Реферат: А.Дж.Тойнби, автор множества исследований по историко-философским, социологическим и политическим проблемам. Положение учҒного-специалиста, вовлечҒнного в мировую политику на самом высоком уровне в значительной степени определило характер и масштабы его исторического мышления. Британский историк предлагает свое видение исторического процесса, а также основных факторов, влияющих на развитие мировых цивилизаций. Жизнеспособность цивилизации он определяет возможностью последовательного освоения жизненной среды и развитием духовного начала во всех видах человеческой деятельности, переносом Вызовов и Ответов из внешней среды внутрь общества. И поскольку Вызовы и Ответы на них носят различный характер, постольку цивилизации оказываются непохожими одна на другую. Концепция Вызова-и-Ответа, сформированная А.Тойнби, позволяет увидеть движение истории и его причины независимо от детерминизма и догматизма в исторической науке. Вариативность и альтернативность, предложенные в данной концепции, открывают для истории новые грани и подходы в исследуемой сфере.
Алғашқы Түрiк қағанатының қалыптасуы мен дамуындағы тарихи тұлғалардың рөлi
Реферат: Автор қарастырып отырған мақаланың тақырыбы Алғашқы Түрiк қағанатының қалыптасуы мен дамуындағы тарихи тұлғалардың рөлi деп аталады. Яғни мақаланың аты айтып тұрғандай Бiрiншi Түрiк қағанатының қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан тарихи тұлғалардың рөлi зерттеледi. Ең алдымен мақалада Бiрiншi Түрiк қағанатының қағандарының қоғамдық-саяси өмiрдегi рөлi мен маңыздылығы анықталып, саяси-ұйымдастырушылық және жауынгерлiк қызметтерi жан-жақты талданды. Әлемдiк тарихи үдерiстен бiлетiнiмiздей кез-келген халықтың немесе ұлыстың даму болашағы соны үйлестiрушi жеке бiр тұлғаның әсерiмен жүредi. Яғни, белгiлi бiр тұлға тарихтың дамуына немесе оның өзгерiсiне ықпал ете алатындығын жоққа шығара алмаймыз. Өйткенi ондай мысалдар әлем тарихында жеткiлiктi. Мiне сол себептi мақалада Бiрiншi Түрiк қағанатының да ұлан-ғайыр атырапқа құлаш жайып, сол уақыттағы алып империялармен тең дәрежеде қатынас орнатқан тарихи тұлғалардың ролi ерекше болғандығы ашып айтылады. Сол сияқты автор мақалада Бiрiншi Түрiк қағанатының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан Бумын, Мұқан және Iстеми қағандардың есiмдерiне ерекше тоқталады. Сонымен берiлген мақалада тарихи деректер мен зерттеулердiң негiзiнде осы аталған тұлғалардың түрiк елiн көркейтудегi iс-әрекеттерiне жан-жақты шолу жасалған.
Жошы ұлысының алғашқы кезеңiндегi мемлекеттiк құрылымы туралы
Реферат: Автор бұл мақаласында XIII ғасырдың басында Қазақстан аумағында құрылған Жошы ұлысының алғашқы кезеңдерiндегi мемлекеттiлiк құрылымы мәселесiн қарастырады. Автор сол ғасырда жазылған жазба дерек мәлiметтерiмен қазiргi кезеңдегi тарихи зерттеулердiң материалдарына сүйене отырып Жошы ұлысының мемлекеттiк құрылымын талдайды. Жошы ұлысындағы мемлекеттiк билiктiң ең жоғарғы тобында тұрған Шыңғыс ұрпақтарының құқықтары мемлекеттiк билiктiң келесi сатыларындағы: уәзiрлер, бектер, басқақтар және т,б. мiндеттерiне тоқталып өтедi. Сондай-ақ автор Жошы ұлысындағы Орда Ежен ұлысы мен Шайбан ұлысының тарихынада тоқталады. Зерттеу барысында автор Жошы ұлысындағы жаулап алу барысында келген моңғол тiлдес тайпалардың I ғасыр шамасында жергiлiктi қыпшақ тайпалары арасына сiңiсiп тәркiленуi үрдiсiн басынан өткергенiн атап өтедi. Әсiресе, Орда Ежен ұлысындағы этникалық үдерiстердi талдай келе ондағы тайпалардың кейiннен қазақ хандығы құрамына кiрген Орта жүз тайпалары екенiн дәлелдейдi. Автор жалпы қортындыда, бiрiншiден, жаңа саяси құрылымның бiр орталықтан басқарылатын ұйым екенiне көз жеткiздiк, екiншiден, бұл Жошы ұлысы - қазақ мемлекетiне негiз болған Ақ Орда мемлекетiне iзашар болады. Осылайша, XIII ғасырдың басынан XV ғасырдың ортасына дейiн Қазақстан аумағында мемлекеттiлiк сабақтастығының үзiлмегенiн көремiз.
Қаракесек (арғын) руы туралы шежiрелiк деректердегi мәлiметтер
Реферат: Автор қарастырып отырған мақаланың тақырыбы Қаракесек (арғын) руы туралы шежiрелiк деректердегi мәлiметтер деп аталады. Мақаланың аты айтып тұрғандай шежiрелiк деректердегi арғын руы қатарына кiретiн Қаракесек руын зерттеген. Мақалада атап айтар болсақ, Қаракесек руына байланысты деректердегi берiлген мәлiметтерге тоқталып, талдап кетедi. Ең алдымен осы мақалада Қаракесек руының маңыздылығы анықталады. Оның iшiндегi Қаракесек атауының шығуы, ру болып қалыптасуы жайлы зерттеулер мен тұжырымдарды қарап, зерттейдi. Нәтижесiнде руға байланысты көптеген деректер мен зерттеулердi қарастырып, Қаракесек тобына жататын руларды тiзiп, қорытындылар шығарады. Нақтырақ айтсақ, рудың шығу тегi, атауы, тұрған аумақтары, Қаракесек атауының шығуына қатысты әр түрлi аңыздар жайлы мәлiметтер кездеседi. Сонымен қатар қарастырылған шежiрелiк деректердiң бүгiнгi таңдағы рөлi мен маңызын анықтаған. Берiлген мақалада автор тарихи оқулықтар мен зерттеу еңбектерiнде берiлген Қаракесек руына байланысты мәлiметтердi жинастырып, қарастырып, дұрыс баға беруге талпыныс жасаған. Қаракесек руына байланысты шежiрелiк деректер атты мәселенi зерттеген.
Ресей отар жағдайындағы Қазақстандағы iс жүргiзу
Автор(ы): Ақбаев А. Ш.*
Объем документа: C. 261-267
МРНТИ: 03.81.43*
Ключевые слова: Российская империя*управление*колонизация*коллегия*делопроизводство*документы*генерал-губернатор*
Реферат: Бұл мақалада Қазақастанға империялық басқару жүйесiнiң енгiзiлуi және оны патшалы Ресейге толығымен енгiзу мақсатында жүргiзiлген саяси мәселелердi қарастырған. Оның iшiнде Ресей империясы Қазақстанға қандай басқару жүйелерiн орнатты, заң жүргiзу үшiн ең алғашқы мекемелер қай жерлерде ашылды және олардың қызметтерi ашып көрсетiлген. Сондай-ақ ел аумағында империялық отарлық саясатты жүргiзу мақсатында мекемелердiң кеңейтiлген жүйесi ұйымдастырылғаны жайлы. Iс жүргiзу жүйесiнде жаңа заңдардың, Министрлiктердi ортақ құру заңының, басқару ережелерiнiң, нормативтiк құжаттардың қағидалары мен мiндеттерi туралы айқындалады. Аталған Заң, құжаттармен жұмыс iстеудiң барлық сатысындағы түрлi лауазымды тұлғалардың өкiлеттерi мен мiндеттерi белгiлегендiгiн ашып көрсеткен. Мемлекеттiк мекемелерде орын алған осындай жағдайлар әрине, олардың iс жүргiзуiне де әсер етпей қоймады. Коллегиялық iс жүргiзудi министрлiк (немесе атқарушы) iс жүргiзуi алмастырды. Министрлiктердi ортақ құру заңы iстердiң келiп түсуi мен қозғалысының тәртiбiн: iстердi тiркеудiң белгiлi нысандарын, орындау мерзiмi көрсетiлген iстердiң министрлiк iшiндегi қозғалысын, құжаттардың жолдануын, орындалуын тексеру және есеп берудi реттеп бердi. Мұндай шырмалған тәртiп iс жүргiзуде бюрократизмнiң толықтай сiңiсiп орнығуына себеп болды. Тек мына бiр ғана фактiден оны анық байқауға болады. Министрлiктiң бiр департаментiнде құжат қозғалысында 34 операция жүргiзiлген. Министрлiктердi ұйымдастыруда, оның iс жүргiзуiнде және қызметiнiң принциптерiндегi бiрыңғайлық орталық аппаратты күшейттi. Бiртiндеп басқарудың коллегиялық әдiстерiн ығыстыруға мүмкiндiк бердi. Iс жүргiзу жүйесiнiң империяның саясатын тиянақты жүзеге асыруға бағытталғандықтан, оның негiзгi процестерi осы саясаттың жүзеге асу барысын толық көрсетiп бере алады. Жалпы алғанда автор мақалада революцияға дейiнгi мемлекеттiк iс жүргiзу күрделi даму сатысынан өткендiгi жайлы мағлұматтар берген.
Әскери коммунизм саясаты тұсындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрi
Автор(ы): Есбаев Е. О.*
Объем документа: C. 268-275
МРНТИ: 03.20.55*
Ключевые слова: военный коммунизм*стратегия*социалистическая революция*периодическая печать*большевик*идеология*партия*
Реферат: Мақала әскери коммунизм саясаты тұсындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрi тақырыбына жазылған. Мақалада 1918-1920 Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмiр және әскери коммунизм саясатының негiзгi ерекшелiктерi көрсетiлген. Автор мақалада басты назарды Қазақстан аумағында жүргiзiлген Кеңес мемлекетiндегi Азамат соғысы жылдарында орын алған экономикалық саясаттағы әскери-коммунистiк шаралардың бiрi - Жалпыға бiрдей еңбекке бағындыру мәселесiне аударды. Жалпыға бiрдей еңбекке бағындыру - сыртқы экономикалық күштеудiң күрделi жүйесi болды, тұрғындардың барлығын қамтыды. Оны ендiрудiң мәнi, Азамат соғысында жеңiске жету үшiн еңбек резервтерiн жұмысқа салу емес, сонымен қатар барлығын еңбекке жұмылдыра отырып,коммунистiк қоғам құруға талпыну. Мақалада басты назарды автор Қазақстандағы бiлiм жүйесi қалыптасуының негiзгi белгiлерiне аударған. Мақалада сонымен қатар әскери-коммунистiк тәртiп, социалистiк, экономикалық және осы саясаттың зардабы қарастырылған. Сонымен қатар әскери коммунизм саясаты тұсындағы жастар ұйымдарының қызметi және Қазақстандағы бiлiмнiң даму болашағына көзқарастар келтiрiлген. Аталмыш мәселе аз зерттелген және болашақта зерттеудi қажет етедi.
XX ғасыр басындағы Қазақстанның ағарту саласындағы олқылықтар мен өзектi мәселелер
Реферат: Бұл мақалада ХХ ғасырдың бас кезiндегi, атап айтқанда қазан төңкерiсiне дейiнгi уақыт аралығында жалпы Қазақстандағы бiлiм беру iсiнiң кемшiл тұстары мен өзектi мәселелерi айтылады. Бұл кезде қазақ даласында Ресей патша үкiметiнiң орыстандыру мақсатында жүргiзген бiлiм беру саясатының ықпалымен құрылған орыс-қазақ төземдiк мектептерi және ескiше (қадимше) оқыту орындары болған медреселер мен жаңаша бағытта құрылған жәдиттiк мектептердiң қатар өмiр сүрген жағдайы қалыптасты. Бұл жағдай өлкемiздiң бiлiм беру жүйесiнiң дамуына терiс ықпал еттi. Осы тығырықтан шығу жолдарын iздеу мен қатар бiлiм беру iсiнiң көкейтестi мәселесiн шешу мәселесiне қазақ жұрты жай қарамады. Қазақ зиялыларының осы кездегi басты мақсаттарының бiрi ұлттық бағыттағы мектептер құруға, халықты жаппай сауатты етуге, бiлiм беру сапасының өсуiне күш салу болды. Соған қарамастан, сол кездегi бiлiм беру iсiнде көптеген қайшылықтар мен кемшiлiктердiң болуы халықтың сауаттылық деңгейiнiң жоғарлауына бiлiм сапасының өсуiне үлкен кедергiлер жасады. Мақалада Қазақстандағы бiлiм беру iсiнде қалыптасқан үш бағытты салыстыра отырып, халыққа ең тиiмдiсi қайсы болды деген сұраққа жауап iзделiнедi.
Қазақ интеллигенциясының Қазақстанның Ресейге қосылуының алғы шарттары туралы мәселеге көзқарасы
Реферат: Бұл мақалада автор, қазақ зиялыларын толғандырған мәселелердiң бiрi-Қазақ интеллигенциясының Ресейге қосылуының алғышарттары туралы мәселеге көзқарасы. Қазақа даласын басқаға тәуелдi еткен бұл процеске кiм кiнәлi деген сауалға байланысты қазақ зиялылары көптеген еңбектер де жазды. Бұл мәселеге байланысты қазақ зиялыларының ой - пiкiрлерi төмендегiдей бағытта болған: - Қазақстанның Рессейге қосылуының сыртқы факторлардың, Әсiресе жоңғар жаулауының әсерi; - Осы процестегi жеке тұлғалардың, соның iшiнде Әбiлқайырдың орны мен ролi; - қазақ билеушiлерiнiң және қазақтың өз арасындағы iшкi алауыздықты өршiту саясатының халықтың Ресей боданына айналуын тездетуге тигiзген ықпалы.
Анализ миграционных процессов в Республике Казахстан
Реферат: Обеспечение экономической, политической и социальной стабильности в среднесрочной перспективе и для дальнейшего экономического роста Казахстана взаимообусловлено с развитием демографических процессов, а также миграционных процессов так как миграция населения является важнейшим и неотъемлемым звеном демографического развития нашей республики. Включение вопросов миграции и народонаселения в экономические стратегии позволит ускорить темпы устойчивого развития и повышения качества жизни людей. На данном этапе развития демографическая ситуация в стране характеризуется проявлением новых тенденций в миграции населения, осложнением демографической ситуации, наличием сложных проблем, требующих незамедлительного реагирования. В сложившейся ситуации необходимо определение основных целей демографической и миграционной политики и их разработка в контексте с социально-экономическим развитием республики в долгосрочной перспективе. Под воздействием интенсивных демографических процессов, и особенно миграции, происходят заметные сдвиги в структуре населения. Они оказывают влияние на динамику и национальный состав населения, что также требует изучения происходящих процессов, определения основных тенденций и прогнозной оценки. Это немаловажно для поддержания гражданского согласия и стабильности в межнациональных отношениях. С этой целью необходима разработка и внедрение на практике концепции демографической политики как составной части социально-экономической политики Республики Казахстан и программы развития народонаселения, в которой должны быть четко сформулированы основные цели и механизм реализации.
Исторический аспект развития Казахстанской модели смешанной экономики
Автор(ы): Буркитбаева М. К.*
Объем документа: C. 296-301
МРНТИ: 06.09.91*
Ключевые слова: Республика Казахстан*история формирования рыночной экономики*инновационное развитие*смешанная экономика*
Реферат: В статье, автор, на основе фактического материала указывает на то, что, конец XX и начало XXI века для республики, также как и для всех пост социалистических стран, характеризовался глубокими социально-экономическими трансформациями. За 20 лет независимости Казахстан прошел сложный путь перехода от рыночных реформ к формированию рыночной экономики, ориентированной на инновационное развитие, от глубокого экономического спада к экономическому росту и социальной стабильности общества. Как известно, в начале 90-х годов в республике наблюдался самый большой экономический спад за всю современную историю развития, сопровождавшийся беспрецедентны ростом уровня инфляции, разрушением накопленного экономического потенциала, массовой безработицей и ростом уровня бедности. Дальнейшее решение социально-экономических проблем зависело от правильности выбора стратегических целей и приоритетов развития. И такой выбор был сделан, когда впервые на постсоветском пространстве в 1997 г. была разработана Стратегия развития Казахстана до 2030 года, ставшая главным ориентиром для развития экономики и социума республики.