Реферат: Современная логистика - это универсальная теория эффективной организации производственно-коммерческой деятельности, интегрирующая целый ряд фундаментальных и прикладных наук в экономических и технических областях знаний.
Особенности моделирования транспортных работ в аграрном секторе экономики
Реферат: Транспортная работа должна быть выгодна с экономической точки зрения как отправителю, так и получателю груза. В системе используются динамические ряды данных об объемах и структуре внутренней торговли, грузообороте и среди дальности перевозок грузов по направлениям.
Балқаш көлiнiң метеорологиялық режимiн зерттеу
Автор(ы): Зулпыхаров Б. А.*Асанбеков Б. А.*Қайпбаев Е. Т.*Жанымхан Қ.*
Реферат: Мақалада ауа-райының сақиналық карталарын пайдалана отырып, 2000-2010 жылдардың мұз қатпаған кезеңi iшiндегi Балқаш көлi аймағындағы жел жағдайларын анықтайтын сипатты синоптикалық жағдайларды талдау жүргiзiлген. Балқаш үстiндегi жел режимiнiң сипаттамасы 12 метеостанция МС, оның 4 МС жағалаудағы мәлiметтерi бойынша орындалды, ал желдiң бағыты мен жылдамдығы туралы бастапқы мәлiметтер тiкелей синоптикалық карталардан алынды. Синоптикалық жағдайлардың ең сипатты 8 түрi анықталды.
Қазақстанның оңтүстiк-шығысы жағдайында майбұршақты фузариозды солу ауруынан қорғау
Автор(ы): Искендирова Р. А.*Раушанова А. Ш.*
Объем документа: С. 48-52
МРНТИ: 68.37.13*
Ключевые слова: зернобобовая культура*продовольственная и сельскохозяйственная организация*
Реферат: Мақалада Қазақстанның оңтүстiк-шығысы жағдайында майбұршақты фузариозды солу ауруынан қорғау жайлы мәлiметтер келтiрiлген.
Қазақстанның Оңтүстiк-Шығыс жағдайында алма ағаштарының негiзгi зиянкестерiнiң биологиялық ерекшелiктерi
Реферат: Қазақстанның оңтүстiк-шығыс аймақтарындағы алма бақтарына жапырақ кемiргiш жұлдызқұрттары әртүрлi зиянын тигiзедi. Солардың iшiнде зерттеу нәтижелерi бойынша раушан жапырақ ширатқыш Cacoecia rosana L., жасыл жапырақ ширатқыш Pandemis chondrillana H.-S., долана көбелегi Gemiostoma scitella Z зиянкестерiнiң зияны айтарлықтай. Бiздiң зерттеулерiмiздiң нәтижесiнде жапырақ кемiргiш көбелектерiнiң даму сатысы, кейбiр биологиялық ерекшелiктерi анықталып, зерттелiндi.
Қызылорда облысы жағдайында күрiш ауыспалы егiстiгiндегi мелиоративтi танапта қонақ жүгерiнi себу мерзiмiне байланысты егiстiктiң арамшөптермен ластануы
Автор(ы): Узбеков Б. М.*Таутенов И. А.*Күздiбаева А.*
Реферат: Мақалада Қызылорда облысы жағдайында күрiш ауыспалы егiстiгiндегi мелиоративтi танапта қонақ жүгерiнi себу мерзiмiне байланысты егiстiктiң арамшөптермен ластануы қарастырылған. Күрiш ауыспалы егiстiгiндегi тұзданған жерлердегi тұз мөлшерiн қалыптастыру және мал шаруашылығын құнарлы мал азығымен қамтамасыз ету, тұзды топырақтарда жоғары өнiм бере алатын, қуаңшылыққа төзiмдi дақылдарды өсiру қолға алыну қажет. Қонақ жүгерi астық тұқымдастарына жататын бiр жылдық малазықтық дақыл. Дәнiнен азықтық жарма және ұн өндiрiледi, дән қалдықтары жем, жасыл массасы малға көк азық, сүрлем, шөп ретiнде пайдаланылады. Ауылшаруашылығы дақылдары өсiрiлетiн танаптардың тұздануы, әсiресе, Қызылорда облысының Арал өңiрiнен айқын көрiнiс табады. Негiзгi проблемалардың бiрi - өңделетiн жердi дұрыс суармау.Тұзды жерде жоғарғы өнiм бере алатын, қуаңшылыққа төзiмдi дақылдарды өсiрудiң агротехникалық шараларын анықтау, танаптың тұздануын төмендету арқылы ауыспалы егiстiктегi негiзгi дақыл күрiштiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру. Күрiш ауыспалы егiстiгiндегi мелиоративтi танапта өсiрiлетiн қонақ жүгерiнiң тұқымын себу мерзiмiн анықтау үшiн стационарлы күрiш ауыспалы егiстiгiнде жоспарланған зерттеу үлгiсi бойынша танаптың ғылыми-зеттеу жұмыстары жүргiзiлдi.
Антиоксидантная активность безалкогольных напитков на основе чая
Реферат: Употребление чайных напитков является оптимальной формой обогащения организма человека широким спектром биологически активных веществ. В последние годы наблюдается интенсивно растущий спрос среди казахстанских потребителей на безалкогольные напитки на основе чая зеленого, черного - так называемые холодные чаи. В данной работе изучена возможность использования поточно-инжекционной системы с амперометрическим детектором для анализа антиоксидантной активности безалкогольных напитков. В результате антиоксидантная активность образцов напитков, в состав которых входят экстракты зеленого чая, что выше по сравнению с образцами напитков, в состав которых входят экстракты черного чая, в пределах одной торговой марки Lipton, Nestea.
Бидайдың қоңыр тат ауруына төзiмдi қазақстандық сорттардың молекулалық-генетикалық скринингi
Автор(ы): Кохметова А. М.*Маденова А. К.*Кампитова Г. А.*Атишова М. Н.*Сапахова З. Б.*
Реферат: Puccinia recondite Rob ex Desm. sp. tritici туындататын қоңыр тат - әлем бойынша ең кең таралған және ең қатерлi аурулардың бiрi және бидай өнiмдiлiгiн төмендететiн негiзгi факторлардың бiрi. Бiздiң зерттеуiмiзде қоңыр татқа Puccinia triticina төзiмдi бидай сорттарына молекулалық-генетикалық зерттеу жүргiзiлдi. STS типтi молекулалық csLV 34, csGS-F/R маркерлерiн қолданып, қоңыр тат ауруына қарсы тұратын эффективтi Lr34/Yr18 кешендi генi мен Lr68 генiнiң тасымалдаушылары идентификацияланды. ПТР полимеразалық тiзбектiк реакция анализiнiң нәтижесiнде зерттелген 27 қазақстандық сорттардың iшiнен бесеуi Мереке 70, Алмалы, Нуреке, Карасай, Динара Lr34/Yr18 генiнiң тасымалдаушысы екенi анықталды. Lr68 ген Егемен сортында бар екендiгi дәлелдендi. Сонымен, бидай сорттарына фитопатологиялық және молекулалық зерттеу жүргiзiлiп, қоңыр татқа төзiмдiгендер тасымалдаушылары идентификацияланды. Бұл алынған нәтижелердi келешекте будандастыру арқылы қоңыр татқа төзiмдi сорттарды шығаруға қолдануға мүмкiншiлiк туғызады.
Iле-Балқаш бассейнiнде суландыруды дамыту және су тұтынуын есептеу
Реферат: Суландырылатын егiн шаруашылығы зерттелiп отырған аумақта мыңдаған жылдар бар болған, кей кездерi құлдырап, қайтадан қалпына келiп отырған. Ол негiзгi су тұтынушы болып табылады. Өткен ғасырдың басында Iле өзенiнiң су жинау бассейнiнiң шегiнде 400 мың десятинаға жуық жер суландырылған. Мұнда жер-су және қолайлы климат жағдайлары суландырылатын егiн шаруашылығын дамытуға және ауылшаруашылық дақылдарын күрiш, темекi, жемiстер, жүзiм өсiруге, дәндiк жүгерiнiң, қызылшаның, мал азықтық шөптердiң жоғары өнiмдерiн алуға мүмкiндiк бередi.
Қазақстанның оңтүстiк-шығыс жағдайында алма ағаштарының жапырақ ширатқыш көбелектерiне қарсы күресу шаралары
Реферат: Қазақстанның оңтүстiк-шығыс аймақтарындаалма жемiсiндегi зиянкес - жапырақ ширатқыш көбелектерi болып табылады. Осыған орай, зерттеу барысындағы бiздiң алға қойған мақсатымыз алма ағаштарында кездесетiн жапырақ ширатқыш көбелектерiне қарсы химиялық күрес шараларыныңтиiмдiлiгi. Бiздiң зерттеул ерiмiздiң нәтижесiнде жапырақ ширатқыш көбелектерiнiң даму сатысын қадағалап, өңдеудiң өз мерзiмiнде дәлдiк сапасы көрсетiлдi.