Ключевые слова: мир поэтасила слова*концепт*концепция поэзии махамбета*контрастное понятие*
Реферат: Мақалада қазақтың жауынгер ақыны Махамбет өлеңдерiнде кездесетiн МЕН тұлғасының мағыналық құрылымы мен қолданыс ерекшелiгi, концептiк мәнi зерделенедi. Махамбет өлеңдерiндегi сөздердiң шымыр қолданысы, iшкi мазмұндық кемелдiлiгi, кемел бiтiмi талданып, мен жiктеу есiмдiгiн қолданудағы ақын мақсаты көрсетiледi. Ақынның өз МЕНI арқылы болған iске деген жауапкершiлiн, кескiлеспей басылмайтын қайтпас қайсар батырлығын, iстеген iсiн бiтiрмей тынбайтын ермiнезiн танытатын өлеңдерiндегi нақты жолдар арқылы СӨЗ-дiң әлеуметтiк мәнi мен халықтық рухы айқындалады. Махамбет өлеңдерiндегi әмбебап семантикалық оппозициялардың жиыны - концептуальдық жұптар ғылыми талдауға түседi. Махамбет өлеңдерiнiң халықтық сипаты нақыл сөздер мен мақалға айналып, бүгiнгi қазақтың сөйлеу тiлiнде даяр қалпында жұмсалатындығымен де анықталатындығы мақалада ғылыми тұрғыдан дәйектеледi.
Сөйлем синтаксисi төңiрегiндегi қазiргi ғылыми бағыттар
Реферат: Қазақ тiл бiлiмiнде шартты рай формасының қатысуымен жасалған сөйлемдер құрмалас сөйлем синтаксисiне қатысты еңбектерде жалпы айтылып өткенi болмаса, тiкелей осы формаға қатысты мәселелер тек құрылымдық-мағыналық аспектiде және ауызекi тiлдiң синтаксисiне қатысты зерттеулерде ғана қарастырылған. Осыған орай тек бiр ғана тiлдiк құрал - шартты рай формасының қатысуымен жасалған сөйлемдердi арнайы нысан етiп, кешендi түрде зерттеу мақаланың өзектiлiгi болып саналады.
Ағылшын тiлiндегi экспрессивтi сөйлеу актiлерiн қазақ тiлi топтарына үйрету кезiндегi прагматикалық бiлiктiлiктiң маңыздылығы
Автор(ы): Мейiрбеков А. Қ.*Елiкбаев Б. К.*Мейрбеков А. Қ.*
Реферат: Мақалада ағылшын тiлiндегi экспрессивтi сөйлеу актiлерiн үйрету кезiндегi прагматикалық бiлiктiлiктiң маңыздылығы қарастырылады. Сонымен қатар мұнда ағылшын және қазақ тiлiндегi экспрессивтi сөйлеу актiлерiнiң салыстырмалы анализдеу жұмысының нәтижесi көрсетiлген. Әрi прагматикалық бiлiктiлiктердi дамытудағы прагматикалық тапсырмалардың рөлi айшықталған.
Analysis of main approaches to defining the concept of communicative competence
Автор(ы): Amanbayeva Z. Zh.*Bigaliyeva S. B.*
Объем документа: С. 237-244
МРНТИ: 14.07.03*
Ключевые слова: коммуникативная компетентность*концепт коммуникативной компетенции*социолингвистика*способность коммуникативной языка*овладения вторым языком*
Реферат: Despite a lot of different meanings of communicative competence, which have been still appeared in journals, conferences and dissertations every year, there is still no clear consensus about what the exact meaning conveyed by these words. There are a plenty of definitions and discussions on communicative competence, but in this paper we will look at most important of them. Likewise, we will present how the notion of communicative competence has come to play an important role in the fields of sociolinguistics and SLA (second language acquisition) over the years.
Реферат: Бұл мақалада ұлт тағдырын, отаршылдық қанауды терең жырлаған Нарманбет ақынның өлеңдерi талданады. Ең алдымен Патшаның тағы бiр политикасы, Әждаhаның аузында өлеңдерiнiң басты идеясы ашылып, өз дiнiн қорғаған ақынның миссионерлердiң әрекеттерi мен қазақтың аңғалдығын қалай сынағаны жан-жақты сөз етiледi. Мұнда 1905 жылғы тарихи жағдайдан бастап ел мен жер, дiн мәселесiн қозғаған Нарманбет шығармаларынан ақынның ұлт жоқтаушысы екенi айқындалады. 1916 жылғы патшаның июнь жарлығына қатысты өлеңдерiндегi тұспалды ойлар ашылып көрсетiледi. ХХ ғасырдың басындағы ел iшiндегi түрлi саяси мәселелерде өз ойын ашық бiлдiрiп, Алаш азаматтарының тiлеуiн тiлеген ақынның басты мұраты зерделендi.
Реферат: Мақалада баспасөз қызметiнiң мекемеге қатысты сыни мақалалар санын азайтудағы, сыни мақалалардың жариялануының алдын-алуға қатысты iс-әрекетiндегi алға қойған әдiс-тәсiлдерi сөз болады. Мекеме имиджiн қалыптастыру - баспасөз қызметiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып есептелетiнi айтылады. Әлдебiр ақпарат құралының мекемеге қарсы жариялаған ақпараттық соғысы жағдайында баспасөз қызметiнiң алға қойған стратегиялық мақсат-мүдделерi қарастырылады. Мақалада, сондай-ақ, PR жұмысын жүргiзудiң негiзгi принциптерi талдана отырып, журналистермен қолайлы әрiптестiк құру және оны жақсы ыңғайға икемдеу әдiстемесi талданады. Сонымен қатар, баспасөздегi ақпараттық ашықтық туралы маңызды мiндеттердiң кейбiрiне сараптама жүргiзiледi. БАҚ-пен бiрлiкте, белсендiлiк жағдайында өрбитiн баспасөз қызметiнiң кейбiр ерекшелiктерi қарастырылады. Қазiргi жағдайда ақпараттық белсендiлiк қарым-қатынасты жақындатып, қоғамдық пiкiрдiң дұрыс қалыптасуына игi ықпал етедi деген тұжырым ұсынылады.
Реферат: Мақалада жай сөйлемдердiң модельдiк құрылымы аясында берiлетiн тiлдiк бiлiмнiң функционалды қызметi қарастырылып, оны қазақ тiлiн екiнiшi тiл ретiнде меңгерудегi тиiмдi жақтарын жан-жақты талдайды. Сөйлем құрылымын меңгеруде тiл меңгерушi әрбiр жаңа сөздi сөйлем құрамында белгiлi бiр қызмет атқаратын мүше ретiнде үйренуден бастайтынын, ондағы сөйлем құраушы әрбiр компоненттiң сөйлем iшiндегi орны мен қызметiн түсiне отырып меңгеру үшiн қажеттi сөз таптарын, олардың қызметiн, категорияларын анықтап алу маңызды екенiн айтады.
Джек лондонның теңiз қорқауы романындағы адам және асқан адам (қорқау ларсен немесе хэмфри ван-вейден?)
Реферат: Мақала Джек Лондонның Теңiз қорқауы атты атақты романына, сондай - ақ қазiргi күндегi өзектi мәселелердiң бiрi болып табылатын альтруизм және дарашылдық мәселесiне арналған. Автор идеясының әдеби нақтылы iске асуы мақалада анық көрсетiлген және кейiпкер мәселесi дәлелдi түрде мұқият айқындалған.
Реферат: The article focuses on the portrayal of women characters in short narratives by Thomas Hardy on the background of Victorian society. There are described stereotypes about Victorian women, their duties and qualities which are in contradiction with women characters by Hardy in most of his short stories. The work provides Hardy\'s general approach towards women and the emphasis is placed on the description and analysis of particular stories with common features such as women courage and determination, the destruction and torture of men, and the role of social status.
Реферат: Мақалада тiлiмiздегi атаулар, жалқы есiмдер, жер-су аттарының барлығы сөзжасам заңдылықтары бойынша жасалатындығы айтылады. Алайда, топонимжасамдық құрылымдар сөзжасамдық құрылымға негiзделiп жасалғанымен, топонимжасамдық құрылымының жеке өз талаптарының да болуы қажет екендiгi талданған.