Ключевые слова: современные металлические обработки*химические вещества*художественная обработка*
Реферат: Бұл мақалада металл өңдеу сабақтарынан бiлiм беруде шеберхана жағдайында өңдеу тәсiлдерiн қолдану жайлары қарастырылып тиiмдi мүмкiндiктерге сипаттама жасалған. Металл өңдеу iсiнiң ерте замандардағы бастауларынан деректер келтiрiлiп, металды бұрамалау, сымкәптеу, нақыштау мен созу жайлы айтылады, сондай-ақ гравирлеу, металл бетiне күмiс шабу, қарала жүргiзу және металл бетiне басқа металды шабу тәсiлiмен жапсыру амалдары айтылады. Осыған қоса күмiстi өңдеу тәсiлiне байланысты ерекшелiктер, күмiстiң сипаттамасы, сонымен қатар жез бен мыстың және алюминийдiң физикалық құрамдары мен өңделу сипаттамасы келтiрiлген. Жоғарыда аталған металдардан жасалған бұйымдарды дәнекерлеу тәсiлдерi, тазалау мен ағарту, егеулермен өңдеу, металдарды өңдеуде шеберхана жағдайында қолдануға келетiн термикалық және химиялық түрлерi, металдарды химиялық өңдеудегi сақтық шаралары мен химиялық құрамдар, металл бетiне қақ жапсыру тәсiлдерi, оларды қолдану шарттары, қандай металл бетiнде қандай қақ түстерiн алуға болатындығы мен алюминийдiң өзiне тән өңделу ерекшелiктерi сөз етiледi.
Ш. Уәлихановтың графикалық сурет-терiн оқытудың маңызы
Реферат: Бұл мақалада Шоқан Уәлихановтың графикалық образдық жұмыстарын арнайы көркем орта бiлiм беру орындарында оқытудың маңыздылығы туралы айтылғанымен оны бiлiм беру жүйесiнде Шоқан тану атты курсында немесе Қазақ өнер тарихы пәндерiнде оқыту мүмкiндiктерi туралы айтылған. Сонымен қатар Қазақстанның тарих, мәдениеттену, өнертану ғалымдарының еңбектерi жазылып деректермен дәлелденген. Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың суреттерiн қазақтың өнертанушысы Әлкей Хақанұлы Марғұланның сегiз кезеңдiк тақырыпқа бөлiп қарастыруы негiзiнде жасалған, Шоқан суреттерiн оқыту кезеңдерiнiң жiктемесi менШоқан графикасын оқытудың мүмкiндiктерiнiң жiктемесiне талдау жасалынып,оныарнайы көркем орта бiлiм беру орындары қабырғаларында, бiлiм алатын бiлiм алушыларға, қазақ халқының рухани құндылықтарын әлемге танытқан Шоқан Уәлихановтың мұралары мен оның бейнелеу өнерiндегi графикалық көркем бейнелерi арқылы жас ұрпақтың ұлтжандық қасиетiн қалыптастырып, ұлттық мәдени мол қазынаны, рухани тәжiрибенi тануға үйрету,оның бейнелеу өнерiнде алатын орны туралы ұсыныстар берiлiп талдау жасалған.
Музыка пәнiн оқытудағы инновациялық әдiстердiң мүмкiндiктерi
Реферат: Мақалада музыка пәнiн оқытудың сапасын арттыратын, оқыту үрдiсiн оңтайландыруды қамтамасыз ететiн оқытудың инновациялық әдiстерiнiң мүмкiндiктерi қарастырылған. Инновациялық жаңа әдiс тәсiлдердiң оқу үрдiсiнде жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызы мақалада жан-жақты қарастырылған. Оқытудың компьютерлiк технологиясы педагогикалық оқыту технологиясының құрамдас бөлiгi ретiнде оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу үрдiсiн тиiмдi басқаруға мүмкiндiк беретiнi айтылған. Мультимедианы, электронды кiтапханаларды мәтiндiк, графикалық, дыбыстық және бейне ақпараттар, интернет, т.б. көрнекi материалдарды музыка сабағында пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейiн қойып тыңдауына және алған мәлiметтерiн нақтылауға мүмкiндiк беретiнi жан-жақты талданған. Ақпараттық технологияларды қолдану оқушылардың белсендiлiгiн арттырып, сабақ нәтижелi бола түседi. Музыка сабағында оқушылардың пәнге қызығушылығын оятып, танымдық, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға мүмкiндiк беретiн инновациялық әдiс-тәсiлдердiң мүмкiндiктерiне сипаттама жасалған.
Реферат: Бұл мақалада жалпы педагогикадағы әдiстердiң музыкалық бiлiм беру саласындағы педагогикада да қолданылатыны қарастырылды. Олар: сөздiк, көрнекiлiк, салыстыру және т.б. Жалпы педагогикалық әдiстермен қатар өзiндiк музыкалық әдiстер де қалыптасты. Бұл ең алдымен, оқушылардың музыкалық iс-әрекеттерiнiң әр алуан түрлерiн қамтитын әдiстер. Оларға жататындар: эмоциялық драматургия әдiсi, музыкалық қорытындылау әдiсi, алды шолу, өткенге оралу, музыка туралытолғаныстар әдiсi, композициялық құру әдiсi, көркемдiк мәнмәтiндi құру әдiсi, интонациялық негiздегi көркемдiк пен техникалықтың өзара байланысы әдiсi. Бұл әдiстер оқушылардың музыкалық ойлауын, музыкалық қабылдауын дамытуға мүмкiндiк бередi.
Қазақтың зергерлiк әшекей бұйымдарының ұлттық мәдениетiмiздегi орны
Реферат: Қолөнер - ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан қастерлi өнер, атадан балаға мұра ретiнде бiзге жеткен дәстүрлi де халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзi. Қандай халықтың қолөнерi болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, салт-санасымен астасып қатар өркендейдi. Қолөнер адам баласының көркемдiкке, нәзiктiкке, сұлулыққа деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзiнше таңбалап бедерлеуiн, сұлулықты iздеуге деген құштарлығын танытады. Сан қилы кезеңдерден өтсе де, көркемдiк бейнелердiң өзiндiк ерекшелiктерiн бұлжытпай сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас ретiнде жалғасын тауып келе жатқан қолөнерiмiздiң iшiндегi киелi әрi күрделiлерiнiң бiрi - зергерлiк өнер.Зергер - сәндiк бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста. Зергерлiк - әшекейлi бұйым жасау өнерi. Зергерлiк өнерiнiң ұлттық мәдениетiмiзде тарихи орны ерекше болумен қатар, бiр жағынан халқымыздың материалдық мәдениетiнiң дәрежесiн көрсетсе, екiншi жағынан - рухани жан дүниесiн, философиялық, эстетикалық көзқарастарын бiлдiредi. Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде, халық өнерiн, салт-дәстүрiн меңгертуде зергерлiк өнердiң зор мәнi бар. Ұлттық мәдениетiмiздегi қолданбалы өнер халқымыздың тарихымен, ұлттық болмыс-бiтiмiмен, дүниетанымымен үндесе дамығанын көрсетедi. Тамырын тереңнен алатын қолданбалы өнердiң көрнектi саласы зергерлiк өнер тылсым сыры бар қасиеттi өнер, қастерлi кәсiп. Әсiресе, зергерлiк бұйымдардың iшiнде қазақтың қыз-келiншек, әйелдердiң тағынатын әшекейлерiнiң орны ерекше. Мақалада зергерлiк бұйымдарды негiзгi ұғым ретiнде ала отырып, оны тереңiрек қарастыруға, ұлттық мәдениетiмiздегi орнын тереңiрек түсiндiруге тырысамыз. Зергерлiк өнер туындыларының келер ұрпаққа берер тәлiмi, тәрбиелеу әдiстерiнiң пайдалы жақтары сөз етiледi.
Шығыс әскери жекпе-жек спортшыларының бастапқы дайындығының технологиясы
Автор(ы): Жүнiсбеков Ж. И.*Тәукейұлы С.*
Объем документа: С. 28-32
МРНТИ: 77.29.99*
Ключевые слова: восточные боевые единоборства*двигательная активность*педагогическое наблюдение*
Реферат: Ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттердi талдау мен ғылыми-практикалық конференцияларда сауалнама жүргiзу жолымен шығыс әскери жекпе-жек таеквондо мысалында бойынша жаттықтырушылардың тәжiрибесiн жинақтап қорыту, жеке әңгiмелесу, пiкiрсайысқа қатысу, сондай-ақ бейне түсiрушiлердiң нәтижелерiн, таеквондошылардың оқу-жаттығу барысы мен олардың жарыстық қызметiн педагогикалық тұрғыдан бақылауды талдау нәтижесiнде таеквондодағы жас спортшылардың морфологиялық, жас ерекшелiктерiн және қозғалыс қабiлеттерiн есептей отырып, олардың бастапқы дайындығының технологиясы анықталды. Бұл бiзге бастапқы дайындық технологиясын құрайтын төмендегiлердi анықтауға мүмкiндiк бердi: а) жекпе-жектiң құрылымы мен оның негiзiнде таеквондодағы, iс-әрекеттер мен негiзгi тәсiлдерiнiң сұрыпталуы және олардың желiсi кестесi құрастырылды; ә) таеквондошылардың жарыстық қызметтегi тиiмдi тәсiлдерi анықталды; б) таеквондошылардың басты қозғалыс қабiлеттерi мен спортшының бәсекелесушiлiк қабiлеттерiн дамытатын, таңдап алынған жарыстық бағыттағы қабiлеттер анықталып және сонымен бiрге айтылған қозғалыс қабiлеттерiн дамытудың құралдары мен бастапқы iрiктеудiң, бақылаудың сынағы болып табылатын жаттығулардың кешенi дайындалды; в) таеквондошы-жас өспiрiмдердiң қозғалыс қабiлеттерiнiң даму деңгейiн бағалау үшiн ұсынылған сынамалар бойынша бағалау межесi дайындалды; г) көпжылдық рухани және дененi жетiлдiру жүйесiндегi бастапқы дайындықтың мазмұны мен кезеңдерi; д) таеквондошылардың техникалық-тактикалық дайындығымен бiрге олардың бiрмезгiлдегi рухани-адами тәрбиесi; е) ерте мамандануды есептей отырып таеквондошылардың алдын ала және бастапқы дайындығының бағдарламасы дайындалды.
Poetics and spirituality in creativity of GulfajrusIsmsilova
Автор(ы): Karzhaubayeva S. K.*
Объем документа: С. 32-34
МРНТИ: 18.31.31*
Ключевые слова: театрально-декорационная живопись*художественная и эстетическая установка*театральная художница*
Реферат: Article is devoted the analysis of art and aesthetic installations in creativity of theatrical artist Gulfajrus Ismailova. The theatre poetics penetrates everything created by it works of painting. Images in easel and theatrical works of the artist - give rise to majestic sensation of harmony of the world, are filled by solemnity and unique magic of a theatrical aesthetics. Relaxedness of thinking, refinement and coloristic riches distinguish all inspired and high art of Gulfajrus Mansurovna Ismailova.
Управление качеством вне учебной деятельности студентов
Автор(ы): Джакубакынов Б. Б.*Кулатаев К. А.*
Объем документа: С. 35-41
МРНТИ: 14.35.09*
Ключевые слова: воспитательная работа*внеучебная деятельность*рейтинговая система оценки*
Реферат: Внеучебная деятельность призвана способствовать развитию духовного мира человека. Она помогает личности адаптироваться к условиям нового информационного общества. Поэтому наряду с результатами учебно-познавательной деятельности значимым объектом оценки качества профессиональной подготовки являются индивидуальные достижения студентов во внеучебной деятельности В условиях вуза оценка внеучебной деятельности студента должна быть комплексной, состоящей из показателей исследовательской, социальной общественной и спортивной деятельности студента во внеучебное время. Критериями качества соответственно являются исследовательская, социальная общественная и спортивная активность студента. Описанная в статье модель системы контроля и оценки качества внеучебной деятельности студентов должна быть органичной частью вузовской системы оценки качества профессионального образования, обеспечивать сотрудничество, системность, непрерывность и объективность при осуществлении функций контроля в едином пространстве управления качеством подготовки специалистов.
Реферат: Мақалада қазақ музыкасының мазмұнын беретiн музыкалық тiлдiң табиғаты, мәнi мен мағынасын ажырату үшiн, қалыптасу кезеңдерi мен дамуы қарастырылды. Музыкалық тiл - қоршаған орта мен әлемдi байланыстыра бiлген өмiршең аспап. Музыка мазмұны талай ғасыр бойы адамдарды жұмылдыруда, бiрiктiруде өз қызметiн жасады. Табиғатты суреттегенде де музыкалық тiлмен жеткiзу анағұрлым түсiнiстi болды. Музыкалық дыбыс - өзiндiк мәнi мен маңызы, қадiрi мен қасиетi, ерекшелiгi бар дыбыс. Мәнi - адамның аңсаған арманы, қуанышы мен күйiнiшiн, өмiр құбылыстарын сан алуан сиқырлы иiрiмдер арқылы санаңа жеткiзiп, жүрегiңе құйып беретiндiгiнде болса, ал маңызы - сиқырлы да сүйкiмдi ырғақтарымен, тебiренiстi тербелiстерiмен адамды дүние сырын түсiнуге, сұлулықты сезiнуге жетелейдi.
Музыка мұғалiмiнiң кәсiптiк даярлығына қажеттi шешендiк қызметi
Реферат: Мақалада музыка мұғалiмдерiнiң сабақ беруде, педагогикалық қызметте, сөйлеу мәдениетiнде, шешендiк өнердi меңгеруi үшiн қажеттi ұстанымдар мен ұсыныстар қарастырылған. Мұғалiмнiң жан-жақты мәдениетi мен шеберлiгi, сөйлеуге арналған жаттығулар, шешендiк өнерге дағдылануға қажеттi нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердiң алатын орнына тоқталған. Ғасырлар бойғы тарихтан белгiлi данышпан шешендер мен ақындардың ауыз әдебиетiнен қалған, жинақталған деректерден мысалдар келтiрген. Мұғалiмге қазiргi заман талабына сай, сөйлеу мәдениетiне назар аударып, қазақ халқының тiл байлығын сабақтарда қолдана бiлуге кеңестер сонымен бiрге, тынысты дұрыс алу сияқты ұсыныстарда енгiзiлген.