Реферат: Қорыта келе айтқанда, Иннокент буқаның ұрпақтары сүттiлiгi жағынан үш сауынның қорытындысы бойынша таза симментал тұқымды сиырларынан артық болып, әрi тiрiлей салмағы және сүттiң майлылығы бойынша сол жоспарланған деңгейде болды, яғни қатарындағы малдардан сәл де болса ауыр болып шықты. Ал Дамир бұқасы өз ұрпақтарына генетикалық жағынан жақсартуға онша айтарлықтай әсер ете алмады. Дегенмен, Тельман атындағы зауытта жаңа туған Дамирдiң ұрпақтарынан иiте сауудан өткiзгенде сүттiлiгi басқаларына қарағанда әлде қайда көбiрек болған. Ал 1-шi буын будан бұқалардың ұрпақтарының сүттiлiгiне ешқандай өзгерiстер байқалмады 2500-кг айналасында болды, яғни бұқалардың бұл жағынан генетикалық әсерлерi болмағаны анықталды.
Қара қаракөл қой тұқымының атырау құйрықты елтiрi, еттi - майлы қой тұқымымен шағылыстыру тәжрибесi
Реферат: Тәжрибелiк қара саулықтарды, атырау тұқымды қошқарлармен шағылыстырғанда антроцит жакет элита қошқарларының будан қозылар түстерiнiң пайыздық көрсеткiшi анықталды, яғни қара-93,3 %, сұр-6,7, соның iшiнде реңi бойынша антроцит-31,8, қола-32,1, платина-18,3, янтарь-17,8. Қара жакет элита 100 % қара түстiлiгi басым болғаны айқындалған. Түрдi iрiктеудегi бағалау нәтижесiн көрсететiн бiрден бiр көрсеткiш козылардың кластық құрамы екендiгi айтылған. Кестедегiдей алынған ұрпақтардың кластық құрамы елтiрi түрiне, ата тегiне, оның түсiне байланыспайды. Бақылау тобының кластық құрамы бойынша элита сандық көрсеткiшi 68,75 % жоғары екендiгi көрсетiлген.
Сұлукөл типiндегi солтүстiк қазақ мериностары саулықтары жүнiнiң жiңiшкелiгi бойынша сүттiлiгiнiң коррелятивтiк байланыстылығы
Реферат: Солтүстiк меринос тұқымдарының саулықтарының жүнiнiң жiңiшкелiгiне байланысты сүт өнiмдiлiгi анықталған. Зерттеу материалдарына жүнiнiң жiңiшкелiгi әр түрлi сұлукөл типiндегi (64, 60, 70 сапасындағы) солтүстiк қазақ мериносы саулықтары iрiктелдi. Саулықтың сүттiлiгi төлiнiң салмақ қосуы бойынша зерттелдi, сондай-ақ химиялық құрамының негiзгi көрсеткiштерi де зерттелдi. Зерттеулер нәтижесiнде анықталғаны, жүнiнiң жiңiшкелiгi 70 сападағы саулықтарға жатады, орташа тәулiктiк сүттiлiгi сондай-ақ сауым маусымындағы сүттiлiгi бойынша шамалы айырмашылығы болды. Жүнiнiң жiңiшкелiгi 70 сападағы саулықтардың көрсеткiштерi 64 және 60 сападағы саулықтардан бiршама төмен, алайда осы фактiлер бойынша осындай саулықтарды отарда қалдырудың тиiмдiлiгi негiз бола алмайтындылығы дәлелденген. Бұлардың ең негiзгi басымдылығы, олар әлемдiк нарықтық сұранысқа ие болатын жүннiң жiңiшке талшықтарын беретiндiгi айтылған.
Оңтүстiк Қазақстан облысы <Акдала> өңiрiндегi жакет қаракөл типтi қозыларына бұйра типтегi қозылар класының бұйралығының әсерi
Реферат: Қорыта айтқанда, негiзiнен бұйра суретiнiң параллель-концентратты және параллель - тура типтерiндегi қозыларды сұрыптаудың тиiмдiлiгi арттыратындығы анықталынған. Осы типтегi малды бiрiңғай жұптау асыл тұқымды мал және бiрiншi сортты өндiретiн саулық отарын жасақтауға мүмкiнiгi жөнiнде айқындалған.
Реферат: Тәулiктiк орташа сауым 210 күн бойы 7 ай түркмендiк аруаналарда ең жоғары деңгейде болып, 4,55 кг, ең азы қазақы айыр өркештiлерде байқалып, 5,48, ал кезнар (F4) мен кезнар (F5) аралық орынды алып, тиiсiнше 7,96 және 9,04 кг-ды құраған. Сауым сүттiң сүт беру кезеңiнiң 7 ай бойындағы жиынтығы кезнар (F4) 1671,55 кг-ды, қазақы айыр өркештiлерде 1152,03 кг кг және түркмендiк аруаналарда 3056,6 кг-ды құраған.
Жас боталар өсiру технологиясын жетiлдiру
Автор(ы): Баймұқанов Д. А.*Тұрымбетов Б. С.*Баймұқанов А.*
Реферат: Мақалада түйе төлiн күтiп бағу мен азықтандыруда жаңа тәсiлiмен төл енесiнен 6,5-7 айлығында ажыратылып, жайылымдық пiшенмен және сумен барынша қамтамасыз етiлiп, әрбiр 100 кг тiрiлей салмағына тәулiгiне 0,3-0,5 кг құнарлы жем 1,0-1,3 кг шөп және 50-60 г ас тұзы берiлiп күтiп баққан тиiмдiлiгi анықталынған. Осылайша ұсынылып отырған тәсiл, түйе төлдерiнiң қай түрге жататына қарамастан енесiнен ажыратылғаннан кейiн, бейiмделгiштiк сапасына, сонымен қатар өсуi мен жетiлуi қарқынына жауап беретiн, ағзадағы процесстердi жеделдетуге мүмкiндiк жасайтындығы айтылған.
Асыл тұқымды түйеқұстарды селекциялық ұяларда бағудың қолайлы шеңберлерi
Автор(ы): Төреханов А. А.*Ахметжанов Д. К.*Есiмсеитова Г. Б.*
Реферат: Зерттеу нәтижелерi бойынша асыл тұқымды түйеқұстарды ұдайы өсiру кезiнде селекциялық ұяға бiр еркегi мен екi-үш ұрғашысын орналастырған жөн деп саналады. Бұл жағдайда олардың жұмыртқалағыштығы 9,4-12,2 % артатындығы айтылған. Мекиендердiң ең жақсы ұдайы өсу қасиетi 2 тәжрибе тобында байқалды. Ондағы балапандар шығымы және шығым пайызы 75 % деңгейiнде болып, қадағалау тобынан 12,5 және 33,3 % жоғары болды. Осы топтарда 1 жұмыртқаға жұмсалатын жемнiң төмендегенi байқалды (11,5 және 11,0 кг), сондықтан оның өзiндiк құны бақы тобынан 100-113,6 тг арзан болып, 1000 тұқымдық жұмыртқадан 2794,6 мың тг пайда табуға мүмкiндiк беретiндiгi мәлiм.
Ет бағытындағы балапандар рационында рапс күнжарасын қолдану
Автор(ы): Байбатыров Т. А.*Изтаев Ә. I.*Жиенбаева С. Т.*
Реферат: Зерттеу нәтижелерi ет бағытындағы балапандар рационындағы қытайбұршақ шротын 25 % рапс күнжарасымен ауыстырудың тиiмдiлiгiн көрсетедi. Мәлiмет бойынша қытайбұршақ шротын 25 % рапс күнжарасымен алмастырғанда балапандардың тiрiлей салмақтары анағұрлым жоғары болған-0,5 %, ал 50 % алмастырылған тәжрибе тобында бақылауға қарағанда 7 % төмен болды, балапандар басының сақталуы барлық топта да бiрдей, ал 1 кг өсiмге кеткен жем шығыны тәжрибе топтарында бақылауға қарағанда 6,2-11,3 % төмен болды.
Қаракөл саулықтарының сүт өнiмдiлiгi мен сүтiнiң химиялық құрамы
Реферат: Қаракөл саулықтарының жасына байланысты сүт өнiмдiлiгiн анықтаумен қатар әр түрлi сүттену мерзiмдерiндегi қой сүтiнiң химиялық құрамы да зерттелген. Жұмыс нәтижесi қаракөл қойы сүтiнiң құрамы, саулықтардың жасына байланысты болмайтынын көрсетедi. Сүт құрамындағы қоректiк заттар мөлшерiнiң аздаған өзгерiстерiн саулықтардың жекелеген ерекшелiктерiмен түсiндiрiлген. Сонымен қатар қой сүтiнiң құрамы сүттену мерзiмдерiне байланысты өзгеретiнi белгiлi болды. Орта жастағы қаракөл саулықтарының сүт құрамындағы май мен жалпы құрғақ заттар мөлшерi басқа топтардағы саулықтардан бiршама мол болатыны анықталған. Саулықтар сүттенуiнiң соңғы жағында сүттiң меншiктi салмағы мен сүт қантының мөлшерi төмендегенi көрсетiлген. Негiзгi күлдi элементтер мөлшерi бойынша айтарлықтай топарлық өзгерiстер байқалмайды. Жұмыс нәтижесiнде 4 айлық қозылардың сүттiлiгi-70,26 кг, орта жастағы саулықтардың-90,26, ал кәрi жастағылары-115,83 кг екендiгi анықталған. Алғашқы сүттiлiк мерзiмдерiнде майлылығы-6,34 %, ал соңғы мерзiмдерде 7,43 %. Сүттiң қуаттылығы сүттену мерзiмiнiң соңына қарай жоғарлайтыны анықталынған.
Янтарь реңдi қазақ сұры қаракөл қойларының реңдi қанықтылығының тұқым қуалауы
Реферат: Тәжрибеде янтарь реңдi қазақ (ЯРҚ) сұры қаракөл қойларының түс қанықтылығының индексi шамасының тұқым қуалауы зерттелген. Талдау нәтижелерi ЯРҚ индексiнiң шамасы жоғары деңгейде және тұрақты түрде тұқым қуалап, I-шi топта 57,53 %, II-64,7, ал III-i топта-56,00 құрайтындығын, сондай-ақ олардың сенiмдiлiк шегiнiң тұрақты екенiн көрсеттi. Зерттеу барысында алынған нәтижелердi талдау ЯРҚ индексi бойынша селекция жүргiзудiң тиiмдiлiгiн көрсетедi. Топтардың арасында айқын қарама-қайшылы сұр қозылардың жоғары шығымы I-шi топтағы қошқарлардың ұрпағында алынып - 83,56 %, II-көрсеткiштерiнен 72,06, ал III-65,33 асыңқы деңгейде келгендiгi көрсетiледi.