Реферат: Мақалада қауын дақылы бойынша Қазақ картоп және көкөнiс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының көкөнiс-бақша селекциясы бөлiмiнiң тәжiрибе стационарында жүргiзiлген қауынның сорттық ерекшелiктерiн бағалау нәтижелерi келтiрiлген.
Аргут өзенi су жинау алабының географиялық және гидрографиялық сипаттамасы
Реферат: Мақалада Ресей мемлекетiнiң Алтай Республикасында орналасқан Укок таулы үстiртiнiң орографиясы, географиялық сипаттамалары, климаттық жағдайлары қарастырылған. Ондағы Аргут өзендер желiсiне жататын өзендердiң гидрографиялық сипаттамалы берiлген.
Қазақстанның оңтүстiк өңiрiндегi жүгерi егiсiнде кездесетiн аурулардың таралуына минералды тыңайтқыштардың әсерi
Автор(ы): Исабеков Б. Б.*Муминова Ш. С.*Жұмаханова Р. К.*
Реферат: Оңтүстiк Қазақстанда соңғы жылдары суармалы егiстерде дәнге арналған және сүрлемдiк жүгерiнiң түсiмдiлiгi ақталмай төмендедi. Жүгерi түсiмдiлiгi төмендеуiнiң бiр себебi өсiмдiктiң өсу кезiнде көптеген ауруларға шалдығуы. Аурулардың түрлiк құрамы ауа-райы мен топырақ жағдайына байланысты өзгерiп отырады. Сондықтанда, жүгерi өсiруде аурулардың алдын алуға минералды тыңайтқыштар енгiзiп, дақылдың имундық қасиетiн жоғарылатуды зерттеу басым бағытқа ие болып табылады. Осы мақалада Оңтүстiк өңiрiнде жүгерi егiстiгiнде кездесетiн аурулардың таралуына миенралды тыңайтқыштар әсерi анықталған.
Тақыр түстес топырақтардың құрамындағы бор қосылыстарының уыттылық дәрежесiн анықтау
Автор(ы): Қалдыбаев С.*Мамытов Ж. Ү.*Жаманғараева А. Н.*
Реферат: Қазiргi кезде топырақтың құнарлылығын арттыру өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады. Әсiресе тұзданған топырақтарды жақсартуды қолға алу қажет. Бұл үшiн мелиоративтiк шаралар ретiнде топырақтың экологиялық жағдайларын жақсартатын және де қоршаған ортаға зиян тигiзбейтiн тыңайтқыштарды қолдану қажет. Мелиоративтiк биогумус түрлерiнiң топырақтағы бордың уыттылығына әсерi бор қосылысы қосылған және натрий тетраборат тұзы қосылмаған топырақтарға биогумус, мелиоративтiк биогумус, полифункционалды химиялық мелиорант қосып, олардың күрiш дақылының өнiп-өсуiне әсерi бақыланды.
Жердi қорғау және тиiмдi пайдалануды реттеу құқығы
Реферат: Жердi қорғау мақсатына жер бұзушылық және оның нашарлауын болдырмау, басқада шаруашылық қызметiнiң жағымсыз салдарын мелиоративтiк, орман-мелиоративтiк шараларын жүргiзу мен өндiрiстi экологиялық қауiпсiз технологиясын ынталандыру; нашарланған немесе деградацияға үшыраған жерлердi қайта қалпына келтiру мен жақсартуын қамтамасыз ету; тәжiрибеде үйлесiмдi жердi пайдалануда экологиялық нормативтердi енгiзу.
Подбор однолетних культур для производства кормового белка в условиях Западного Казахстана
Автор(ы): Насиев Б. Н.*Габдулов М. А.*Мусина М. К.*Жанаталапов Н. Ж.*
Реферат: Решение проблемы развития животноводства тесно связано с укреплением кормовой базы. Слабая, нестабильная по годам кормовая база - широко распространенное явление для Западно-Казахстанской области. В полевом кормопроизводстве значительно сократились посевные площади, снизилась урожайность кормовых культур. Набор культур сузился до зернофуражных культур ячмень, овес, пшеница на фураж. В структуре пашни до 76% занимает монокультура пшеница, на долю ячменя приходится 20,2% пашни, на долю просо и озимой ржи приходится соответственно 2,1 и 1,3%, остальные зерновые в т.ч. кормовые занимают 0,4%. На сегодняшний день фактически прекращено производство кормов по прогрессивным технологиям. В статье приводится данные исследований по изучению инновационных приемов подбора и производства кормового белка применительно к условиям адаптивного земледелия ЗКО.
Агроэкологический мониторинг лиманов Западного Казахстана
Автор(ы): Насиев Б. Н.*Онаев М. К.*Беккалиев А. К.*Жиенгалиев А. Т.*
Реферат: В настоящее время продуктивность орошаемых земель, в том числе земель лиманного орошения низкая, на которых урожайность сена не превышает 1,0 т/га. В то же время безубыточность производства сена на инженерных лиманах с механической подачей воды для затопления составляет лишь при урожайности сена выше 2,5 т/га. В статье приводится данные исследований по выявлению современного состояния лиманов Западно-Казахстанской области.
Жайылымдарды үстiртiн жақсарту барысындағы көп жылдық шөптердiң екiншi жылындағы өсiп-даму ерекшелiктерi
Автор(ы): Серекпаев Н. А.*Стыбаев Ғ. Ж.*Хурметбек О.*
Реферат: Бұл мақалада Ақмола облысы Енбекшiлдер ауданы Баймырза-Агро ЖШС зерттеу жер телiмiнде құлдырауға ұшыраған және өнiмдiлiгi төмен табиғи мал азықтық жайылымдық жерлердiң үстiртiн жақсарту барысында жүргiзiлген зерттеу жұмыстары көрсетiлген. Зерттеу жұмыстарын жүргiзу барысында атқарылған жұмыстардың әдiстемесi және агротехникасы, сонымен қатар тәжiрибе сұлбасы кесте ретiнде көрсетiлiп, әр түрлi шөп қоспалары мен тәжiрибе нұсқалары бейнеленген. 2012 жылдың ақпан айының екiншi онкүндiгiндегi зерттеу жер телiмiндегi қар жамылғысының биiктiгi, 2012 жылғы жылы кезеңдегi көпжылдық шөптердiң танабындағы топырақтың 1 метр қабатындағы ылғал мөлшерi жайлы айтылған.
Biological activity of dark chestnut soil depending on continuous and systematic application of fertilizers
Автор(ы): Yeleshev R. Ye.*Malimbayeva A. D.*Shibikeyeva A. M.*
Реферат: The article presents three year results of the research on continuous and systematic application of mineral fertilizers in intensive vegetable rotation on soil enzyme activation.
Критериалды бағалауды биология сабақтарында қолдану
Реферат: Соңғы жылдары оқу үдерiсiн жаңарту жағдайында, бiлiм мазмұнына айтарлықтай өзгерiстер енгiзiлiп, ал бағалау түрi өзгерiссiз қалуда. Қалыптасқан бес ұпайлы бағалау жүйесi ыңғайлы және түсiнiктi, бiрақ оның тұлға дамуын объективтi түрде бағалауда кемшiлiктерi көп. Ол бұлыңғыр, субъективтi, оқушыларды жиi күйзелiстi жағдайларға ұшыратады. Мұғалiмнiң бағалауы мен оқушының өзiн-өзi бағалауы арасында қарама-қайшылық туындайды, нәтижесiнде бiлiм алушының пәнге деген қызығушылығы төмендейдi. Сол себептi, оқыту мақсаттарының диагностикалық тұрғыдан қойылуы мен оқушылардың оқу материалын меңгеру сапасын, жалпы тұлғаның дамуын объективтi түрде бағалау мәселесi - бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнiң өзектi мәселелерiнiң бiрi. Ал, критериалды бағалау жүйесiн ендiру, кең ауқымдағы мәселелердi шешуге көмектеседi. Осы мақалада биология пәнi мұғалiмдерiне көмек ретiнде критериалды бағалаудың үлгiсi келтiрiлген.