Реферат: Бүгiнгi күнi халықаралық саяси аренада елiмiздiң егемен ел ретiнде танылуының тарихи тамыры тереңде. Тарихтың түрлi кезеңiнде елiмiздiң кең-байтақ жерiндегi бабаларымыздың жеке шаңырақ көтерiп, егемен де тәуелсiз мемлекет болуға тырысушылығы қазiргi күнi толығымен жүзеге асқан тарихи оқиға болып отыр. Қазiргi таңда қазақ мемлекеттiлiгiнiң қалыптасуы мен дамуы мәселесi аса өзектi тақырыптардың бiрi. Әсiресе, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтой - аталмыш мәселенiң зерттеу нысаны ретiндегi маңыздылығын айқындай түспек. Бұл ретте атап өтетiн негiзгi мәселе - қазақ мемлекеттiлiгiнiң тарихы бұл мерейлi күннен тым бұрын басталады. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттердiң құрылуы сөз жоқ қазақ мемлекеттiлiгiнiң айқындаудағы негiзгi зерттеу нысаны болып табылады. Сондықтан Қазақстан территориясындағы ерте темiр дәуiрiнен басталған саяси үдерiстер нәтижесiнде құрылған сақ, ғұн мемлекеттерi - Қазақстан территориясындағы мемлекеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуының бастауы болып табылады.
Проблемы исследования этногенеза и культурогенеза средневековой Центральной Азии
Реферат: Данная статья представляет краткий обзор истории миграции тюрков-кочевников, развития их обществ и государственных образований за историческое время, а также анализа проблем этнокультурных процессов в Центральной Азии, на протяжении средневековой истории, характеристики памятников кочевых культур. Осмысление процессов этногенеза и культурогенеза кочевых народов, этапов формирования и развития кочевнических культур является важной задачей изучения средневековой истории Центральной Азии. Исследования археологических памятников, а также других источников разных исторических эпох с несомненностью показывают, что Центральная Азия, являясь историческим регионом первого порядка, никогда не была обособленной от общеисторических процессов, протекавших на необъятных пространствах Евразии. Сложение древнетюркских каганатов способствовало консолидации мелких этнических групп в более крупные объединения. В эту эпоху имели место миграции древнетюркских кочевников из Центральной Азии в Среднюю Азию и сложение на новых территориях предков ряда современных тюркоязычных народов.
Реферат: Тарихи уақыт аралығында дәстүрлi мал шаруашылығына қажеттi жануарлар мен өсiмдiктердiң жеке түрiнiң ареалын анықтау, ландшафт өзгерiстерiн зерделеу, табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау сияқты күнделiктi туындайтын iс-шаралар географиялық нысандардың айырым белгiлерi болып табылатын атауларды өмiрге алып келдi. Нақты тарихи кезеңде және табиғи ортада қалыптасқан қандай да болмасын топонимикалық атаулардың көпшiлiгi жергiлiктi жердiң физикалық-географиялық ерекшелiктерiн сипаттайтын құнды тарихи мәлiметтер болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, көшпелi қазақ қоғамының сан ғасырлар бойы табиғатты пайдалану барысында жинақтаған топонимикалық бiлiмi шаруашылықты тиiмдi ұйымдастыруға негiз болды. Қазақстанның жер-су атаулары ұлттық тiл мен этникалық мәдениеттiң құрамдас бөлiгi ретiнде танылып, халықтың тарихи жадынан үлкен орын алды. Тарихшылар көтерер жүк өте ауыр. Олардың алдынан құм жұтқан қазақтың қалаларының тарихын зерттеу мiндетi түскен жоқ. Жер атауларының тарихы да тұтас елдiң тарихымен сабақтас, өз кезегiнде жеке адамдардыңда тарихынан бөлiп алып қарауға болмайды.
Реферат: Бұл мақалада қазақ халқының өткен қиын-қыстау кезiнде жерiмiздi, елiмiздi, ата-жұртымызды өз ерлiктерiмен, қайсар-қайраттылықтарымен сақтап қалған батырларымыздың ерлiгi көрсетiледi. Батыр атағының қалай берiлгенi, сол батырлық дәстүрдiң жалғасын тауып соны кәсiп қылғандары жайлы айтылады. Сонымен қатар батырлық дәстүрдiң ерекшелiктерi ол қару-жарақ пен жүйрiк аттары болғаны туралы баяндалады. Қоғамның ерекше әлеуметтiк тобы ретiнде батырлардың өзiндiк әлеуметтiк нормалары, тәртiп ережесi, идеологиялық ұстанымы, ерекше өмiр салты, әдет, салт-дәстүрi мен әскери әдептiлiгi және бұлардың көшпендi қоғамның басқа да әлеуметтiк топтарымен өзара қарым-қатынасын реттеп отыратын қағидалары болғаны және сол батырлардың есiмдерi аталады. Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Қосай, Қобыланды - жауына жалғыз аттанған батырлар екенi жазылады. Қобыланды батырдың соғысқа атын баптағаны туралы және де бiздiң алып тұлғамыз Жауғаш батырдың қару-жарағы жайлы мәлiметтер берiледi. Сол заманның батырларының қару-жарағы өте шеберлiкпен өңделiп, мықты болат металдардан жасалғандарымен қоймай, ол ұрпақтан ұрпаққа берiлiп отырған және ерекше берiк болаттан қазақтың халық эпосында алмас қылыш атанған қайқы қылыштар жасалғаны да көрсетiледi.
Реферат: Мақалада қыпшақ хандығының этникалық құрамы мәселесi қарастырылады. Алтай мен Дунай аралығын қамтып, Еуразияның кең байтақ даласын мекен еткен қыпшақтар - қазақ және өзге де түркi халықтарының негiзiн құраған ежелгi тайпалардың бiрi болып табылады. Олардың құрған хандығы орта ғасырларда Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы аса iрi мемлекеттердiң бiрiне айналды. Мақалада зерттеушiлер А. Н. Бернштам, Н. А. Аристов, Ю. А. Зуев, С. М. Ақынжанов еңбектерiне сүйене отырып, қыпшақ атауының шығу тарихына талдау жасалады. Сонымен бiрге, мақалада қыпшақтардың этникалық құрамы мәселесi зерттеулер мен еңбектерге сүйене отырып сараланады. Соның iшiнде Б. Е. Көмеков қыпшақтардың этникалық құрамына қатысты араб тiлiндегi деректердi екi үлкен топқа топтастырып, өзiнiң бiрегей тұжырымдарын жасаған болатын. Қыпшақтардың этникалық құрамына қатысты В. Г. Тизенгаузеннiң, Рашид ад Дин, Ю. А. Евстигнеевтiң ойлары қарастырылған.
Моңғол империясының әскери жоспарлауы және жеңiстi жорықтары
Реферат: Бұл мақалада Моңғол империясының негiзiн қалаушы Шыңғыс ханның әскери жоспарлауы мен жеңiске жеткiзген қанды жорықтары туралы айтылады. Шыңғыс хан өзiнiң жорықтарымен бүкiл әлем тарихына, мәдениетiне, даму үрдiсiне әсер еттi. Соның iшiнде, Қазақстан мен Орта Азия жерiндегi халықтардың өмiрiне елеулi өзгерiстер әкелдi. Ол өзiнiң жаулап алу жорықтары арқылы Қазақстан жерiндегi тайпалардың құрамын өзгерттi. Жаулап алған жерлердегi бұрынғы қалыптасқан мемлекеттердiң орнына жаңа мемлекеттер, ұлыстар пайда болды. Бытыраңқы қазақ тайпаларын бiртұтас мемлекетке шоғырландырып, қазақтың халық болып қалыптасуына алғы шарттар жасады. Мақалада Шыңғыс хан армиясының өсiп жетiлуi бес кезеңге бөлiп қарастырылады және соғысқа шығар алдындағы әскери жоспарлаулары, әскердi бөлiктерге бөлiп қалай басқарғандығы, әскерлерiнiң атаулары, соғысу тактикасы туралы айтылады. Сондай-ақ, мақалада Моңғол империясы құрылғаннан бастап әлемнiң шет-шетiне жасаған жорықтары айтылады. Олар: Сiбiр мен Шығыс Түркiстанға, Цзинь мемлекетiне жорығы, Бейжiндi алғаны, Солтүстiк Қытай түгел Шыңғыс ханның билiгiне көшкендiгi, Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерiне тiзе бүккендiгi және Шыңғыс хан әскерлерiнiң Жетiсуды, Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алғандығы туралы айтылады.
Алтын Орда мемлекетiнiң мәдениетi мәселесiнiң жазба деректерi
Реферат: Мақала ортағасырлық моңғолдың Шыңғыс хан ұрпақтары негiзiн қалаған Алтын Орда мемлекетiнiң мәдениетiнiң дерекнамасына арналған. Мақалада, тақырыпқа қатысты жазылған дерек көздерi жазылған тiлiне байланысты топтастырылып көрсетiлген, олардың негiзгiлерi мысалға келтiрiле отырып сипатталынған. Алтын Орда мемлекетiнiң мәдениетiне қатысты негiзгi дерек көздерi жазба және заттай болып бөлiнедi. Бұл жерде заттай дерек көздерi деп отырғанымыз бұл археологиялық қазбалар нәтижесiнде табылған жәдiгерлердiң өткендi баяндауы. Ал жазба дерек көздерi, хан жарлықтары сияқты шағын ғана ресми құжаттар болып табылады. Сонымен қатар мақалада Алтын Орда мемлекетiнiң тарихын баяндайтын Алтын Орда заманында жазылған араб жазушыларының еңбектерi талданған. Бұл еңбектегi деректерде Алтын Орда мемлекетiне саяхаттаған немесе дипломатиялық iссапармен барып, елдi өз көзiмен көрген араб жазушыларының еңбектерiндегi саяси оқиғалар тiзбегiнен мемлекеттiң мәдениетiне байланысты тұстарына назар аударылған. Онда қарастырылып отырған заманның материалдық және рухани мәдениетiне қатысты тұстары бар. Сонымен қатар, Алтын Орда мәдениетiнiң әрбiр саласына қатысты: шаруашылық, дiн, ғылым, субъективтi түрде талданып көрсетiлген.
Қазақстанға ислам дiнiнiң келуiнiң әлеуметтiк-тарихи алғышарттары
Реферат: Бұл мақалада ислам дiнiнiң Қазақстан территориясына енуiнiң әлеуметтiк-тарихи алғышарттары келтiрiлген. Арабтар ислам дiнiн қай уақытта және қандай жолдармен жеткiзгендiгi туралы әртүрлi пiкiрлер келтiрiлген. Алғашқы түрiк халықтары арасындағы мұсылман мемлекетi туралы айтылған. Ислам дiнi Қазақстанға күштеп енгiзiлген жоқ. Қазақстанда сол дәуiрде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дiнiнiң керi әсерi болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетiнiн көре бiлген феодалдық үстем тап иелерi ислам дiнiн қуана қарсы алды. Ислам дiнiнiң келуiмен қала мәдениетi, ғылым, бiлiм, сауда, өнер жедел дами бастады. Оңтүстiк Қазақстан және Жетiсу жерiнде мешiттер, медреселер, қалалар бой көтердi. Елiмiздегi алғашқы мешiттер мен медреселер Отырар, Түркiстан, Сайрам, Тараз қалаларында салынған. Мешiттер рухани және ғылыми орталықтар болған. Ислам дiнi қазақ елiне бейбiт жолмен, яғни iзгiлiк пен мейрiмдiлiк негiзiнде таралды.
Қазақ әйелiнiң қоғамдағы және ұлттық мәдениеттегi орны
Реферат: Мақалада қазақ қоғамындағы әйелдер мәселесi, олардың ұлттық мәдениетiмiздегi рөлi мен әлеуметтiк орны туралы баяндалады. ХIХ-ХХ ғғ қоғамда қалыптасқан әйелдер теңсiздiгi мәселесi, оған қарсы ұлт зиялыларының жасаған iс-шаралары, олардың саяси күресi туралы айтылады. Сонымен қатар, жаңа саяси ойлардың қалыптасуы, Кеңес Үкiметiнiң орнауының әйелдер қауымына ықпалы және осыдан кейiнгi әйелдердiң саяси билiкте, қоғамның экономикалық дамуына белсене араласуы талқыланады. Кеңестiк кезеңде республика экономикасы мен руханиятын iлгерiтетуге әйелдердiң сiңiрген еңбегi туралы айтылады. Алашорда үкiметiнiң iргетасын қалауға өзiндiк үлестерiн қосқан әйелдер қауымының өкiлдерi және олардың саяси қызметi қарастырылады. Аталмыш мақалада баспасөз беттерiнде әйелдердiң әлеуметтiк-экономикалық құқыққа қол жеткiзуi туралы жазылған мақалаларға тарихи талдау жасалған. Қазақ әйелдерiне арналған мерзiмдi баспасөздер, олардың әйелдер мәселесiн шешу жолындағы қызметтерi көрсетiлiп, олардың негiзгi мақсаты мен мiндетi туралы айтылады. Қазақ халқының этно-саяси рухында қалыптасқан әйелдер, олардың қоғамдағы рөлi мен маңызы сипатталады.
Алаш ұранды Сары Арқа
Автор(ы): Ахметова Н. К.*
Объем документа: С. 360-365
МРНТИ: 19.61*
Ключевые слова: политическая газета*народная интеллигенция*
Реферат: Бұл мақалада 1917 жылғы ақпан төңкерiсiнен кейiн iле-шала Семей қаласында жарық көрген Сары Арқа газетi - Алашорданың үнi болған және қазақ автономиясы үшiн күрескен басылым екенi көрсетiледi. Сары Арқа газетi таза саяси мәселелердi қозғаумен ерекшеленедi. Онда Алашорда үкiметi мен оның қайраткерлерiнiң азаттық жолындағы әрбiр қадамдары егжей-тегжейлi баяндалады. Газетте Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, Х. Ғаббасұлы, Р. Мәрсекұлы, М. Жұмабаев, М. Әуезов, С. Дөнентаев, т.б. таланттар шоғырының көсемсөзi жарияланады. Қазақ газетi большевиктер тарапынан қыспаққа алынып, шығарушылар қуғынға ұшыраған кезде А. Байтұрсынов пен М. Дулатов саяси көзқарастарын Сары Арқа арқылы жеткiзiп тұрғаны мәлiмделедi. Ұлт көсемдерi қазақты өз жерiне, жерасты байлығына ие қылу, өз билiгiн өзiне беру, өз тұрмыс-тiршiлiгiне сай заңдармен өмiр сүргiзу, жаппай оқытып-ағарту үшiн күрескенi жайлы айтылады.Сары Арқа газетi аумалы-төкпелi заманда ұлтқа қызмет ету үшiн дүниеге келiп, сол мақсатына толық жеткен басылым екенi, қазақ халқының басын қосуға күш салып, бiрлiкке шақырғаны жайлы, бiр адамның басындағы қайғыны сөз ете отырып, бүкiл қазақтың соған жұмыла көмек беруiне себеп болғаны жайлы, Семей өңiрiнде дүниеге келгенiмен, жоқтағаны бүкiл қазақ мұңы екенi жарияланады.