Реферат: В последнее время количество неправительственных организации (НПО) растет очень быстро во многих стра┐нах мира и Корея не является исключением. В последнее время, учитывая нарастающую роль гражданского общества, правительство Кореи уделяет особое внимания на деятельность и призыв НПО. Есть минусы и плюсы в отношении между правительством и НПО, но отношение между правительством и НПО постепенно стано┐вится неделимой. Вдоль такой тенденции эта статья рассмотрит правительственную помощь корейским НПО.
Байбөрi баласы Бамсы-бәйрек туралы жырдағы көне түркi мифологиясы
Реферат: Мақалада Қорқыт ата кiтабында айтылатын жырларының iшiндегi Бамсы-Бәйрекке қатысты жырда орын алған оғыз тайпаларының көне наным-сенiмдерi мен байырғы түркi халықтарының мифтiк элементтерi және шамандық нанымындарына байланысты дүниеге келген көне сюжеттер арнайы қарастырылады. Көне дәуiрлерден берi сақталған байырғы түркi халықтарының нанымдары мен әлемнiң жаратылысы турасында дүниеге келтiрген мифтiк түсiнiктерi жақсы сақталған, кiтап кейiнiрек исламдық құндылықтарды қабылдаған кезеңде хатқа түскенiмен жырдың бойында ескi нанымдар көп өзгерiске ұшырамағандығы зерттеу нысанына айналады.
Реферат: Мақалада поэтикалық мәтiндi аудару мәселелерi қарастырыла келе, атақты парсы ақыны Хафиз қазалдарының қазақ тiлiне аударылу ерекшелiктерi айқындалады. Аударманы интерпретация деп қарастыру барысында оның герменевтикалық және когнитивтiк аспектiлерiнiң ұтымды не кемiстi жақтары Хафиз өлеңдерiнiң Шәкәрiм Құдайбердiұлының аудармасы тұрғысында анықталады. Герменевтикалық тұрғыда интерпретациялай аудару еркiн аудармаға және назира дәстүрiне ұласуға бейiм екенi көрсетiледi.
Түркi тiлдерiнiң генеалогиялық және типологиялық сипаты
Реферат: Мақала көне түркi жазба ескерткiштерiнiң когнитивтiк сипатына арналған. Зерттеудiң өзектiлiгi көне түркi жазба ескерткiштерiне когитивтiк талдау алғаш рет салысттырмалы-тарихи сипатта, диахрониялық және синхрониялық зерттеулер шегiнде жазылғандығымен сипатталады.
Лингвистический анализ философских терминов Дивани Лугат ат-Тюрк М. Кашгари в переводе А. Егеубаева
Автор(ы): Ешметова Б.*Кодар А.*
Объем документа: С. 93-96
МРНТИ: 16.31.41*
Ключевые слова: Махмуд Кашгари*Дивани лугат ат-тюрк*семантика*
Реферат: В последние годы Словарь Махмуда Кашгари представляет большой интерес, как для ученых-лингвистов, так и для историков, но на самом деле он таит в себе и большой мировоззренческий пласт мышления тюрков. Данная статья пыталась рассмотреть в философских вариациях именно этот пласт.
Реферат: Мақалада қазақ тiлi мен парсы тiлiнiң байланыстарын тарихи-мәдени факторлар тұрғысынан қарастырылып, оған арнайы тоқталып, өткен тарихқа қысқаша шолу жасалған. Мақалада парсы көрме сөздерiнiң қазақ тiлiнiң фонетикалық ережелерiне бағына отырып, парсылық қалыптарын сақтағаны туралы баяндалады.
Қытай тiлiндегi дағдылы тiркестер-гуань юн юйдiң шығу тарихы және қалыптасу үдерiсi
Реферат: Мақала қолданылу аясы мен саны қытай тiлiндегi фразеологиялық бiрлiктердiң ешбiрiнен кем түспейтiн, алайда аз зерттелгендiктен тиiстi бағасын ала алмай отырған дағдылы тiркестерге арналған. Гуань юн юй-дағдылы тiркестер қытайлықтардың дүниетанымынан хабар беретiн маңызды тiлдiк құбылыс ретiнде қытайлық лингвист ғалымдардың назарын өзiне соңғы жылдары ғана аудара бастады. Ертеректе жазылған еңбектерде дағдылы тiркестер түрлi фразеологиялық бiрлiктердiң қатарына жатқызылып, тасада қалып келдi. Мақалада қытай тiлi фразеологизмдерiнiң iшiндегi негiзгi фразеологиялық бiрлiктердiң бiрi гуань юн юй дағдылы тiркестердiң шығу тарихы мен қалыптасу үдерiсi қарастырылған.
Реферат: Корей тiлiнде сленг сөздер ерекше орын алады. Заман талабына сай, корей кинолары мен әндерiнде көрiнiс тапқан сленгтердiң зерттелу тарихына шолу жасап, корей тiлiндегi сленг ұғымына терең түсiнiктеме беру осы мақаланың мақсаты болмақ.
Қытай тiлiндегi иероглифтердiң корей тiлiне енуi және олардың қолданылуы
Реферат: Мақалада қытай иероглифтерiнiң корей тiлiне енiп кiруi мен корейлiктердiң осы қытай иероглифтерiн қолданылуы жайлы баяндалады. Сонымен қатар корейлiктер қытай иероглифтерiне сүйене отыра өздерiнiң жазуларын жасап шығаруы туралы сипатталады. Қытай жазуы Кореяға VII ғасырларда үш мемлекет кезеңiнде буддизмнiң кiруiмен енiп кiрген болатын. Алайда корейлiктерге иероглифтердi таныстырған дiни мәтiндер емес, Чжонджамун деген қытай тiлiнде жазылған мәтiн болды. XV ғасырдың ортасында корей тiлiнде алфавиттiң пайда болуына дейiн ханмун Кореяда Иду мен Хянгчальды санамағанда жалғыз жазба тiлi болып қалды. Иду мен Хянгчаль - корей сөздерiн жеткiзу үшiн қытай иероглифтерiн бейiмдеудiң бiрнеше әрекеттер жасаудағы жазу жүйесi болып табылады. 1443-1445 жылдары Ли династиясының патшасы Седжонгның басқаруымен бiр топ ғалымдар корей тiлiндегi алфавит хангыльды жасап шығарды.
Әл-Халил ибн Ахмадтың араб дыбыстарының сипаттарына байланысты қолданған терминдерi
Автор(ы): Қыдырбаев Қ. А.*Мұстафаева А. А.*Инаятулла М.*
Реферат: Араб тiлiнiң дыбыстық жүйесiне қатысты терминдiк атаулар орта ғасырлардан бастау алатыны белгiлi. Сол терминдiк атаулардың негiзiн салған ғалымдардың бiрi, әрi бiрегейi әл-Халил ибн Ахмад әл-Фараhиди болды. Оның қолданған терминдiк атауларының көпшiлiгi әлi күнге дейiн атауын өзгертпей өзгерiссiз қолданылып келедi. Бұл жұмысымызда әл-Халил қолданған араб дыбыстарының сипаттарына байланысты терминдiк атауларға тоқталып, мағынасын ашатын боламыз.