Ключевые слова: средний век*письменный источник*мифологический рассказ*кимакское племя*
Реферат: Мақалада қимақ қағандығын құрған тайпалардың шығу тегiне қатысты түрлi көзқарастар тобына назар аударылып, шешушi маңызы бар деректер атап өтiлген. Қимақ тайпаларының шығу тегiне байланысты қалыптасқан түрлi көзқарастарға талдау жасалған. Қимақтар мемлекетi жөнiнде едәуiр мол мағлұмат қалдырған орта ғасырлық араб-парсы деректерi қарастырылады, соның iшiнде Гардизидiң Заин-әл-ахбар атты еңбегiндегi қимақтардың шығу тегi жөнiндегi аңыз айтылған. Аңыздағы қимақтардың татарлар елiнен келгендерi жайындағы мәлiметтердi негiзге ала отырып, автор қимақтардың арғы тегiн татар тайпалық одағы деп қарастырады. Татарлардың ежелгi тарихы, қонысы, нәсiлдiк шығу тегi жайында түрлi мағлұматтарды, ғылыми әдебиеттердi талдай, өз пiкiрiн негiздеуге тырысады. Қимақтардың шығу тегiне байланысты отандық тарих ғылымында қалыптасқан ғылыми көзқарастар қамтылған.
Қазақ хандығының 550 жылдығы: ғылыми нәтижелер туралы
Реферат: Автор бұл мақаласында 2015 жылы елiмiзде Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесiне байланысты жүзеге асырылған ғылыми iс-шаралардың бiрi - Қазақ хандығының тарихына қатысты ғылыми, ғылыми-көпшiлiк еңбектерге қысқаша талдау жасайды. Өз талдауында автор мәселеге қатысты жарық көрген туындыларды үш топқа бөлiп қарастырады. Бiрiншi топқа - Қазақ хандығының тарихына қатысты деректер мен деректанулық еңбектердi, екiншi топқа - қазақ хандары мен сұлтандарына арналған ғылыми және ғылыми-көпшiлiк туындыларды, ал үшiншi топқа - хандықтың әрбiр тарихи кезеңдердегi тарихына арналған монографиялық жұмыстарды жатқызады. Сондай-ақ автор әр бағыттағы еңбектерге қысқаша талдаулар жасап, олардың маңызы мен өзiндiк ерекшелiктерiн атап өтедi.
Қазақ хандығы және қазақ сөз өнерiнiң өр тұлғалары Асан Қайғы, Жиренше Шешен, Алдар Көсе
Реферат: Мақала Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, қазақ сөз өнерiн жасаушылардың алғашқы өкiлдерiнiң қоғамдық және шығармашылық қызметiн зерттеу мәселелерiне арналған. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, қалыптасуы және қазақ сөз өнерiнiң байырғы өкiлдерiнiң қоғам, мемлекет қайраткерi, шығармашылық тұлға ретiнде атқарған қызметтерiнiң мазмұны мен маңызы Қорқыт атаның даналық сөздерiмен, өсиеттерiмен сабақтас сарапталған. Қазақ хандығының негiзi туралы Ш. Уәлиханов, М. Тынышпаев, С. Сейфуллин айтқан ойлардың тарих шындығына қатынасы ашылған. Асан Қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе сияқты қазақ сөз өнерiнiң iрi өкiлдерiнiң қазақ хандығының құрылу және қалыптасу тұсындағы ерен еңбектерi пайымдалған.
Қазақ хандығы тұсындағы ақын-жыраулардың әскери қызметi
Автор(ы): Смағұлов С.*
Объем документа: С. 16-23
МРНТИ: 03.20.25*
Ключевые слова: военное искусство*казахское ханство*исторический источник*
Реферат: Бұл мақалада Қазақ хандығы тұсындағы ақын-жыраулардың қазақ халқының әскери iсi мен өнерiн дамытудағы үлесi мен әскери қызметi олардың шығармаларына тарихи дерек ретiнде арқа сүйей отырып қарастырылған. Әскери сословиенiң өкiлi болып, өздерi әскери кәсiппен айналысып, бұл кәсiптiң ерекшелiгiн, кәсiби тiлiн жақсы бiлгендiктен жыраулар поэзиясы әскери өнердiң, қару қолдану әдiстерiн, қару-жарақтың түрлерiн, оның атауларын, кәсiби терминдерiн, әскерилердiң салт-дәстүрлерiн зерттеуде бiрден-бiр дерек көзi, өте бай қайнар бұлақ көзi деуге болады. Жыраулар тудырған жырлар, батырлық эпостар да - осы әскерилер қоғамдық жiгiмен байланысты өнер. Қазақ хандығы дәуiрi - айрықша қаhармандық дәуiр, батырлар заманы. Жырау - қаhармандық эпосты туғызушы, батырлар бейнесiн сомдаушы ғана емес, қолбасшы батыр. Бұл дәуiрде ақын-жыраулар батырлық тақырыбын кең көлемде жырлап, жауынгер-жасақтардың жауынгерлiк рухын көтеруде зор рөл атқарды. Олар сол уақыттың алыптары туралы жырлап, замандас батырларының даңқын аспандатып қана қоймай, өздерi де жауға қарсы әскери жорықтарға қатысып, жауынгер-жыраулар болды және де әскербасы, қолбасшылық қызмет те атқарды.
Современная российская историография о кочевой культуре и военном искусстве номадов Евразии
Реферат: В современный период в российской историографии произошел отход от традиционных представлений о кочевниках как о варварах. Сегодня формируется представление о кочевых народах как посредниках в мировой цивилизации. Вкладом в историографию истории кочевых народов стали труды крупного российского историка С. Г. Кляшторного, Владивостокского ученого Н. Н. Крадина, крупного специалиста по китайским источникам Е. И. Кычанова, а также ряд других исследователей по данному направлению. Данные работы отражают, какой огромный вклад кочевая цивилизация внесла в создание материальной и духовной культуры, изобретения новых технологий и средств коммуникации, которыми человечество пользуется сейчас, а также выявляет заметный след кочевников во многих сферах жизнедеятельности, касающийся в первую очередь военного дела, социальных институтов, сферы внутриконтинентальной торговли и коммуникаций.
Еуразиядағы көшпелi қоғам мен отырықшы халықтардың өзара саяси-әлеуметтiк және мәдени қарым-қатынастары тарихнамалық сараптау
Реферат: Мақалада жалпы әлеуметтiк құрылымның жағдайы мен адам қызметiндегi ерекше сферасы мен ерекше мәдениеттiң өлкесi ретiнде билiк және билiк орнату мәселесi арнаулы ғылыми iзденiстердi қажет ететiнiн, заманауи тарихнамалық сараптау көшпелi саяси құрылымның және отырықшы халықтың сабақтастығы мен трансформациясы мәселелерi арқылы көрсетедi. Көшпелi қоғамдығы саяси-әлеуметтiк iзденiстердiң негiзi мен табиғаты қазiргi ғылымның теориялық-әдiстемелiк көзқарастардың деңгейiнжәне логикалық инструменттердiң әлсiздiгi мен қарама-қайшы тұжырымдардың айтыстарын қарастырады. Тарихнамалық сараптау қазiргi тарих ғылымының көшпелi қоғамның және отырықшы халықтың саяси-әлеуметтiк институтарының қалыптасу мәселелерiн көрсетедi, iзденiс парадигмалары мен концептуалдық тұжырымдар мен көзқарастарын айқындайды. Тарихнамалық сараптау тарих ғылымының көшпелi және отырықшы қоғамдағы саяси-әлеуметтiк құрылымдардың, мәдени-рухани байланыстары мен сабақтастығын көрсетедi. Автор, тарихнамалық шолу негiзiнде қазiргi тарих ғылымының көшпелi саяси құрылымның және отырықшы халықтың өзара байланыстарының негiзгi аспектiлерiн, олардың интерпретациясы мен сараптамасын айқындайды.
Влияние колониального/имперского прошлого на взаимоотношения Великобритании и Индии: историография проблемы
Реферат: Данная статья посвящена историографии проблемы взаимоотношений Великобритании и Индии в свете влияния на них их исторической памяти колонии-империи. Исторический опыт формирования нового характера отношений между двумя государствами после обретения независимости Индии приобретает особую актуальность на современном этапе, так как в эпоху глобализации происходят изменения в геополитическом разрезе. Для изучения данной проблематики авторы статьи выделяют советскую, британскую, индийскую и казахстанскую историографию, дают им сравнительный анализ, где показывается, с каких позиций и какие теории были использованы при изучении данной проблематики.
Globalization as the topic of discussion
Автор(ы): Sadykova R. O.*
Объем документа: С. 46-50
МРНТИ: 03.81.31*
Ключевые слова: мировая политика*новый мировой порядок*региональный процесс*
Реферат: Currently, not only people, but also traditional and non-traditional actors in the world politics are involved in the process of globalization. The examples and results of globalization can be seen in our everyday life. Increasing interdependence and perception of the planet as a com-prehensive whole led to the spread of the term globalization among all participants of a new world order that was forming at that time. The phenomenon of globalization has become an integral part of the modern system of international relations. Taking into consideration the relevance and practical significance of the problems of interaction of globalization and culture, the author of this paper makes an attempt to study the phenomenon of globalization from a scientific point of view, the extent of its impact on the global and regional developments both from positive and negative aspects and to find a way to solve this problem.
Мұңлық-Зарлық дастаны фольклорлық-этнографиялық дерек көзi ретiнде
Реферат: Қазақ фольклортанудың қазiргi жағдайы, оның жетiстiктерi мен табыстары қазақ халқының романтикалық дастандарын арнайы зерттеуге көңiл бөлдi. Оны зерттеу қажеттiлiгi ұлттық фольклортанудың мiндеттерiмен ғана шектелмедi. Қазақ халықының романтикалық дастандарын халықтың көркем ойлауының формасы ретiнде зерттеу бүгiнгi күнде өзектi мәселелердiң бiрi болмақ. Дастандарда сол кезеңдегi қоғамның экономикалық дамуы бейнеленiп, жеке жанр ретiнде қалыптасты. Қазақ дастандары өзiнiң жанрлық және сюжеттiк құрамы бойынша бiр тектi емес. Жанрлық жағына келетiн болсақ, олар батырлық, дiни, тұрмыстық деп бөлiнiп, тек мазмұнына қарай емес, көркемдiк-мәнерлi бейнесi, композициялары жүйесiне қарай ерекшеленедi. Солардың iшiнде идеялық- тақырыптық ерекшелiктерi мен құндылықтарына қарай ерекше орын Мұңлық-Зарлық дастаны алады. Эпос XVI ғасырдың ортасындағы қазақ хандарының ортаазиялық шайбанидтерiмен соғыстарын жырлайды. Эпосты талдау негiзiнде автор оны фольклорлық - этнографиялық дерек көзi ретiнде қарастырады.
Саржан Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң тарихи жырлардағы көрiнiсi
Автор(ы): Бисенбаев П.*
Объем документа: С. 58-62
МРНТИ: 03.20.25*
Ключевые слова: исторический факт*народный поэт*художественный жанр*
Реферат: Саржан Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң маңызы мен саяси мәнi оқырман қауымға отан тарихының XIX ғасырға арналған тарауларынан мәлiм. Ол еңбектерде сыртқы жаудан жан-жақты қыспақ көрген халықтың тұрмыс жағдайы, Орта жүздегi хандық билiктiң жойылуына байланысты туындаған оқиғалардың сыр-сипаты сараланады. Саржан туралы көлемдi шығармалар қазақ жерiн хан Кене бастаған көтерiлiс шарпыған тұста дүниеге келген. 1846 жылы генерал Вишневскиймен бiрге Жетiсу өңiрiне аяқ басқан А. Янушкевич өзiнiң күнделiктерiнде осы жырды Қожамсүгiр деген кiсiнiң орындауында тыңдағанын айтады. Абылай ханның немересi Саржан Қасымұлының ерлiгiн Көкбай Жанатайұлы жырлаған. Одан басқа ел iшiне кең тараған Саржан батыр атты көлемдi жыр да бар. Мақала авторы осы шығармалардың дәстүрге қатысына, нақты деректердi игеру ерекшелiктерiне, жанрлық бiтiм-болмысына, образдар жүйесi мен тұтастану мәселесiне тоқталады. Сондай-ақ жыр желiсiндегi тарихи шындық пен көркемдiк шешiм арақатынасы автор назарынан тыс қалмайды.