем документа: C. 111-114
МРНТИ: 03.41.91*
Ключевые слова: переселение*руда*металлургия*каменные орудия труда*трасология*классификация*
Реферат: Мақалада Орталық Қазақстан аймағында орналасқан қола дәуiрiне жататын екi iрi кен орындары Атасу микроауданы мен Талдысай микроауданынан қазба жұмыстарының барысында табылған тас құралдары мен бұйымдарын трасологиялық сараптаудан өткiзiп, шаруашылықта қандай қызмет атқарғанын анықтау, топтау, жiктеу, өңдеу техникасының ерекшелiктерiн айқындау тұрғысында қарастырылған. Орталық Қазақстан аймағындағы металлургия саласымен айналысқан қоныстар мен шеберханалардың пеш құрылысында аздап ерекшелiктер болғанымен олардың барлық кен өндiрiсiнде пайдаланылған барлық тас құралдарының қызметi бiрдей. Трасологиялық тұрғыдан зерделенген барлық материалдардың нәтижесi бойынша бiз қола дәуiрiнiң металлургтер қоныстарындағы тұрғындардың өмiр сүру кезеңiнде кен өндiрiсi мен қола бұйымдарды құю, экспорттау алғы орында тұрғанын анық айта аламыз.
Georader researches of the citadel of the settlement of Dzhankent
Автор(ы): Ilin R. V.*Sorokin D. V.*Chizhikov D. S.*
Реферат: Results of georadar researches of the top layers of a citadel of the medieval ancient settlement Dzhankent are presented in article. The anomalies of density of soil revealed on one of sites, are interpreted as the remains of square and rectangular rooms. Nature of building and planning on a site coincides with the already earlier studied.
Семантика казахского национального орнамета и его применение в одежде
Реферат: В данной статье предпринята попытка раскрытия смыслового содержания казахских узоров-орнаментов и применения их в национальной одежде. Национальный орнамент представляет собой один из наиболее ярких разделов художественного творчества казахского народа, являлся неотъемлемой частью его духовной жизни. Он тесно был связан с бытом народа, с его обрядами и обычаями, развивался на основе преемственности поколений, сохранения и развития лучших традиционных и художественных форм. Истоки его уходят в далекую древность. Любой кочевник с детства знал символику орнамента и мог расшифровать его смысл. На сегодняшний день, к сожалению, в Казахстане почти не осталось мастеров, знающих и владеющих старинными секретами изготовления национальных орнаментов, проблема сохранения казахского народного творчества стоит очень остро, богатейшие традиции и навыки, применяемые в декоративно-прикладном и орнаментальном искусстве - теряются. Например, сегодня в ковроткачестве используется только 50 узоров - орнаментов из 200-т, применяемых ранее. Поэтому одной из важнейших задач нашей республики в современных условиях по-прежнему является возрождение, сохранение, изучение и пропаганда художественного наследия казахского народа.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк орталық музейдiң археология қорындағы қола дәуiрi коллекцияларының қалыптасу тарихы
Реферат: Аталмыш мақалада Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк орталық музейдiң археология қорындағы қола дәуiрi коллекциясының қалыптасу тарихы баяндалады. Осы мақаланы дайындау барысында Солтүстiк Қазақстан музей бiрлестiгi мен ҚР МОМ-ның есепке алу бөлiмi мұрағатының есепке алу және мұрағат құжаттары пайдаланылды. Сонымен қатар еуразиялық даланың қола дәуiрi мәселелерiмен айналысатын археолог ғалымдардың да еңбектерi қарастырылды. Мақалада Орталық және Шыңыс Қазақстанның археологиялық экспедицияларын әр жылдары басқарған атақты ғалым-зерттеушiлер Ә.Х. Марғұлан, Ә.М. Оразбаев, М.Қ. Қадырбаев, Ж.Қ. Құрманқұловтар жүргiзген қазба жұмыстарында ҚР МОМ-ның қатысуымен қатар аталған өңiрлердiң ескерткiштерiн зерттеуде өз үлесiн қосқаны жөнiнде де деректер берiлген.