Реферат: Расширение информационной базы для общественных наук, архивным учреждениям Казахстана предстояло изучить перечни по ограниченному использованию документальных материалов. С распадом СССР, у Республики Казахстан возникла острейшая потребность в правовой защите архивных ценностей на территории республики как национальное богатство и культурно-историческое наследие ее народа. Возникли трудности, связанные со своевременным рассекречиванием архивных документов, изучением подходов к их рассекречиванию, принятием закона о госсекретах архивных документов. Поступление на архивное хранение секретных документов без установления срока их рассекречивания, приводило бы к накапливанию новых секретных массивов. Предприятиям и организациям отрасли было предложено: устанавливать срок рассекречивания документов при подготовке их к передаче на государственное хранение. В этом случае одновременно с проведением экспертизы ценности документов эксперты обязывались готовить и мотивированные заключения о сроках пересмотра или снятии грифов секретности отдельных документов без их дополнительного анализа. Технические работы по снижению грифов секретности, переводу дел и документов на общее должны осуществляться под руководством сотрудников архивов с привлечением представителей организаций - фондообразователей. Новые экономические отношения предполагают определенную материальную заинтересованность всех лиц, участвующих в рассекречивании архивных документов.
Ғ. Мүсiрепов еңбектерiндегi қазақ халқының қалыптасу мәселелерi
Реферат: Қазақ халқының қалыптасу тарихы әлi де болса көптеген мәселелерi айқындалмаған күрделi проблемалардың бiрi. Бұл мақалада алғаш рет Ғ. Мүсiреповтiң жеке мұрағаттық қорындағы еңбектерi негiзiнде қазақ этнонимi және қазақ жүздерiнiң қалыптасуы жөнiндегi көзқарастарының тарихи негiздерi туралы мәселелер талданады. Автор Ғ. Мүсiреповтiң тарихи деректердi және жекелеген тарихшылардың еңбектерiн пайдалана отырып тарихи шындықты айқындауға ұмтылғандығын көрсетедi.
Қазақ газетiнде жарық көрген Қытайдағы қазақтарға қатысты хабарлар мен мақалалардың этнографиялық көрiнiсi
Реферат: Қытайдағы қазақтарға қатысты алғашқы қазақ баспасөзiнiң бiрi - қазақ газетiнде үлкендi-кiшiлi танымдық мақала, хабарлар жарық көрген. Олардың мазмұны әралуан болғанымен, көпшiлiгi тарихи-этнографиялық сипатқа ие. Сонымен бiрге басты назар оқу-ағартуды жолға қойып, халықтың сауатын ашуға бағытталған. Осы мақсатты орындай бастаған жекелеген көзi ашық, көкiрегi ояу зиялы азаматтар мен ел басқарушылардың аттары аталып, жасаған iстерi айтылады. Жергiлiктi жердегi басқару құрылымдары тiлге тиек етiледi. Әрбiр жазбаның қазақ тарихына қатысты мәнi мен маңызы бар болғандықтан, жеке талдау жасауға тура келедi. Сол арқылы жалпы жұртқа бейтаныс тарихи тұлғалар мен олардың еңбектерiн көлемдi, жүйелi зерттеу қажеттiлiгi туындайды. Мақала барысында қазақта жарық көрген мән-маңызы тереңдеу тақырыптардағы жазбаларға салыстырмалы түрде анализ жасалды. Сол арқылы алдағы уақыттағы зерттеушiлерге дереккөз ретiнде нақты мәлiметтер ұсынылып отыр.
Елiмiздiң мұрағат қорларына Қазақстан тарихы туралы мұрағаттық құжаттардың жинақталуы
Реферат: Бұл мақалада елiмiздiң мұрағат қорларына Қазақстан тарихы туралы мұрағаттық құжаттардың жинақталу үрдiсi туралы мәселелер қарастырылған. 1918 жылғы 1 маусымдағы РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесiнiң РСФСР-дағы мұрағат iстерiн қайта құру және орталықтандыру атты декретi Қазақстандағы мұрағат iсiнiң дамуына жол ашып берумен қатар, Қазақстан тарихы туралы мұрағаттың құжаттарды елiмiздiң жан-жағынан жинақтауға негiз болды. Кеңес өкiметiнiң мұрағат iстерi туралы қабылдаған актiлерi негiзiнде Қазақстанның әр аумағындағы мұрағаттарды бiр ретке келтiру, мекемелердiң құжаттарын аман сақтап қалу, сонымен қатар жергiлiктi жерлерде губерниялық мұрағаттарды ұйымдастыру туралы мәселелелерi қарастырылған. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк мұрағатында XVIII ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап бүгiнгi күнге дейiнгi кезеңдi қамтитын 1,5 миллиондай құжаттар сақталынған. Мақалада елiмiздiң ең iрi мұрағат қоймасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк мұрағатына Қазақстан тарихы туралы мұрағаттың құжаттардың елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен, сонымен қатар көршi елдердiң мұрағаттарынан жинақталуы және оған өз үлесiн қосқан мемлекет қайраткерлерi мен мұрағат қызметшiлерiнiң еңбегi туралы айтылады.
Реферат: Мақала Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк мұрағатындағы шетелдiк мұрағат қорларынан әкелiнген тарихи құжаттардың маңызын, ролi мен ерекшелiгiн анықтауға арналған. Автор мақала құрылымының алдыңғы бөлiгiнде тақырыптық мұрағаттану ғылымы саласындағы маңызына назар аудара отырып, мақалада қозғалатын мәселенiң өзектiлiгiн анықтауға талпынған. Мақалада шетелдiк мұрағат қорларынан әкелiнген құжат көшiрмелерiнiң бiрқатарының аты аталып, олардың тарих ғылымына тигiзер үлесiне баса назар аударылған. Автор мақалада Орталық мұрағаттың тарихи құндылықтар мен жәдiгерлердiң ең елеулi ошағы екендiгiн бiрнеше мәрте атап, бұған дәлел ретiнде мұрағат қорларындағы құжаттар негiзiнде жазылған зерттеушiлердiң еңбектерiн келтiредi. Сондай-ақ автор шетелдiк мұрағат құжаттарының көшiрмелерiн елiмiзге әкелу шараларында басты роль атқарған Мәдени Мұра бағдарламасының маңызына тоқталған. Бағдарламаның iс жүзiнде жүзеге асуына тiрек болған елiмiздiң белгiлi қайраткерлерiнiң де есiмi аталып, автор олардың мәдени жәдiгерлердi жаңартудағы еңбектерiне тоқталады. Мақалада Орталық мұрағаттың тарихи сатыларына және мұрағатқа арнайы келiп, тарихи зерттеулер жүргiзiп жүрген шетелдiк зерттеушiлерге назар аударылып, аталмыш үдерiстiң жылдан-жылға артуының өзiн автор мәдени ошақтың тек Қазақстан үшiн ғана емес, елден тыс аймақ азаматтарының ғылыми зерттеулерi үшiн де таптырмас қорға бай екендiгiнiң белгiсi деп табады. Мақала жалпылама тiлмен жазылған. Автор мақалада тарихи деректерден гөрi, интернет жүйесiндегi жаңа ақпараттық мағлұматтарға көбiрек жүгiнедi. Мақала соңында автор тарапынан ғылыми байлам жасалады.
Қазақстан территориясындағы оқу-ағартушылық саласындағы кейбiр медреселерге шолу: ХIХ ғ соңы-ХХ ғ басы
Реферат: Мақалада ХIХ-ХХ ғасырларда Қазақстан территориясындағы бiлiм беру мен ағарту негiздерi қарастырылады. Мақалада зерттеу тақырыбы бойынша жаңа мәлiметтер мен ғылыми айналымда тотальдi талдауды қажет ететiн аз зерттелген тарихи деректер жалпыланған. Сонымен қатар, автор Оңтүстiк Қазақстан Облысы, Семей, Батыс Қазақстан және Башқұртстан территориясындағы оқу-ағартушылық саласындағы кейбiр медреселерге қысқаша шолу жасады.
Образование Семипалатинского отдела русского географического общества и его роль в исследовании Восточного региона Казахстана
Автор(ы): Еламанова А. С.*
Объем документа: C. 262-265
МРНТИ: 03.81.33*
Ключевые слова: русское географическое общество*Степной край*этнография*памятники*губерния*
Реферат: В данной статье рассматривается процесс становления Семипалатинского отдела Географического общества и ее роль в изучении истории и этнографии края. Работа по изучению края в некоторой своей части носила любительский характер, что однако не помешала собрать в крае весьма ценный материал. В ходе деятельности отдела практиковались экскурсии в окрестности Семипалатинска. Полученный таким образом материал научный материал, после соответствующей ее обработки, докладывался в собраниях членов в виде сообщении. Таким образом в данной статье автором проанализированы некоторые результаты исследовательской работы отдела в общих чертах. Например, деятелями географического общества обработаны и напечатаны обширные и ценные материалы по истории Степного края, собраны материалы о памятниках старины Семипалатинского края, а горными инженерами изучены вопросы железнодорожного строительства, некоторыми учеными изучены проблемы племенного животноводства и т.д.. Таким образом, автор пришел к выводу, что, научно - исследовательская деятельность охватила огромный район Семипалатинской губернии и прилегающих к ней местностей Семиречья и юга Сибири. Отдел уделял внимание не только вопросам географии, геологии, минеральных источников, полезных ископаемых, но и вопросам этнографии, фольклора, археологии и истории.
XX ғасырдың басына дейiнгi мерзiмдi басылымдардағы патшалық Ресейдiң отаршылдық бағыт көрiнiстерi
Реферат: Мақалада Қазан төңкерiсiне дейiнгi зерттеушiлер еңбектерiндегi отарлау саясаты мәселесi тарихнамалық тұрғыдан қарастырылады. Сонымен қатар Вестник Европы, Русский вестник, Московские ведомсти, Вопросы колонизации және т.б. басылым беттерiндегi рухани отарлауға қатысты мәлiметтер талданады. Сонымен қатар орыс тiлдi еңбектердегi рухани отарлау көрiнiстерi мен деректерi тарихнамалық тұрғыдан баяндалады.
Жеке кәсiпкерлiктегi құжаттаудың бүгiнгi кезектегi өзектi мәселелерi
Реферат: Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi дамытуға барынша көңiл аударылып, ол Заң жүзiнде өзiнiң шешiмiн тауып отыр, десек те, бұрынғыдай емес, мемлекеттiк тiлге деген салғырт, атүстi көзқарас жаңаша сипат алып келедi. Мәселе, ендi осы үрдiстi одан әрi дамыту, тiлдiң қолдану аясын барынша кеңейту процестерiн жетiлдiруде жатыр. Бұл ретте атап айту керек, мемлекеттiк тiл саясатында министрлiктер мен ведомстволарда, жекеменшiк кәсiпорындар мен серiктестiктерде, жергiлiктi жерлердегi атқару органдарында және ұйымдарда ресми iс қағаздарын жүргiзудi ең маңызды нысана етiп алған жөн. Ол үшiн мемлекеттiк тiлде iс қағаздарын қалыптастыруда қолданылып жүрген iс жүргiзу құжаттарының үлгiлерiн одан әрi жетiлдiрiп, оны жаңа талаптар деңгейiне көтеру қажеттiлiгi әлi де болса күн тәртiбiндегi мәселе екенi байқалады.
Талғар қаласының бiлiм беру саласының кейбiр мәселелерi
Реферат: Мақалада Талғар қаласындағы бiлiм беру мекемелерiнiң тарихына тоқтала отырып, автор олардың даму барысын қарастырады. Сонымен қатар қаладағы бiлiм беру саласына үлес қосқан азаматтар еңбектерiне шолу жасайды. Мақала барысында 1959-1991 жж. Талғардағы халыққа бiлiм беру мен оның әлеуметтiк жағдайын жүйелеген. Талғар орта бiлiм беру мекемелерiнiң де тарихы тереңде жатқандығы баяндалған.