Problems of interstate dialogue of the people\'s Republic of China - Republic of Kazakhstan in the domestic and foreign historiography
Автор(ы): Batpenova Z. S.*Suleimenova M. M.*
Объем документа: С. 27-31
МРНТИ: 11.25*
Ключевые слова: проблемы межгосударственных отношений*вопросы взаимодействия*востоковедческие исследования*актуальные проблемы*научные работы*определенный аспект*
Реферат: The importance of foreign policy interaction of China and Kazakhstan found reflection in works of experts in international policy - political scientists, economists, historians. The considerable emphasis is placed on problems of the interstate relations of the PRC-PK owing to intensive and continuous cooperation of the countries. Both in domestic and in foreign historiography questions of bilateral cooperation are considered not in complex researches, but separate aspects of the interstate relations are affected.
Қытай Халық Республикасында қазақ диаспорасының қалыптасуы
Автор(ы): Жұмабай Н.*
Объем документа: С. 32-35
МРНТИ: 03.81.57*
Ключевые слова: Китайская Народная Республика*Казахская диаспора*династия Цин*
Реферат: Мақалада қазiргi Қытай халық республикасында өмiр сүрiп жатқан қазақ диаспорасының қалай қалыптасқандығы тарихи дерек көздерiн негiз ете отырып қарастырылады. Сонымен қатар, қазақ диаспораның қалыптасу үрдiсiндегi тарихи кезеңдер мен маңызды уақиғалар хақында талдау жасалады.
Қытайдың Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы шекара пункт құрылымдарының дамуы
Реферат: Мақалада Қытайдың Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы шекара пункт құрылымдарының дамуына сараптама жасалып, Қорғас, Достық - Алашанкоу, Бақты, Дулат, Майқапшағай шекара пункттерiнiң қалыптасуы мен дамуы зерттелдi. Шыңжаң өлкесiндегi Қазақстанмен шекаралас кедендiк құрылымдардың құрылу және қызмет ету мәселелерiне зерттеу жүргiзе отырып Қазақстандық тарихнамада алғаш рет Батыс Қытаймен шекарадағы кедендiк саланың тарихы мәселелерiне кешендi, жан-жақты және объективтi зерттеу жүргiзiлдi.
Жапониядағы мемлекеттiк қызметтiң ерекшелiктерi
Автор(ы): Идрисова Ә. Ш.*
Объем документа: С. 41-44
МРНТИ: 10.17.25*
Ключевые слова: государственная служба*Япония*государственные служащие*бюрократия*
Реферат: Әлемде қалыптасқан мемлекеттiк қызметтi ұйымдастыру үлгiлерiнiң iшiнде Жапонияның мемлекеттiк қызметiнiң рөлi ерекше. Сондықтан, мақалада Жапонияның мемлекеттiк қызмет институтына, оның ерекшелiктерiне талдау жасалып, маңызды мәселелер көрсетiлген.
Қазақ және қытай қолданбалы сәндiк өнерiндегi негiзгi айшықтар
Реферат: Берiлген мақалада қазақ және қытай мәдениеттерiнде қолданбалы сәндiк өнердiң тарихы салыстырыла отырып қарастырылған, қазақ және қытай мәдениетiнде аталған саланың орны, зергерлiк бұйымдардың шығыс мәдениетiндегi, тұрмыс-тiршiлiгiндегi қызметi екi халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенiмдерiмен сабақтастырыла қарастырылған, бұл салада үздiксiз зерттеу жүргiзген қытай және қазақ ғалымдарының ұлттық мәдениет ерекшелiктерiнiң мәдениет сахнасындағы келбетi жөнiндегi пайымдаулары жан-жақты талданған.
Көне түркi мемлекеттiлiгiнiң дербес ел болу философиясының тәуелсiз Қазақстан саясатындағы көрiнiсi
Реферат: Мақалада көне түркiлiк ру-тайпалардың өмiр-салты мен әдет-ғұрпы, елдiгi мен мемлекеттiгiнiң қалыптасуы, олардың өзара қарым-қатынасының ерекшелiгi жайындағы деректердiң бүгiнгi елдiгiмiзге дейiн дәстүр жалғастығы мен сабақтастығын сақтап келе жатқандығы сөз болады. Ұзақ уақыт бойы тарихи-саяси жағдайдың сан алуан себеп-салдарынан қазiргi Қазақстан териториясында небiр мемлекеттер құрылып, кейбiреулерi белгiлi бiр уақыт өлшемi тұрғысынан алғанда ұзақ өмiр сүрген болса, ендi бiреулерi бiрнеше ондаған жылдар ғана тайпалық одақ немесе мемлекеттiк бiрлестiк ретiнде көрiнiп, тарих сахнасынан кетiп отырғанындығы белгiлi. Мақалада тарих бойындағы осы тайпалық одақтар мен мемлекеттiк бiрлестiктердiң бүгiнгi Қазақстан тәуелсiз ел болу саясатындағы алар орны бағамдалады.
XX ғ. ортасы мен ХХI ғ. бас кезiндегi Сирия мен Түркия саясатындағы күрдтер мәселесi
Реферат: Қазiргi таңда Таяу Шығыс аймағындағы бiрқатар шешiлмеген мәселелердiң бiрi - күрдтер мәселесi болып табылады. Олар Сирия, Түркия, Иран, Ирақ жерлерiнде қоныстанып, ортақ мақсаттары, яғни тәуелсiздiк алып, Күрдiстан мемлекетiн құру болғанымен, жеке мемлекет бойынша бөлiп қарастырғанда, мақсаттары өзгеше келедi. Бұл мақалада Сирия мен Түркия мемлекеттерiндегi күрдтердiң әлеуметтiк саяси өмiрi мен олардың өзара айырмашылығы қарастырылады.
Түркия мен Әзiрбайжанның энергетикалық қатынастары
Реферат: Түркия мен Әзiрбайжан қатынастарының негiзiн табиғи газ бен мұнай саласы құрайды. Әзiрбайжан мен Түркия арасындағы кейбiр саяси шиеленiстерге қарамастан Анкара мен Баку өзара ықпалдасу мен ынтымақтасуда бiрiгiп iс-әрекет жасап отыр. Энергетикалық ынтымақтастық Түркия мен Әзiрбайжанның аймақтық энергетикалық қатынастардағы ұстанымын жақсартып қана қоймай, Еуразия мен Каспий аймағындағы геосаясатқа да әсерiн тигiзбекшi. Түркия мен Әзiрбайжан алдағы жылдарда TANAP, BТЕ, TAP, Trans-Caspian pipeline, Nabucco сияқты екi жаққа да тиiмдi экономикалық жобаларды ойластыруда. Түркия энергияны арзан бағаға сатып алып, оны Еуропаға қымбатырақ бағаға сатуды көздейдi. Әзiрбайжан болса, өз газын мүмкiндiгiнше қымбатқа сатқысы келедi.
Реферат: Аталмыш мақалада Шыңжаңдағы этникалық азшылықтардың көптүрлiлiгi, саяси-әлеуметтiк жағдайы, дiни наным-сенiм еркiндiгi және олардың саясатта орын алуы, интеграциялық үрдiске тартылуы сияқты мәселелерi кешендi түрде қарастырылған. Шыңжаңдағы басты дiн - Исламның Қытай қоғамындағы алатын орны мен мұсылман халықтарының салт-дәстүрлерi сипатталған. Сондай-ақ қазiргi ШҰАА-дағы дiни хал-ахуалдық өзiндiк ерекшелiктерi мен конфессияаралық қатынастардың даму үрдiстерi талданған.