Ключевые слова: военное искусство*юоевое действие*военная наука*
Реферат: Бұл мақалада Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған халық батыры Бауыржан Момышұлының әскери-қолбасшылық өнерi қарастырылады. Ол соғыс жылдары майдандағы шайқастарға басынан аяғына дейiн қатысып, батальоннан дивизияға дейiнгi әскери құрамаларды дарынды әрi шеберлiкпен басқарды. Шағын тобымен жаудың өзiнен бiрнеше есе көп күшiне қарсы кейiннен Момышұлы серiппесi деп аталған ұрыс тактикасын iс жүзiнде тамаша жүзеге асырды. Соғыстан кейiн үш жыл К. Е. Ворошилов атындағы Жоғары әскери академияның тыңдаушысы болды, содан соң бес жыл бойы Кеңес Армиясының Тыл және жабдықтау академиясында әскери ординарлық профессор қызметiнде дәрiс оқиды. Осы кезде тактика бойынша 6 және стратегия бойынша 9 еңбек жазады. Оның Қанмен жазылған кiтап Соғыс психологиясы және Мәскеу үшiн шайқас еңбектерi әскери қызметкерлер үшiн өте маңызды оқу құралдары болып табылады. Бұл кiтаптардың әрбiр тарауы - әскери ғылым, әскери өнер. Онда тактика да бар, онда соғыс жүргiзу тәжiрибесi де жинақталған.
Қазақстандағы экономикалық даму - ұлы жеңiске қосылған үлес
Реферат: Адамзат тарихында орын алған соғыстардың ең алапаты - Ұлы Отан соғысы қазақ қоғамына да үлкен зардап әкелдi, адам шығынын да көбейттi. Фашистiк Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы бiздiң бейбiт халықтың тыныш өмiрiн бұзды. Мемлекет соғыс жағдайына бейiмделiп, Қазақстан күштi соғыс арсеналына айналды. Соғыс алды жылдары экономикалық өсу ендi қарқынды сипат ала бастаған Қазақстан үшiн бұл соғыс үлкен сынақ болды. Соғыс жылдары Қазақстанның индустриалды дамуы экономикалық және қорғаныстық сипатта мемлекеттiң маңызды аймақтарының ресурстарын барынша көп қолдануға мүмкiндiк бердi. Әскердi киiм-кешекпен, ал тұрғындарды бiрiншi қажеттiлiктегi тауарлармен қамтамасыз еткен жеңiл және ауыр тағам өнеркәсiбiнiң рөлi де үлкен болды. Бұл мақалада сол отты жылдарда қазақстандықтардың тылдағы жасаған ерен еңбектерi туралы айтылады.
Влияние депортации на изменение этнической структуры населения Северного Казахстана
Реферат: Этническая структура населения Северного Казахстана в конце 30 - середине 40 -х гг. ХХ в. подверглась значительным изменениям. Население региона стремительно превращалось в полиэтническое, в его структуре появились новые этносы, ранее не представленные. Огромное влияние на формирование полиэтнической струтуры населения Северного Казахстана оказала насильственная депортация корейцев, поляков, немцев, чеченцев, крымских татар, ингушей, калмыков, балкарцев, карачаевцев, курдов и ряда других народов. В данной статье с позиций научной объективности проводится анализ изменения этнической структуры населения региона под влиянием процесса депортации. Автор статьи ставит основной задачей определить влияние этого фактора на формирование полиэтнического состава населения Северного Казахстана. В итоге анализируя и сопоставляя статистические данные, приходит к выводу, что депортация оказала серьезное влияние как на рост общей численности населения, так и на его этнический состав. Также анализируется этнодемографическая ситуация в регионе, главной характеристикой которой стала полиэтничность с преобладанием русскоязычного населения.
Реферат: Мақалада қазақ ұлтының мақтанышы, қазақ әдебиетiнiң iрi өкiлi, ұлт жанашыры, Алматы қаласындағы мектептерде алғаш қазақ сыныптарының ашылуына зор еңбегiн тигiзген, сатира, ирония, фельетон жанрында кеңiнен шығармаларды мұра етiп қалдырған Шона Смаханұлының еңбегi мен ерлiгi туралы кеңiнен айтылады. Сонымен қатар Шона Смаханұлының еңбегiн зерттеу барысында ол жайлы ғалымдар мен зиялы қауымның пiкiрлерi мен жоғары баға бергендерi туралы айтылады. Шоқ тiлдi Шона атамыздың шығармаларының басым көпшiлiгi - сатиралық шығармалар. Дәлелдi-деректi фельетондары, қысқа-нұсқа тапқырлық пен ұтымды тұстар Шона Смаханұлы шығармаларының басты мазмұнын құрайды. Жас ұрпақтың келешегi үшiн жасаған ерлiкке бергiсiз еңбегi Алматыдан асып, ауылдарға еркiн жеттi. Ата тарихқа, Ана тiлiне жауапкершiлiгi мен жанкештiлiгi жоғары болған Шона қазақ елiнiң ертеңiне қатты алаңдады. Аталмыш мақалада ұлт жанашырының ерлiгi, қазақ мектептерiн дамытудағы идеялары мен ұсыныстары кеңiнен тарқатылып айтылады.
Вопросы экологической истории Казахстана на фоне мировых исследований
Реферат: В данной статье рассматриваются вопросы экологической истории, которые стали предметом ряда исследований в отечественной и зарубежной науке. Актуальность исследовательской проблемы обусловлена, с одной стороны, поиском и формированием новых теоретико-концептуальных подходов изучения истории, с другой - возможностью использовать исследовательский инструментарий естественных и гуманитарных наук для расширения источниковой базы истории Казахстана. Автор попыталась сделать аналитический обзор некоторых исследований по экологической истории. В ходе изучения было выявлено, что основным объектом исследований данного направления становится взаимосвязь: общество - окружающая природная среда. В целом, исследования по экологической истории в Казахстане выявили соотношение экономики и политики в стратегии природопользования, определили роль общественных и государственных организаций в защите окружающей среды и здоровья населения.
(Вопросы экологической истории Казахстана на фоне мировых исследований)
Реферат: В данной статье рассматриваются вопросы экологической истории, которые стали предметом ряда исследований в отечественной и зарубежной науке. Актуальность исследовательской проблемы обусловлена, с одной стороны, поиском и формированием новых теоретико-концептуальных подходов изучения истории, с другой - возможностью использовать исследовательский инструментарий естественных и гуманитарных наук для расширения источниковой базы истории Казахстана. Автор попыталась сделать аналитический обзор некоторых исследований по экологической истории. В ходе изучения было выявлено, что основным объектом исследований данного направления становится взаимосвязь: общество - окружающая природная среда. В целом, исследования по экологической истории в Казахстане выявили соотношение экономики и политики в стратегии природопользования, определили роль общественных и государственных организаций в защите окружающей среды и здоровья населения.
Мезолит пен ертеголоцендiк кезең мәдениеттерiн айқындаушы факторлар мәселесi
Реферат: Бұл мақалада мезолит пен ертеголоцен дәуiрiнiң мәселелерi мен айқындаушы факторлары туралы айтылады. Голоцен дәуiрiнiң айқындаушы көрсеткiштерi сипатталып, бұл мәселенiң зерттелу деңгейi мен қысқаша Қазақстан мезолиттiк комплекстерiнiң зерттелу деңгейi баяндалады. Сонымен қатар, Қазақстан аумағына тән өзiндiк мезолиттiк мәдениет үлгiлерi орын алды. Голоцен кезеңiне жататын Атбасар, Маханжар, Кельтеминар мәдениеттерiнiң генезисi мезолит дәуiрiнен бастау алады. Қазақстандық мезолит пен ерте голоцен комплестерi өздерiнiң орналасу териториясына қарай тас құралдар жиынтығы колекциялары әртүрлi болып кездеседi. Қазақстандағы мезолиттiк ескерткiштер аздығынан сол дәуiрдiң мерзiмдеу мен кезеңдеуiн жасау мүмкiн болмай отыр. Аталмыш ескерткiштердiң жасын анықтау мәселесi әрдайым салыстырмалы және ұқсастық анализ жасау жолдарымен iске асырылды.
Поселение древних металлургов в исследованиях Центрально-Казахстанской археологической экспедиции Атасу, Мыржык, Акмустафа, Акмая, Талдысай
Реферат: В статье дана полная характеристика поселении Атасуийского и Талдысайского микрорайона. Поселения Атасу, Мыржик, Ак-Мустафа, Акмая являлись стационарными комплексами с мощными культурными отложениями, что указывает на значительную концентрацию населения в них и продолжительное время обитания. В настоящее время факт существования одного из крупных металлургических центров древнего мира на территории Улытау-Жезгазганского региона можно подтвердить только археологически, исследовав древние поселения металлургов и медные выработки горняков. В настоящее время исследуется поселение Талдысай, обнаруженное в начале 90-х годов прошлого века в Улытауском регионе, оставленное древними металлургами. В результате проведенных археологических раскопок были открыты металлургические комплексы с теплотехническими сооружениями, которые по конструкции медеплавильных агрегатов и их инфраструктуре оказались уникальными памятниками технической культуры древних племен не только для Казахстана, но и для всей Евразии.
Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда облыстарының тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң жинағын шығарудың кейбiр сабақтары
Автор(ы): Елеуов М.*
Объем документа: С. 222-229
МРНТИ: 03.81.37*
Ключевые слова: исторический памятник*культурное наследие*населенный пункт*
Реферат: Мақалада Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда облыстарындағы тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң зерттелу тарихы, зерттеулер барысында ашылып, есепке алынған ескерткiштердiң кейбiр облыстар, олардың аудандары бойынша түрлерi, саны және 2004-2006 жылдар аралығында Мәдени мұра мемлекеттiк бағдарламасы аясында зерттелген облыстарда атқарылған жұмыстар көрсетiлген. Аталған облыстардың жарыққа шыққан тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң облыстық, аудандық жинақтары салыстырылып, жинақтарға енген ескерткiштердiң қазiргi ауыл, қалалардың iшiнде қалып, әр жылдарда жүргiзiлген шаруашылық жұмыстарының барысында және табиғи апаттан өзен шайып бұзылып жатқаны, бұзылу себептерi, олардың орналасқан жерi анықталып, жинақтарда кездесетiн кемшiлiктерге шолу жасалып, оның сабақтарын ескеру, жинақтарды даярлау барысында кездесетiн қиындықтарды алдын алудың жолдары қарастырылып, ұсыныстар жасалған.
Тараз қаласында 2014 жылы жүргiзiлген археологиялық қазба жұмыстары
Реферат: Мақалада Қазақстан жерiндегi көне қалалардың бiрi Тараздың қысқаша тарихы, жазба деректер мәлiметтерi бойынша баяндалады. Қала ортағасыр кезiнде, әсiресе Түрiк және Түргеш қағанаттары тұсында астаналық қызмет атқарды. Деректерде Тараз сауда мен қол өнерi орталығы болғандығы айтылады. Ұлы Жiбек жолы Қазақ жерi арқылы өткен тұстарда Тараз түрлi елдерден келген елшiлер тоқтап, халқаралық деңгейдегi саяси мәселелер шешiлген қалаға айналған. Мақалада осы мәселелер қысқаша қарастырылады. Қаланың орнында жүргiзiлген археологиялық зерттеулерге қысқаша шолу жасалды. 2014 жылы жазғы маусым кезiнде қаланың қорғаныс құрылыстары мен қорғаныс элементтерiн анықтау мақсатында жүргiзiлген қазба жұмыстарының нәтижесi тұжырымдалған. Қазба барысында табылған күмiс, қола және мыс теңгелердiң мәлiметтерi бойынша қаланың гүлденген уақыты анықталды. Ол Түрiк және Түргеш, Қарахан қағанаттары үстемдiк құрған уақытпен сәйкес келедi. Жүргiзiлген археологиялық қазба жұмыстары кезiнде аршылған тастан салынған ғимараттар қатырылып, туристiк нысанға айландыруға ұсынылды.