Карьерлерде қопарып аттыру жұмыстары кезiнде пайда болатын шанды газ бұлтының көлемiн анықтау
Автор(ы): Бимбетов М. Ү.*
Объем документа: С. 130-139
МРНТИ: 52.13.21
Ключевые слова: работа взрывная*облако пылегазовое*
Реферат: Бұл жұмыста карьерлерде қопарып аттыру жұмыстары кезінде пайда болатын шаңды газ бұлтының қалыптасу процесін зерттеу бойынша әдебиет көздеріне аналитикалық шолу жасалған. Әрбір автор еңбегіне талдау жасалынып, оларға сыни пікірлер келтірілген. Шаңды газ бұлтына әсер ететін негізгі факторлар анықталып, оның формасының уақыт өткен сайын қандай түрге енетіндігі келтіріледі. Қисық формалы шаңды газ бұлтының көлемінің уақыт бірлігінде даму динамикасын математикалық жолмен жазу үшін, оның шектік траекторияларының өзгерісі қарастырылады. Бұл жерде бүйірлік жел ағымы және шаңды газ бұлтының турбуленттік режимде қозғалатындығы айтылады. Динамикалық және температуралық факторларды ескере отырып, шаңды газ бұлтының үш өлшемді кеңістіктегі қозғалысы теңдеулер жүйесімен өрнектеледі. Осы теңдеулерді әрбір координата осьтері бойынша жеке шешіп алып, шаңды газ бұлтының шектік траекторияларының уақыт бірлігіндегі өзгерісінің формулалары алынған. Осылардың негізінде ары қарай шаңды газ бұлты көлемінің уақыт бойынша өзгерісін көрсететін формуласы келтіріледі.
Расчет суммарных перемещений валков при прокатке в новом стане с применением программы MSC.visualNastran 4D
Автор(ы): Машеков С. А.*Нуртазаев А. Е.*Нугман Е. З.*Ерубаев Е. А.*