Реферат: Мақалада автор қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты тарихи аңыз-әңгiмелер мен дерек мәлiметтерiнде кездесетiн тарихи фактiлерге тоқталады және оларды дәйектi дәлелдермен ашып көрсетедi. Тарихи-Рашиди еңбегiнiң авторы Мұхаммед Хайдар Дулатидың мәлiметтерiне қарағанда, Жетiсудың батыс жағында құрылған қазақ хандығының елеулi саяси күшке айналғаны және қазақ хандығы Моғолстанның iшкi саяси өмiрiндегi оқиғаларға тiкелей араласпаса да, саяси күш ретiнде ондағы билiк үшiн күресушi топтар арасында танылып, мойындала бастағанына ерекше назар аударады, Сондай-ақ, автордың пiкiрiнше, белгiлi зерттеушiлер К.А. Пищулина, Т.И. Сұлтанов т.б қазақ хандығы Шығыс Дештi қыпшақтағы жеке, дербес мемлекетке айналып, бүкiл аймақтағы саяси қарым-қатынастардың субъектiсi ретiнде көрiне бастағанын өз еңбектерiне арқау еткен.
Реферат: Мақала авторы келтiрiп отырған деректер жай айтылған немесе ойдан шығарылған мәлiметтер емес. Олар бүгiнгi күнге дейiн ел аузында сақталып келген деректер куәсi. Елiмiз егемендiгiн алып, еркiн даму жолына түскен сәттен бастап-ақ, қазақ халқының, үстiмiздегi жылы 550 жылдығы аталып өткелi отырған қазақ хандығының алғашқы ту тiккен жерiн айқындау мақсатында 1980 жылы автордың басқаруымен палеоэтнологиялық экспедиция өз жұмысын бастаған болатын. Мақалада автор жүргiзiлген экспедиция барысында жиналған хабарлар мен тарихи мағлұматтардың халқымыздың тарихын жазуда алатын орны ерекше екендiгiне тоқталып, оны мол тарихи дәлелдер келтiре отырып қарастырады. Автордың пiкiрi бойынша, әсiресе, қазақ хандығының құрылған жерi Хантауы, хан таңы, хан оры, Жәнiбек ханның қыстауы, хан сатысы т.б. хан атымен байланысты орындар бiздiң ұрпақтарымыздың жадында мәңгi сақталуы тиiс.
Реферат: Мақалада Қазақстан аумағында б.з.д. бiр мың жылдықтан б.з. ХV ғасырына дейiнгi этностардың қазақ ұлты болып қалыптасу процесiне және қазақ хандығының құрылу негiздерiне талдау жасаған. Автор қазақ халқының этногенезiн ертедегi Тиграхауда сақтар (Tiqrahauda), үйежылер (юэчжи - Rouzhi) үйсiндер, қаңлылар және яньцайлар (аландар) құрайды. Кейiн оларға түркi тектес ру-тайпалар үздiксiз қосылып, өзара сiңiсу және бөлiнуi барысында, олардың әлеуметтiк шаруашылық формасы мен тұрыс формасының айқындалып, этонмәдениетi қалыптасты, яғни олар Түркi қағанаты, исламдану кезеңi, қыпшақ-Жошы ұлысы дәуiрлерiнде үлкен трансформацияны бастап кешiру арқылы, негiзiнен қазiргi Қазақстан аймағындағы этностар ХV ғасырда дербес қазақ ұлты болып қалыптасты. Қазақ ұлты қалыптасқандықтан ұлттық мүдденi қорғау үшiн ұлттық мемлекеттiк билiк - қазақ хандығы құрылды деп тұжырымдайды.
Профессор Ж. Қ. Қасымбаев еңбектерiндегi қазақ хандығы құрылуы уақытының мәселесi
Реферат: Автор өз мақаласын белгiлi ғалым, бүкiл ғұмырын отан тарихына қызмет етуге арнаған профессор Ж.Қ. Қасымбаевтың қазақ хандығының құрылу уақыты мәселесi төңiрегiндегi зерттеулерi мен деректерiн, ой-түйiндеулерiн ашып көрсетуге арнаған. Сонымен қатар мақала авторы ғалымдар мен зерттеушiлердiң зерттеулерi мен еңбектерiн, ой-тұжырымдарын саралай келе профессор Ж.Қ. Қасымбаев әйгiлi зерттеушi К.Пищулинаның пiкiрiн қолдайтынын алға тартады. Үстiмiздегi жылы 550 жылдығы кеңiнен аталып өтiп жатқан қазақ хандығының мәселесi көптеген ғалымдардың ғылыми iзденiстерiне арқау болып, өсiп келе жатқан жас ұрпақтың сана-сезiмiнiң арта түсуiне аталған тарихи датаның маңызы өте зор екендiгiн айрықша назарға алады.
Реферат: Мақала ХХ ғасыр тарихының аса қасiреттi парақтарының бiрi болған - Ұлы Отан соғысының мәселесiне арналған. Биылғы жыл Ұлы Жеңiстiң 70 жылдық мерекесi жан-жақты аталып өтуде. Дегенмен, елiмiз егемендiк алған кезден бастап-ақ, тарихтың ақтаңдақ беттерiн қайта қарауға мол мүмкiндiк алдық. Кеңес Одағының құрамында болған қазақ халқы да бұл соғысқа бiр кiсiдей жұмылдырылғаны тарихтан белгiлi. Басымызға қиын-қыстау күн туған кезде Қазақстан да ел қорғанысын арттыруға айрықша үлес қосып, ортақ Жеңiстi жақындатқаны ақиқат. Ал кейбiр зерттеушiлер бұл соғысқа тек ресейлiк сипат бередi. Соғыс жылдары әрбiр төртiншi Қазақстандық қолына қару алып, әскер қатарына тұрды.
Творчество Д. Джабаева в годы Великой Отечественной войны
Автор(ы): Коккозова М. Б.*Бегалиева А. К.*Масимбаева А. А.*
Реферат: В данной статье раскрывается роль поэта как непоколебимая вера в торжество справедливого дела, непреодолимости мощи Родины, непобедимости советского народа и призыв к героическим подвигам. Все творчество Джамбула Джабаева стало сильным идейным оружием в борьбе против немецко-фашистского нашествия. Его песни звучали и в осажденном Ленинграде и Сталинграде, и в партизанских отрядах, и на предприятиях, публиковались в газетах, использовались в политработе действующей армии - все это свидетельствует об огромной общественной силе его песен, об их воздействии на разум и сердце слушателей, их служении делу победы.
Әдебиет пен өнер-жауынгерлер мен тылдағы халыққа рух берушi құрал (1941-1945 жж.)
Реферат: Мақалада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиет пен өнердiң Кеңес жауынгерлерi мен тылдағы халықты жеңiске рухтандырудағы рөлi туралы мәселе қарастырылған. Соғыс кезiндегi Қазақстанға Москва, Ленинград. Киев, Минск т.б, қалалардан эвакуацияланған әдебиет және өнер қайраткерлерiнiң республика мәдениетiнiң дамуына қосқан үлесi көрсетiлген.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нiң Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлары
Реферат: Мақала қазақ КСР-нiң еңбек сiңiрген өнеркәсiп қызметкерi, КСРО және Қазақстанның жер қойнауын барлау үздiгi, Қазақстанның құрметтi жер қойнауын барлаушы, геология-минерология ғылымдарының докторы, ҚР ұлттық инженерлiк академиясының академигi Берiкболов Бақытжан Рахметұлының өмiрi мен қызметiне арналған. Өз халқының игiлiгi үшiн аянбай еңбек еткен азамат Қазатоменеркәсiп ҰАК АҚ құрылғанына 10 жыл (2007), Қазақстан Конституциясына 10 жыл (2005) медальдарымен; 1-шi дәрежелi Қазақстан Республикасы атом өнеркәсiбiнiң Еңбек сiңiрген қызметкерi Алтын белгiсiмен (2007); ҚР инженерлiк iсiн дамытуға қосқан үлесi үшiн төсбелгiсiмен (2002); Жер қойнауын барлау үздiгi белгiлерiмен (1987,1991); Халықаралық инженерлiк академиясының дипломымен (2001) марапатталған. КСРО өнеркәсiбiне Еңбек сiңiрген қызметкерi (1988). КСРО жер қойнауының құрметтi барлаушысы, ҚР жер қойнауының құрметтi барлаушысы марапаттауларына ие болған.
Әлiби Жанкелдиннiң тұлға ретiнде қалыптасуы: өскен, бiлiм алған ортасы
Автор(ы): Мұратұлы Д.*
Объем документа: C. 228-235
МРНТИ: 03.01.09*
Ключевые слова: ПА РК*ЦГА РК*источник*исторический источник*письменный источник*Алиби Жанкелдин*личность*государственный деятель*
Реферат: Бұл мақалада автор Әлiби Жанкелдиннiң тұлға ретiнде қалыптасуын қарастырады. Мақалада зерттеу тақырыбы бойынша жаңа мәлiметтер жалпыланып, ғылыми айналымға, тотальдi талдауды қажет ететiн, аз зерттелген тарихи деректер енгiзiлген. Атап айтқанда, ҚР ПМмен ҚР ОММ-дағы кейбiр мұрағат мәлiметтерi. Сонымен қатар, Әлiби Жанкелдиннiң отбасы мүшелерi туралы ақпарат берiледi; осы тарихи тұлғаның дiни тиiстiлiгi мәселесi туралы, болашақ революционердiң бiлiмi туралы, болашақ Дала өлкесiнiң Төтенше комиссарының бiрiншi неке қиюы туралы, болашақ КСРО мемлекет қайраткерiнiң бiрiншi орыс революциясы кезеңiндегi қызметi туралы жете айтылады.