Реферат: Бұл мақалада энергетикалық қауiпсiздiктiң қалыптасуы мен дамуы мәселесi қарастырылған. Мәселенi зерттеу үшiн энергетикалық қауiпсiздiктiң қалыптасу және даму тарихына назар аударылады. Энергетикалық қауiпсiздiк мәселесiн шешу қағаз жүзiнде алғаш болып 1960-шы жылдары қабылданған энергоресурстарға деген егемендi құқықтарды таныған БҰҰ Резолюциясынан бастауын алса, iс жүзiнде мәселе тiптi Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында да туындаған екен. Ал У. Черчилльдiң бастамасымен мұнайдың әлемдiк энергетикадағы рөлiнiң артуы Батысты ұзақ уақыт ресурстарға ие мемлекеттерге тәуелдi еттi. Халықаралық қатынастардағы өзара тәуелдiлiк бұны ғаламдық мәселеге айналдырып отыр. Осылайша, бүгiнгi таңдағы энергетикалық қауiпсiздiк жүйесi 1973 ж. араб мемлекеттерiнiң енгiзген мұнай эмбаргосына жауап ретiнде қалыптасты десе де болады. Энергетикалық қауiпсiздiк мәселесiнiң дамуы мен қалыптасуына 1973 ж. энергетикалық дағдарыс, ОПЕК және Халықаралық энергетикалық агенттiк сияқты ұйымдардың құрылуы үлкен әсерiн тигiздi.
Түркияның әлемдiк саясаттағы жаңа орны мен ролi. Сыртқы саяси аспект
Автор(ы): Абжапарова Л. Ж.*
Объем документа: C. 53-57
МРНТИ: 03.09.55*
Ключевые слова: геополитика*внешняя политика*Турецкая модель реформ*Ближний Восток*турецкий фактор*
Реферат: Мақалада автор жиырмасыншы ғасырдың аяғындағы әлемдiк дамудағы өзгерiстер, оның iшiнде КСРО-ның ыдырауы Түркия үшiн де, маңызды тарихи бетбұрысты кезең болғанына тоқталады. Қазiргi халықаралық қатынастарда Түркия мемлекетiнiң географиялық, экономикалық және саяси факторларына байланысты геосаяси, геоэкономикалық және геостратегиялық жағынан маңызды мемлекетке айналып отырғаны мәлiм. Автор Түркияның маңызды геосаяси факторға айналуының бiрнеше себептерiн аша отырып, қазiргi қалыптасып отырған халықаралық қатынастарда мемлекеттiң салмақты саяси ұстанымды таңдап, мүмкiндiгiнше ашық есiк саясатын ұстанып, теңгермелi дипломатияға сүйенетiндiгiне ерекше назар аударады. Сонымен бiрге сарапшылар Түркия премьер-министрi Р.Т. Ердоған зайырлы демократияның жақтасы етiп көрсететiн артықшылықтары мен оның экономикалық жетiстiктерiн мойындайды деген пiкiрдi алға тартады.
Дiн аралық келiсiм-Қазақстанның стратегиясын iске асырудың маңызды факторы
Реферат: Қазақстанның болашақ мiндеттерi стратегиясын iске асыру бойынша белгiленген мiндеттердi Қазақстан Республикасының орындалуы - елдiң барлық азаматтарын бiрiктiрген ұлттық стратегиясынсыз мүмкiн болмайды және де мұндай стратегия бар, оны ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынған. Бұл жаңа Қазақстандық патриотизм - ҚР көпұлтты және алуан конфессионалды қоғамның негiзi. Дiнаралық келiсiм жаңа Қазақстандық патриотизмнiң қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Бүгiнде Қазақстанда оның мемлекеттiк - қоғамдық дамуының әлеуметтiк-саяси контекстi орнықтырылған түрде дiнаралық конфигурацияны бiлдiредi. Қазақстанның барлық конфессияларының абсолюттi заңды теңдiгiне қарамастан, осы конфигурацияның орталығында нақтылы түрде Қазақстанның аса iрi дiндерi - ислам мен православие тұрады, олар өз мәнiнде және өз әрекеттестiгiнде елдегi дiнаралық тұрақтылықты қамтамасыз етедi. Ал ендi осы тұрақтылықтың негiзiнде ислам мен православиенi қоса алғандағы Қазақстанның барлық конфессиялары арасындағы қарым-қатынастар құрылады.
Реферат: Еуразиялық Одақ және Шығыс пен Батыс атты мақалада бүгiнгi жаhандану жағдайындағы әлемнiң басты мәселелерiнiң бiрi интеграция, халықтар достастығы мен бiрлiгi жайлы айтылған. Әлем үшiн және соның iшiнде бiздiң елiмiз үшiн Еуразиялық Одақ идеясы дамудың басты бағытына айналып отыр. Мақалада қазiргi заманның ерекшелiктерiн ескере отырып, ешқандай мемлекет өз бетiнше жеке бағытта дами алмайтындығы, сол себептi Еуразиялық Одақ идеясы болашақтың идеясы екендiгi баяндалған. Еуразия континентiнде мемлекетаралық, ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылық пен қауiпсiздiк, еуразиялық рухани келiсiм мәселелерi қарастырылған. Сонымен қатар, стратегиялық орналасуына орай елiмiз осы жолда Батыс пен Шығыс диалогының тетiгiне айналу мүмкiндiгi қарастырылған.
1990 жылдан кейiнгi кезеңде жаңа әлемдiк тәртiп мәселесi
Автор(ы): Ноғаева А.*
Объем документа: C. 67-73
МРНТИ: 03.09.55*
Ключевые слова: новый мировой порядок*система международных отношений*лидерство Соединенных Штатов*полярность*
Реферат: Бұл зерттеу жұмысында Жаңа әлемдiк тәртiп (ЖӘТ) 1990 жылдан кейiнгi кезеңге тән құбылыс ретiнде танылып, оның ерекшелiктерi ашылуға тырысылады. Сонымен қатар осы мақалада ЖӘТ әлемдiк саяси ойлар мен күш балансына ықпал етушi оқиғалардың пайда болуы нәтижесiнде қалыптасқан жаңа бiр кезең ретiнде зерттеледi.
Идея развития в казахской философии на основе культурных связей
Реферат: В представленной статье говориться о роли развития и прогресса в творчестве Ч.Валиханова. Согласно Ч. Валиханову, главным двигателем прогресса в области общественных явлений выступает развитие социальных, экономических и бытовых аспектов социума. Поэтому он подчеркивал, что для того, чтобы правильно оценить значение той или иной реформы, надо глубоко знать народ, его потребности, социальные цели, изучать его производство, экономическое и социальное бытие и далее: его сознание и духовную культуру.
Жан мен тән үйлесiмдiлiгi мәселесi және бүгiнгi жаhандану дәуiрiндегi қазақ жастарын патриоттық рухта тәрбиелеу
Автор(ы): Сүлейменов П. М.*Байназаров А. М.*Қалықов О. С.*
Объем документа: C. 79-84
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: бытие*дух*душа*тело*спорт*культура*гармония*интеграция*глобализация*патриотизм*национальное воспитание*уникальность*здоровый образ жизни*борьба*
Реферат: Мақалада философиядағы жан мен тән үйлесiмдiлiгi және жаhандану дәуiрiнде қазақ жастарын патриоттық рухта тәрбиелеу мәселесi қарастырылады. Жан мен тән үйлесiмдiлiгi адамдық өзiмдiк болмысқа қатысты - рух пен болмыс, материалдылық пен идеалдылық бiрлiгi негiзiнде айқындалады. Философиялық бiлiмнiң дүние, адам болмысының мәнi, мазмұны, құрылымына, басқаша айтсақ, тiлегiне сәйкес келетiн басты шарт екендiгi аталған мәселеге бүгiнгi ғылым интеграциясы мен философиялық көзқарас тұрғысынан келудi (ұсынады) қуаттайды. Осы мәселеге қатысты ұлттық рухани мұрамыз бен әлемдiк философиялық ой тарихына шолу жасалады. Дене тәрбиесi мен спортпен шұғылданудың адамзаттағы озбыршылдық, соғысқұмарлық, қиратушылық, қатыгездiк, руханисыздықпен ешқандай баланысты еместiгi анықталады. Елiмiздiң болашағы қазақ жастарын елiне, жерiне деген сүйiспеншiлiкке, адалдық пен имандылық, еңбексүйгiштiк пен адамгершiлiкке тәрбиелеу мен адамның өткен мен келешек алдындағы жауапкершiлiгi мәселесi қозғалады.
Parliamentery development in Kazakhstan under the new constitution
Реферат: The article studies some peculiarities of the development of legislative body in Kazakhstan from the historical and institutional perspective. Most exactly, this paper examines three Parliaments of Kazakhstan elected during 1995-2007. The author analysed activities of the legislatures of Kazakhstan both separately and in comparison with each other. Particular attention is paid to the relationship of Parliament with other branches of government.
Демографическая история Казахстана: историографический ракурс
Реферат: В статье дается общий анализ исследований, раскрывающих проблемы демографической истории Казахстана, обращается внимание на то, что их исследуют представители нескольких научных направлений: демографы, историки, социологи, экономисты, психологи и др. Расширяется исследовательский вектор, актуальными становятся проблемы формирования казахской диаспоры, репатриации и адаптации оралманов. Ученые обращают внимание на проблему сохранения этнической идентичности.
Түркi ғұламалары еңбектерiндегi харизматикалық лидердiң сипаты
Реферат: Осы мақалада харизма, харизматикалық лидер ұғымдарының мәнi ашылады. Түркi ғұламалары Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсiп Баласағұни, Қожа Ахмет Иассауи, Ахмед Иүгiнеки, Махмуд Қашғаридың еңбектерiнде берiлген харизматикалық лидер сипаттамасына талдау берiледi. Харизматикалық лидерге тән қабiлетттер мен қасиеттер, сапалар талданады және қорытылады.