Бұхар сұр қаракөл қойларының жеке топтарындағы селекциялық - генетикалық құбылстарды талдау
Автор(ы): Байбеков Е.*Байбеков М. Е.*
Объем документа: С. 24-25
МРНТИ: 68.39.31
Ключевые слова: овцы каракульские*селекция овец*
Реферат: Мақалада бұхар сұр қаракөл қойларының жеке топтарындағы селекциялық генетикалық құбылыстар талданған. Селекция тиiмдiлiгiнiң төмендеуiне басты себептердiң бiрi бұхар сұр түстi қаракөл қозыларын тұқымға iрiктегенде селекциялық белгiлердi фенотиптiк бағалауда көзбен мөлшерлеу әдiсiнiң қолданылуы. Сонымен бiрге, желi бойынша белгiлерге ұзақ мерзiмде бiр жақты iрiктеу жұмыстарын жүргiзу, кейбiр селекциялық белгiлердiң көрсеткiштерi шектен тыс артып, басқа белгiлердiң жетiлуiн тежейтiндiгi анықталған.
Қытайда өсiрiлген қазақи жылқы экотипiнiң сүт өнiмдiлiгi
Реферат: Тәжрибе қазақы жылқыларының сүт өнiмдiлiгiн анықтау үшiн 2006-2007 жылдарында жүргiзiлген. Нәтиже бойынша белок құрамы сиыр сүтiне қарағанда бiршама төмен екен. Кальций мен фосфордың ара қатынасы 1,495:1. Негiзгi дәрумендердiң барлығы бар екендiгi және солардың iшiнде С дәруменiнiң құрамы адам (4,3 мг/100 мл) және сиыр сүтiмен (11 мг/100 мл) салыстырғанда ерекше көрнектi, яғни сиыр сүтiнен 30 есе жоғары екендiгi анықталған.
Iрі қара терiсiнiң былғарылық өнiмге жарамдылығы
Автор(ы): Кенжебай М. Ш.*
Объем документа: С. 31-33
МРНТИ: 68.39.19
Ключевые слова: крупный рогатый скот*шкурки коров*
Реферат: Тәжрибелiк жұмысты қорыта келгенде, Оңтүстiк - шығыс аймағында өсiрiлетiн iрi қара тұқымына байланысты және терiдегi ақауларына қарай аяқ-киiмдiк және ер - тұрманға арналған былғарылық бұйымдарға жарамды терiлер алуға болатындығы жөнiнде айтылған.
Мұғалжар биелерiнiң өте сүттi тармақтарын шығару тәсiлдерi
Реферат: Биеден сүт алу және ерекшелiктерiн зерттеу толық қызықтырады, мысалы ұзақтығы, бiркелкiлiгi, жылдамдығы және толық сауылуы. Мыңбаев атындағы тәжрибе шаруашылығындағында биелердiң сауын хронометражы көсетiлгендей, орташа сауын уақыты 85 сек.-тан 185 дейiн аутқитыны байқалған. Тек биелердiң орташа сауыны 7,2 % 60 сек. сауылған, ал 45,8 % орташа көрсеткiштен асып кеткен. Зерттеулер көрсеткендей, биелердiң сауын сүтi әр сауында 0,4 л ден 3,1 л дейiн ауытқиды. Әр сауынның бақылау жұмыстарын жүргiзген кезде байқағанымыз: тәулiктiк сауған сүттен 1-шi сауын-13,9 % 2-шi сауын-27,6 %, 3-шi сауын-29,1 %, 4-шi сауын 29,1 % құрайды. Биелердiң сүт беру жылдамдығы 0,6-дан 3 л дейiн 1 мин, орташа ол 1,5 л тең. Сүт беру жылдамдығы мен бiр сауым сүттiң арасында оң корреляция бар. Зерттеуде көрсеткендей, сүт беру жылдамдығы малдың жеке қасиеттерiне және тұқымына, өнiмдiлiгiне, сүт беру кезеңдерiне, сауын жағдайына тығыз байланысты екендiгi анықталынған.
Швиц тұқымы сиырының әртүрлi қандастығы, сыртқы белгiлерiнiң баллдық бағалануы
Автор(ы): Қарымсақов Т. Н.*
Объем документа: С. 39-40
МРНТИ: 68.39.29
Ключевые слова: крупный рогатый скот*молочная продуктивность коров*экстерьерная оценка коров*
Реферат: Балдық бағалау Алматы асыл тұқымды зауытында сүттi сиырдың жаңа қазақы қоңыр типiн шығару бойынша анықталды. Осы табында 6-дан 93,5 %-ға дейiн швиц тұқымы қандас болды. Малдың балдық бағалауына талдау жүргiзген кезде көрсеткенi, iрi сиырларда жоғары қандылық IV және V топта, олардың жетiлуiнiң орташа балл тиiсiнше 2,24 және 2,19 балл болғаны анықталған. Алайда барлық топтағы сиырлар шаруашылыққа пайдалануға жарамдылығы айтылған, өйткенi 1,5 баллдан жоғарысы жетiлуiне және типтiлiгiне байланысты шаруашылық пайдалану деңгейi жеткiлiктi екенi айқандалынған. Зерттеу кезiндегi сиырлардың желiн көлемi бойынша 2,5 баллмен бағаланылған.
Реферат: Мақалада қаракөл саулықтарының төлдеу маусымының алғашқы I топ және соңғы II топ кезiнде төлдеген қаракөл саулықтарының сүт өнiмiнде айырмашылық болатындығы айтылған. I топ саулықтарының сүт өнiмдiлiгi салыстырмалы топқа қарағанда 7,46 % артық болған. Бiр айта кеткен жағдай, барлық жағдайда да саулықтар сүттiлiгiнiң ең мол кезi сүттену мерзiмiнiң 20-тәулiгiне сәйкес келедi екен. Қаракөл саулықтары сүттену мерзiмiнiң алғашқы 2 айында барлық сүт өнiмiнiң 2/3 бөлiгiн бөледi екен.
Бұхар сұр қаракөл қойларында индекстiк селекция қолданудың басты тиiмдiлiктерi
Реферат: Мақалада бұхар сұры қаракөл қойларында индекстi селекция қолданудың басты тиiмдiлiктерi талданады. Қаракөл қойының селекциясында белгiлердiң көп болуы және олардың қажеттi деңгейлерiнiң әр келкi болуы индекстiк селекция қолдануды керек ететiндiгi анық айтылған. Бұхар сұр қаракөл қойларының топтарында ВОС мен СТП индекстiк тәсiлдерiн қолданғанда сұр түстiң қанықтылығы және талшықтың түссiз бөлiгiнiң ұзындығы артатындығы айтылған.
Шөл жайылымдары жағдайында қаракөл қозыларының азықтану ерекшелiктерi
Реферат: Қозы өсiру технологиясын жетiлдiру мақсатында қаракөл қозыларының енесiнен ажыратылғаннан кейiн және қыс айларында жайылым азығының қоректiк заттарымен қамтамасыз етiлу деңгейi зерттелдi. Көрсетiлген кезеңдерде қозылар жайылымы азығынан орта есеппен күнiне 1,50-1,55 г пайдаланатыны анықталған. Шөл жайылымдары жағдайында қаракөл тоқтыларын толыққұнды азықтандыруды қамтамасыз ету үшiн оларды толық рационды құрама жем-шөппен мөлшерлеп қосымша азықтандыру қажет екенi анықталған.
Оңтүстiк Қазақстан облысы <Ақдала> ЖШС-дағы әр түрлi тiрiлей салмақты қаракөл қозыларының iшкi мүшелерiнiң ерекшелiктерi
Реферат: Эксперименттiк жұмыстарда жакеттiк елтiрлiк типтi еркек қозылардың тiрiлей салмағына байланысты iшкi мүшелерiнiң абсолюттiк және салыстырмалы салмағына қатынасы көрсетiлген. Берiлген мәлiметтер бойынша, iшкi мүшелердiң салыстырмалы бiртектi жұптаудан алынған қозылар (iрi х iрi) майда және орта жұптау нұсқаларымен салыстырғанда жоғары көрсеткiште болды. Ал әр тектi жұптаудан алынған (орта х iрi, iрi х орта) iшкi мүшелер нұсқасынан алынған көрсеткiштер бiртектi жұптау нұсқаларымен салыстырғанда жоғары абсолюттiк көрсеткiштерге ие болды, бiрақ бұл айырмашылықтар жоғары дәлдiкте болмаған. Сонымен, еркек қозыларды сою нәтижесiнде алынған мәлiметтер тiрiлей салмағы бойынша бiртектi жұптаудан алынған iрi төлдi қозылар өзiнiң абсолюттiк салмағы бойынша алынған нұсқаларынан асып кеткен. Ал әр тектi жұптаудан алынғандарында айтарлықтай өзгешелiк көрiнбейдi. Сондықтан, iшкi мүшелердiң абсолюттiк салмағы малдардың туылған кездегi тiрiлей салмағымен тығыз байланысты және конституциялық ерекшелiктерiн анықтауда қосымша фактор болып табылады.
Әр түрлi генотиптегi қоңыр түстi қойлардың елтiрiлiк типтерi мен оның элементтерiнiң тұқым қуалауы
Реферат: Әр түрлi генотиптегi қоңыр түстi қаракөл қойларының елтiрлiк өнiмiдiгiн талдау барысында жакет типтi қозылар шығымы 28,30-38,89 %; қабырға типтiлер-26,67-28,30; жазық типтiлер-11,11-15,10; кавказ типтiлер-22,22-28,30 % пайызды құрағанын көрсетедi. Талшық ұзындығына көптеген сыртқы және iшкi факторлар әсер ететiндiгi айтылған: азықтандыру деңгейi және конституциясы. Талдау ұзындығының көлемi барлық топтарда 12,8-13,2 мм шамасында құрағанын көрсетедi. Топтар арасында ең қысқа талшық-12,8 мм қара түстi қошқарларды қоңыр түстi аналықтармен жұптау жүргiзiлген III-топта байқалады. Топтар iшiнде ең ұзын талшық-13,2 мм II-топтың қозыларында кездеседi. Ауытқу коэффицентi бойынша бұл белгiнiң төмен өзгергiштiгi 17,34 % III-топтың дараларында байқалады.