Некробактериоз - мал шаруашылығының өзектi мәселесi
Автор(ы): Сущих В. Ю.*Қанатов Б.*
Объем документа: C. 60-65
МРНТИ: 68.41.53
Ключевые слова: некробактериоз*лечение животных*
Реферат: Мақалада әр түлiк малындағы некробактериоз ауруының клиникалық көрiнiсi, балау әдiстерi, емдеу және арнайы алдын алу әдiстерi туралы мәлiметтер келтiрiлген.
Мал бруцеллезiн сауықтыру шаралары
Автор(ы): Сұлтанов А. Ә.*Барамова Ш. А.*Шманова Б.*
Реферат: Мақалада ұсақ мал бруцеллезi бойынша сәтсiз шаруашылықтардағы iндет жағдайы бойынша мәлiметтер келтiрiлген. Республика облыстарындағы iндет жағдайының нашарлау себептерi көрсетiлiп, шаруашылықтарды бруцеллез ауруынан сауықтыруға бағытталған шаралар ұсынылады.
Теңiз шошқаларына ауыз арқылы енгiзiлген эшерихиялардың бактерицин түзушi штамдарының зиянсыздығын анықтау
Автор(ы): Мақбұз А. Ж.*Бияшев Қ. Б.*Кiркiмбаева Ж. С.*Бияшев Б. Қ.*Нұрғожаева Г.*Орынтаев Қ. Б.*Ермағамбетова С. Е.*Арзымбетов Д. Е.*
Реферат: Мақалада E.coli 39, E.coli 60, E.coli 64, E.coli 66 штамдары өсiндiлерiнiң сорпадағы және агардағы тәулiктiк өсiндiлерiнiң қоспасын теңiз шошқаларына әр түрлi мөлшерде ауыз арқылы енгiзгенде, тәжiрибелiк жануарларда ешқандай ауру белгiлерi туындамайтыны атап өтiлген. Сойылған жануарлардың iшкi ағзаларын зерттеу кезiнде ешқандай патологиялық өзгерiс байқалмады.
Мал шаруашылығы орындарында қолданылатын зарарсыздандырғыш препараттарды талдау
Автор(ы): Жамансарин Т. М.*Жұмағалиев А. Д.*
Объем документа: С. 78-81
МРНТИ: 68.41.31
Ключевые слова: дизенфекция*способы дезинфекции*
Реферат: Мақалада мал шаруашылығындағы зарарсыздандыру мәселесi жан-жақты талданған. Зарарсыздандырудың қажеттiлiгi негiзделiп, бұл жұмыстарды жүргiзу кезiнде орын алатын олқылықтар көрсетiледi. Сондай-ақ, зарарсыздандыру әдiстерi көрсетiлген.
Қызылорда облысындағы табиғи су айдындарында тауарлы-көл балық шаруашылығын ұйымдастыру
Реферат: Мақалада Қызылорда облысының табиғи су айдындарын көркейту негiзiнде ұйымдастырылған тауарлы-көл балық шаруашылықтарында (ТКБШ) балық өнiмiн көбейтудiң жолдары баяндалады. Көлдердi ТКБШ режимiнде пайдалануды басқару стратегиясы келтiрiлген. Техникалық қауiптiлiк және форс-мажорлық жағдайларды бағалау көрсетiлген, оларды жою және болдырмау шаралары ұсынылған.
Панфилов ауданындағы көлдердiң ихтиофаунасы және балық шаруашылықтық маңызы
Автор(ы): Пазылбеков М. Ж.*
Объем документа: С. 89-94
МРНТИ: 69.09.11
Ключевые слова: ихтиофауны озер*виды рыб*
Реферат: Мақалада Панфилов ауданындағы көлдерге 2010 ж. жүргiзiлген зерттеу жұмыстарының нәтижелерi бойынша ихтиофауна құрамы сипатталған. Анықталған балықтарға биологиялық талдау нәтижелерi бойынша толық сипаттама берiлдi.
Жаздық жұмсақ бидайдың келешегi мол желiлерiн әр түрлi топырақ-климаттық аймақтарда сынаудың нәтижелерi
Автор(ы): Бабкенов А. Т.*Гаас О. C.*Бекенова Л. В.*
Реферат: Мақалада келешегi мол жаздық жұмсақ бидай желiлерiнiң әр түрлi топырақ-климаттық аймақтарда экологиялық сортсынау қорытындылары келтiрiлген. Зерттеу нәтижесiнде Солтүстiк және Тәуелсiздiк 20 екi желiсi iрiктелiп, мемлекеттiк сортсынау учаскелерiне жiберiлдi.
Реферат: Мақалада 2011 ж. Мемлекеттiк сортсынауға тапсырылған жаздық жұмсақ бидайдың жаңа Орал сортына сипаттама берiлген. Сорт өнiмдiлiгiмен, қуаңшылыққа төзiмдiлiгiмен, сапасымен ерекшеленедi.
Жұмсақ бидай селекциясына жабайы туыстардың тектiк қорын пайдалану
Автор(ы): Қожахметов К. К.*Абугалиева А. И.*
Объем документа: С. 9-12
МРНТИ: 68.35.03
Ключевые слова: качество зерна*гибриды пшеницы*селекция*
Реферат: Мақалада бидайдың тұраралық және туысаралық будан өсiмдiктерiнiң негiзгi шаруашылық бағалы белгiлерi мен дәнiнiң сапасы зерттелген. Алынған өнiмдiлiгi жоғары және сапалы үлгiлердiң алғашқы материал ретiнде селекцияға пайдалы екендiгi айтылған.