Арнайы қоныс аударылған литвалық азаматтардың Қазақстанға қоныстануы
Автор(ы): Күрiшбекова А. Қ.*
Объем документа: C. 236-239
МРНТИ: 03.81.35*
Ключевые слова: 30-50-е годы ХХ века*вынуждены епереселенцы*политика спецпереселения*депортация*Казахстан*лагеря*литовцы*Литва*спецпереселения*концлагеря*Советский Союз*
Реферат: Бүгiнгi таңда көптеген мемлекеттер көпұлтты сипатқа ие. Соның бiрi бiздiң елiмiз болып табылатыны сөзсiз. ХХ ғасырдың 30-50 жылдары аралығында елiмiздiң аймақтарына күшпен қоныстандырылғандар көп едi. Бұл - Кеңес үкiметiнде өмiр сүрген халықтардың бастарынан кешкен қиын кезеңнiң бiрi. Жер аудару саясаты күштеп қоныс аударылған халықтардың тағдырына қатты әсер еттi. Республиканың iшiнде де оларды бiр жерден келесi жерге көшiрiп, арзан жұмыс күшi ретiнде пайдаланды. Қашып кету оқиғалары байқалған кезде арнайы жер аударылғандарды алыс аймақтарға қайта көшiру болды. Талай еңбектерден көрiп жүргенiмiздей осы кезеңдегi бiрталай ұлттық саны, олар жайлы мәлiметтер берiлгенiмен, кейбiр ұлт өкiлдерi назардан тыс қалып жатады. Сондай ұлттың бiрi - литвалық арнайы қоныс аударылғандар.
Қазақстан аумағының межелеуiне дайындығы мен барысы
Реферат: Мақалада тарихта әйгiлi болғандай 1924 жылы Орта Азия Республикаларын межелеу саясаты Большевиктер үкiметi таратылғаннан жүзеге асырыла басталды. Бұл саясат Қазақстанға өз әсерiн тигiздi. Саясаттың нәтижесiнде Қазақстан территориясының этникалық құрамы өзгерiске ұшырап, жер көлемi нақтыланды. Қазiргi таңда осы саясаттың салдарынан Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет болып табылады. Осы жұмысты межелеу саясатының Қазақстанның этникалық құрамына тигiзген әсерiн ғылыми тұрғыдан зерттеудi мақсат еттiк. Ғылыми жұмысты зерттеу барысында Ресей сондай-ақ Өзбекстан және өз елiмiздегi мұрағаттардағы материалдарды пайдалана отырып 1924 жылғы межелеу саясатының басты оқиғаларын және оның неден басталғандығы және бүгiнгi таңда сол саясаттың арқасында қандай жағдайға жеткенiмiз жайында айтылады және осы саясаттың барысында қатысқан iрi саяси тұлғалар жайында баяндалады.
Реферат: История исследований по реабилитации репрессированных народов, в том числе крымских татар, которые являются одним из этнических компонентов многонационального населения Казахстана и восстановления их государственности длительное время испытывала воздействие конъюнктурного колебания. В условиях господства моноидеологии и существовавшей в стране командно-административной системы управления обществом, недоступности к архивным документам практически была исключена возможность изучения названной темы. Между тем исследование различных вопросов реабилитационного процесса может иметь научное и практическое значение для выработки и проведения национальной политики как в Казахстане, так в и в других бывших республик СССР. Степень значимости этой темы значительно повышается в связи со строительством на современном этапе демократического правового государства.
Қазiргi халықаралық қатынастар жүйесiндегi Мысыр және оның сыртқы саясатының негiзгi бағыттары
Реферат: 2011-2012 жылдардағы Таяу Шығыс және Солтүстiк Африкадағы саяси жағдайдың ушығуы аймақтағы геосаси жағдайдың өзгеруiн туындатты. Осы орайда берiлген мақалада 2011-2012 жылдан кейiнгi Мысыр Араб Республикасының сыртқы саясатындағы өзгерiстерге талдау жасау мақсаты қойылған. Мысыр елiнде орын алып отырған саяси үрдiстер жалпы араб әлемiнiң, көршiлес суб аймақтардағы саяси жағдайларға өзiндiк ықпалы бар елеулi оқиғалардың қатарына жатады. Қазiргi таңдағы Мысыр мемлекетiнiң сыртқы саясатының маңызды мiндеттерiнiң бiрi Таяу Шығыстағы аймақтың державаға айналу болып табылады. Араб саясаткерлерi Мысыр елiнсiз соғыс болмайды, ал Сириясыз бейбiт өмiр жоқ деп айтады, сондықтан да Мысыр елiн Таяу Шығыс және Солтүстiк Африка аймағындағы қауiпсiздiк жүйесiнiң саяси құрылымын өзгертуге ықпалы бар мемлекет ретiнде қарастырған жөн.
Ауыл және қала тұрғындар санының даму тенденциясы (1959-1970 жж.)
Реферат: Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алғанға дейiнгi басынан өткен күрделi әлеуметтiк-экономикалық және саяси процестер халықтың демографиялық жағдайына да өзiндiк ықпал жасады. Мемлекет дамуының жаңа жолдарын табу, оның тиiмдi жолдарын анықтау, халықтардың дамуында тұрақтылықты сақтау үшiн олардың өткен тарихы мен бүгiнгi дамуына ғылыми талдау жасау өзектi мәселелердiң бiрi. Зерттеу барысында экономикалық, әлеуметтiк, сандық өзгерiстердi анықтауда демографиялық статистика материалдарын қолдану нәтижесiнде ауыл және қала тұрғындарының сапалық және сандық өзгерiстерi анықталды. Бүгiнгi күнде Қазақстан тәуелсiз әрi зайырлы мемлекет ретiнде дүние жүзiне танылды. Оның территориясы бұрынғы Кеңес Одағы жерiнiң 12,4 пайызын құраған. Мақалада осынша аумаққа қоныстанып отырған Қазақстан халқының 1959-1970-жылдар аралығындағы аймақтарға орналасуы қарастырылады. Сонымен қатар, ауылдағы табиғи өсiм мен қала халқы санының өсу себептерi және олардың сандық көрсеткiштерi анықталды. Мақалада кеңестiк кезең зерттеулерi мен қазiргi таңдағы ғылыми баспалардың материалдары қолданылды.
История организации и проведения пятого юбилейного саммита Шанхайской организации сотрудничества
Реферат: В данной статье рассматривается история организации и проведения пятого юбилейного саммита Шанхайской организации сотрудничества (2006 г.). В Шанхае подготовка к юбилейному саммиту началсь в мае, вся городская полиция была переведена на усиленный режим несения службы. Члены организации активно работали над превращением ШОС в анти-НАТО. От встречи в Шанхае организаторы саммита ожидали окончательного закрепления ШОС в этом статусе. Организация должна была внешне видоизмениться, впервые обрести генсека. Кульминацией юбилейного саммита стала итоговая декларация. Участники саммита ШОС выступили за укрепление взаимного доверия, дружбы и добрососедства, поощрение эффективного сотрудничества между государствами-участниками в политической, торгово-экономической, научно-технической, культурной, энергетической, экологической и других областях. Наряду с этими проблемами участники саммита отметили необходимость совместных усилий по поддержанию и обеспечению мира, безопасности и стабильности в регионе, построению нового демократического, справедливого и рационального политического и экономического международного порядка.
Вклад ярких представителей национальной интеллигенции в развитие образования в Казахстане начала ХХ века
Реферат: Мақалада ХХ ғасырға дейiн өмiр сүрген қазақтың ұлттық зиялылы өкiлдерiнiң жағдайы жайында баяндалады. ХХ ғасырға дейiнгi және ХХ ғасырдың басындағы патша өкiметiнiң отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық көтерiлiстердiң сол кезеңдегi қазақ халқының әлеуметтiк-экономикалық, саяси жағдайына тигiзген керi әсерi қарастырылады. Алайда ғасыр басындағы қоғамдағы түбегейлi өзгерiстер мен бiлiмнiң дамуы қазақ халқының, соның iшiнде ұлттық зиялы қауым өкiлдерiнiң рухани тағы басқа да салаларының дамуына, халқымыздың ұлттық сана-сезiмiнiң өсуiне, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-тұжырымдар мен көзқарастардың қалыптасуына зор ықпал еттi. ХХ ғасырдың басы интеллектуалды әлеуеттiң дамуының жаңа кезеңi болып табылады.
Реферат: Мақалада елдiң тарихын, мәдениетiн және өркениетiн айғақтайтын маңызды рөл атқаратын, тәрбиелiк орын - мұражай туралы қарастырылады. Адамдардың бұл күнде тарихқа ден қоя зер салуы артқан жағдайда мұражай үлесiне үлкен мiндет жүктеледi. Мұражайлық деректердiң ұлттық сана мен патриоттық сезiм қалыптастырудағы орны ерекше. Мұражай затының ерекше тұсы - психологиялық әсер бере алуы, яғни мұражай - елдiң тарихын, мәдениетiн және өркениетiн айғақтауда маңызды рөл атқаратын тәрбиелiк орын. Елiмiз егемендiк алып, мұражай iсiне жаңа талап қойылып, жаңа серпiлiс берiлдi. Мақалада мұражай экспозицияларындағы тарихи-мәдени мұраны көру, қабылдау, түйсiну арқылы тарихи жадыны тану, бiлу және еске сақтауға, мақтан тұтуға, сүйсiнуге, басқа елге көрсетуге мүмкiндiктер беретiн тұстар мен ерекшелiктер жайлы мәселелер қарастырылады. Мұражай жәдiгерлерi арқылы елiмiздiң халықаралық имиджiн қалыптастырып, тарихы мен мәдениетiнiң тереңдiгi мен оның мазмұнына, озық дәстүрлерiне көз жеткiзе аламыз. Мұражайлық мұраны жүздеген жылдар сақтау мүмкiндiгi мұражайлық тарихи деректердiң беретiн ақпараттарының, мұражайлық зат ретiндегi тарихи деректi нақты түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзуге ықпал етедi. Бұл мұражайдағы дереккөздердiң әлеуеттiк қасиетiнiң жоғарылығын көрсетедi.
Талғар қаласының пайда болуы мен зерттелу тарихынан
Реферат: Автор мақалада Талғар қаласының тарихи құндылықтары елеп-екшеленiп, пайда болу тарихы мен ғалымдардың құнды зерттеулерiне шолу жасалынды Талхир қаласы өз заманында халықаралық жергiлiктi сауда орталығы ретiнде де кеңiнен дамыған. Сауда қалалықтар өмiрiнде маңызды рөл атқарған. Сонымен қатар, Ұлы Жiбек жолында халықаралық сауда да қала тiршiлiгiне үлкен ықпал еткен. Себебi, Жiбек жолы дәл осы жерден жан-жаққа тарамдалғандықтан, Талхир керуен жолдарының тоғысқан жерiнде, түйiлiсiнде орналасқан. Талғар қаласы туралы Ш.Уәлихановтан басқа да ғалымдар мен саяхатшылар зерттеп, азды-көптi еңбектер жазған. Бүгiнгi таңда Талғар қаласының орнында болған Талхиз қалашығының жанынан ашық аспан астындағы археологиялық мұражай ашылды. Онда Талхиз орнынан табылған көне бұйымдар жинақтаулы.
Современные международные конфликты: причина, последствия, анализ
Автор(ы): Нұрлан А. Н.*
Объем документа: C. 271-275
МРНТИ: 11.25.31*
Ключевые слова: международный конфликт*политический конфликт*этнополитический конфликт*фактор*понятие конфликт*этносы*
Реферат: В данной статье рассматриваются проблемы международных конфликтах, каковы их причины, и существуют ли пути их разрешения? Одним из факторов, которые нарушают стабильность государств, является борьба за сферы влияния, за ресурсы и т.д. В связи с процессами глобализации, даже локальные конфликты имеют тенденцию к расширению и постепенному превращению в конфликты региональные, и даже мировые, что необходимо предотвращать. В связи с наличием ядерного оружия каждый международный конфликт несет в себе угрозу всему миру. Также при изучении конфликтов, нужно учитывать, что их характер в современном мире изменился, следовательно, для их урегулирования необходимо понимать их сущность. Конфликты являются неотъемлемой частью общественной жизни.