Автор(ы): Бегалиева А. К.*Жаппасов Ж. Е.*Әмiрханов М.*
Объем документа: C. 110-113
МРНТИ: 03.81.37*
Ключевые слова: новая экономическая политика*периодика*большевики*план*съезд*пленум*рынок*
Реферат: Мақалада жаңа экономикалық саясат тарихына қатысты деректер қарастырылып, оларға талдау жасалады. Азамат соғысының аяғында Кеңестiк Ресейде әскери коммунизм саясатынан келген жүйелi дағдарыс басталды. Оның алдын алу үшiн кеңес өкiметi 1921 жылы экономикада бiртiндеп реформа жүргiзiп, нарықтық қатынасты қалпына келтiру мақсатымен жаңа экономикалық саясатқа күштi. Дегенмен де ЖЭС Кеңес мемлекетi экономикасын дамытудың магистральды бағыты бола алмады. Ресей коммунистiк партиясының құжаттарын, мерзiмдi баспасөз материалдарын сипаттай отырып, ЖЭС жетiстiгi мен кемшiлiктерiн байқауға болады.
Ақ орда билеушiлерiнiң тарихы темiр әулетi тарихнамашыларының шығармаларында
Реферат: XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеу өткен ғасырдың бай мұрасымен тығыз байланысты. Олардың iшiнде бүгiнгi күнге дейiн ғылыми маңыздылығын жоғалтпаған парсы жазба деректерi ерекше орын алады. Мақалада қазақ хандығының құрылуының бастауы болған Ақ Орда мемлекетiнiң билеушiлерi тарихын темiрлiк деректер негiзiнде зерттеу қарастырылған. Темiр әулетi тарихнамашыларының шығармалары Ақ Орда мемлекетi мен оның билеушiлерiнiң тарихынан құнды мәлiметтер беретiн дерек көзi болып табылады. Бiржақтылығына қарамастан бұл деректер қолданыс аясынан өз орнын тауып келедi. Алайда әлi күнге дейiн бұл шығармалар деректiк талдауды қажет ететiн деректер қатарына жатады. Зерттеудiң басты мақсаты осы темiрлiк деректер бойынша Ақ Орданы билеген хандар жайлы мәлiметтердi топтастырып, салыстыра зерттеу. Автор мақалада өмiр Темiр тарихнамашыларымен берiлген Ақ Орда билеушiлерiнiң билеген жылдарын басқа да деректермен салыстыра зерттеу арқылы нақтылығын анықтауға тырысады. Сонымен қатар мақала авторы Ақ Орда мемлекетi билеушiлерiнiң билiк ету тәртiбiн рет-ретiмен көрсетiп бередi. Мақалада Ақ Орда мемлекетiнiң алғашқы билеушiсi Ерзеннен бастап, Ұрыс ханға дейiнгi оқиғалар Алтын Орда мемлекетiндегi жағдаймен байланыстырыла зерттелген.
Виртуалды музейлер кеңiстiгiндегi ақпараттық технологиялар
Реферат: Мақалада қазiргi таңдағы музейлердегi виртуалдандырудың өзектi мәселелерi мен оны жүзеге асыру жолдары және музейдегi ақпараттық технологиялардың қолданыстық маңызы қарастырылады. Қазiргi ақпараттық қоғамда музей iсiнiң даму перспективасын қарастыруда инновациялық әдiстi игеру керек. Осы тұрғыда ғаламтор жүйесi музейлерге жаңа жұмыстармен айналысуға мүмкiндiк бередi, сайт түрiндегi ғаламтор-медиалар ашудың музей әлемi кеңiстiгiн кеңейтуде, музейлердiң өз қорындағы құндылықтарын ақпараттандыру iсiнде маңызы зор. Заманауи музей өткендi сақтаушы ғана емес - осы шақтағы идеяларды қалыптастырушы. Жаңа технологиялардың және интербелсендi ақпараттық телекоммуникациялардың дамуы, қоғам ортасының өзгеруiне жаңаша көзқарасты талап етедi. Қазiргi таңда жаңа технологиялар бiздiң жеке және кәсiби өмiрiмiзде күннен күнге маңызды болып келедi және музей саласында да қызметтiң сапасын өзгертуге теңдессiз үлес қосары анық. Мақалада музей iсiне әлем музейлерi жүйесiндегi ақпараттық технологияны енгiзудегi мәселелерi мен әдiстерi қарастырылып, мультимедиялық жабдықтар базасын тәжiрибеге енгiзе отырып, ақпараттық жүйеге көшу жолдарының маңыздылығы мен қажеттiлiгi анықталады.
Билер институтының қазiргi заманғы Ресейлiк және қазақстандық тарихнамасы: зерттеудiң тұжырымдамалық әдiстерi
Автор(ы): Мажитова Ж. С.*
Объем документа: C. 123-127
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: российская и казахстанская современная историография*обычное право*институт биев*
Реферат: Мақалада XVIII-XIX ғ. қазақ қоғамынының дәстүрлi билер институтын зерттеудегi Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының зерттеушiлерiнiң қазiргi заманғы тұжырымдамалық тәсiлдерi қарастырылады. Кеңес Одағының ыдырауынан кейiн тарихшылар, заңгерлер және басқа да гуманитарлық бағыттардың өкiлдерi ескi таптаурынды концепциядан алшақ кетiп қана қоймай, дәстүрлi қоғам тарихын зерттеуде жаңа концептуалды бағыттарды құрастыру амалдарын жасады. Қазақтардың құқықтық институттарын, соның iшiнде бидiң тарихын зерттеуде заманауи ресейлiк және қазақстандық зерттеушiлердiң алдында ортақ ғылыми бағыттарды жасап шығару тұрды.
Рассекреченные архивы о внешнеэкономической практике казахской автономии. Смагул Садвокасов
Реферат: В данной статье рассматриваются экономическое наследие С.Садвокасова, по актуальны и достойна изучения. Смагул Садвокасов - неординарная личность и смелый организатор, труды и речи которого надолго оказались засекреченными Таким образом, рассекреченные ныне источники из фондов Кирпредставительство в Мнскве, КирЦИК и другие, 20-30-х годов ХХ в., дают поле для расширительного толкования этапов национально-государственной идентификации и роли отдельных руководителей в защите экономических интересов автономии. Ввод их в научный оборот расширяет представления о месте региона в социально-экономическом развитии Евразии, рыночных отношений периода НЭПа. СМИ (радио, печать) достаточно освещали интересы автономии и просвещали массы по важным вопросам. Так, будучи в 1924 г. председателем Госплана, С.Садвокасов, несмотря на препоны партийно-бюрократического свойства и ограничения национальной самостоятельности в выборе внешнеэкономической стратегии, сумел глубоко понять нужды республики и отстаивал принципиальные подходы.
Қазақ даласындағы жәдидтiк қозғалыс: қазiргi тарихнамадағы зерттеу проблемалары
Реферат: Мақалада жәдидшiлдiктi қазiргi гуманитарлық әдебиеттерде ХIХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың бас кезiндегi қазақ даласындағы ағартушылықтың кезеңi ретiнде зерттелуi мәселесi қарастырылады, солардың қатарында Орталық Азия, Ресей, АҚШ және Еуропа зерттеушiлерi де бар. Ресей империясындағы жәдидшiлдiктiң дамуын зерттеу, қозғалыстың қазақ қоғамының барлық салаларына кең құлаш жаюы мен енуiнiң ауқымын, атап айтқанда жаңа әдiстi мектеп және медресе ашуда, кiтапханалар мен мұсылман қайырымдылық қоғамдарын құруда, ұлттық басылымдардың дамуын көруге мүмкiндiк бередi. Тарихи зерттеулерге талдау жасау қазақ даласындағы жәдидтiк қозғалысты жалпы ресейлiк контексте қана емес, сонымен қатар араб елдерi мен Түркиядағы әлеуметтiк-саяси жағдайдың өзгерiске ұшырауы тарапынан да қарастыру қажет.
(Қазақ даласындағы жәдидтiк қозғалыс: қазiргi тарихнамадағы зерттеу проблемалары)
Реферат: Мақалада жәдидшiлдiктi қазiргi гуманитарлық әдебиеттерде ХIХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың бас кезiндегi қазақ даласындағы ағартушылықтың кезеңi ретiнде зерттелуi мәселесi қарастырылады, солардың қатарында Орталық Азия, Ресей, АҚШ және Еуропа зерттеушiлерi де бар. Ресей империясындағы жәдидшiлдiктiң дамуын зерттеу, қозғалыстың қазақ қоғамының барлық салаларына кең құлаш жаюы мен енуiнiң ауқымын, атап айтқанда жаңа әдiстi мектеп және медресе ашуда, кiтапханалар мен мұсылман қайырымдылық қоғамдарын құруда, ұлттық басылымдардың дамуын көруге мүмкiндiк бередi. Тарихи зерттеулерге талдау жасау қазақ даласындағы жәдидтiк қозғалысты жалпы ресейлiк контексте қана емес, сонымен қатар араб елдерi мен Түркиядағы әлеуметтiк-саяси жағдайдың өзгерiске ұшырауы тарапынан да қарастыру қажет.
Реферат: Эта статья посвящена социальным проблемам современного казахстанского общества в романе Г.Бельгера Разлад. Здесь рассматриваются разные аспекты разлада: в обществе, в семье, в казахском ауле. Автор также поднимает вопросы распада института семьи на фоне распущенности молодежи, ее безответственности и бездуховности. Тут остро поставлена проблема распада отношений отцов и детей, обнищания одних слоев населения и обогащения верхушки. В дано статье отмечается своеобразие языка и стиля писателя, его публицистичность и драматизм ситуаций. В этом исследуемом романе также говорится о проблемах старости и одиночества, любви к родине и смысле человеческой жизни; презрении к богатству и стремлении к счастью, которое невозможно без родины, любви и труда. Статья также отмечает интернационализм художественных произведений Г.Бельгера, их гуманизм и критическое отношение к негативным проявлениям в человеческом обществе.
Методологические подходы в изучении социокультурного развития новой истории Казахстана в ХIХ веке
Реферат: Данная статья посвящена рассмотрению проблемы методологии вопроса социокультурного развития новой истории Казахстана в XIX веке. Одним из важных методологических подходов является интегративный подход, позволяющий выявить возможность исследования имперской перспективы и раскрыть сложность формирования на национальных окраинах административно-бюрократической системы. По мнению автора, важным в теоретическом плане в исследовании предложенной проблемы является вопрос о рекрутировании нерусских народов в административный аппарат управления.
Mixed methods in historical, social and political sciences
Автор(ы): Meirmanov S. T.*Saliyeva D. O.*
Объем документа: C. 148-153
МРНТИ: 03.81.99*
Ключевые слова: количественные методы исследования*качественные методы исследования*смешанные методы исследования*
Реферат: This article tackles the possibility of integrating quantitative and qualitative research methods in Historical, Social and Political Sciences. It dwells on the epistemological differences of two research methods that further contribute to explaining paradigmatic and pragmatic stances on the use of mixed methods research. The article presents the research example that integrated the quantitative and qualitative research methods. The combination of secondary data analysis and in-depth interview shows that they complemented each other in studying the research question. The article discusses all the research stages from methods selection to data analysis. The authors present some research methods that could be effectively combined in the research.