Тараздағы қалалық көлiктiң жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бағалауды зерттеу
Автор(ы): Жаманбаев Б. У.*Имандосов А. Т.*Алмаханова Э. А.*
Объем документа: С. 119-132
МРНТИ: 73.49*
Ключевые слова: городской пассажирский транспорт*транспортное обслуживание*общественный транспорт*
Реферат: Тараз қаласындағы жолаушыларға көлiктiк қызмет көрсетудiң сапасын анықтаудың есебi мен әдiсi көрсетiлген. Кейбiр маршруттардағы жолаушы ағынын анықтаудың есебi орындалған. Орындалған есептеулердiң нәтижесiнде жолаушыларға қызмет көрсету сапасы анықталған. Алынған деректер негiзiнде қоғамдық көлiктiң жолаушыларға қызмет көрсету сапасын одан әрi жақсарту бойынша ұсыныстар жасалған.
Механикалық араластырғыштың пластиналы қалағының кедергi моментiн есептеу
Реферат: Жуықтау функцияларын және заманауи есептеу әдiстерiн пайдалана отырып, механизмдердi оңтайлы жобалау қарастырылған. Топсалы төрттиектi механизмнiң белгiсiз бес параметрi анықталған.
Реферат: Вибрациялық машиналарда және құрылғыларда бiр немесе бiрнеше вибраторлар пайдаланылады. Ол вибраторлар бiрнеше бiрiккен денелерде орналасуы мүмкiн. Көп жағдайларда қуатты вибратордың орнына бiрнеше аз қуатты вибраторларды пайдалану, белгiлi өлшемдегi тербелмелi орган бойынша қоздырылған күштi өлшеу қажеттiлiгi айтылады. Мақалада механикалық вибраторлардың синхронизациялауы қарастырылған.
Жазық төрттиектi механизмдi синтездеудегi механизмнiң төрт параметрiн анықтау
Автор(ы): Жақаш А. Т.*Толқынбаева А. Т.*Таласбаев А. А.*
Реферат: Жуықтау функцияларын және заманауи есептеу әдiстерiн пайдалана отырып, механизмдердi оңтайлы жобалау қарастырылған. Топсалы төрттиектi механизмнiң белгiсiз төрт параметрi анықталған.
Фторқұрамды қалдықтардан фторорганикалық заттар алу
Реферат: Фосфориттердi өндiру кезiнде өндiрiстiң техногендi қалдықтарының бiрi -газды қалдық фтор сутегi мен фторқұрамды балқымалы заттардан фторқұрамды органикалық заттар алу үшiн екiншi реттiк шикiзаттар ретiнде қолдануға мүмкiндiк туып отыр. Тастанды техногендi газды қалдықтарды, оның iшiнде фтор сутегi және фосфор қышқылын өндiру кезiнде түзiлетiн фторқұрамды балқымалы қатты шыны тәрiздi заттардың химиялық және физикалық-химиялық сараптамалары келтiрiлген. Мақалада түзiлген өнiмнiң қасиеттерiн анықтау арқылы екiншi реттiк шикiзат ретiнде фторкаучук алу және Жамбыл облысы аймағындағы экологиялық проблемаларды шешу мәселелерi қарастырылған.
Жемдiк фосфат цехындағы фторқұрамды қалдықтардан фторорганикалық заттар алудың технологиясын жасау
Автор(ы): Садиева Х. Р.*Айдаралиева А. М.*Исакова Г. А.*Жетiбай I. Ғ.*Төтенова Н. Ж.*
Реферат: Фосфориттердi өңдеу кезiнде пайда болатын фторқұрамды қалдықтарды бөлiп алу технологиясы сипатталған. Алынған фосфатты қалдықтардың құрамынан алюминий, темiр, кальций, магний оксидтерiнiң пайыздық мөлшерi анықталған. Оксидтiк қосылыстарды бөлiп алып, қалдықсыз технология жасау үшiн пайдалану мүмкiндiгi баяндалған.
Теңiз күкiртiнен аммоний сульфидi мен полисульфидiн синтездеп алу және қолдану
Автор(ы): Садиева Х. Р.*Айдаралиева А. М.*Исакова Г. А.*Жетiбай I. Ғ.*Төтенова Н. Ж.*
Объем документа: С. 28-45
МРНТИ: 61.31*
Ключевые слова: ИК-спектроскопический метод*сероорганическое и неорганическое соединение*металлургическое производство*
Реферат: Теңiз кенiшiнде күкiрт сақтайтын қоймада 8-10 млн. т күкiрттiң қоры жиналған. Бұл сақталған күкiрт пен күкiртсутек қоршаған ортаға зиянын тигiзуде. Күкiрт органикалық және бейорганикалық қосылыстарды алуда таптырмайтын шикiзат. Сол себептi жыл сайын күкiртқұрамды заттарды тұтыну көбейiп отыр. Оның iшiнде сульфидтер, полисульфидтер, тиоқосылыстар мен күкiрторганикалық қосылыстар химия, терi-былғары, металлургия флотореагент есебiнде және резина өндiрiсiнде қолданылады.