Новости науки

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ГАЛЕРЕЯСЫ: «ҚАБІЛЕТТІ, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ»

22.10.2014

8689

2014 жылғы 10 қазанда №16 орта мектеп негізінде Семей қаласының білім беру мекемелерінде қабілетті және дарынды балалармен жүйелі түрде жұмыс жасап, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде елеулі нәтижелерге қол жеткізіп жүрген математика, физика мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін насихаттау үшін «Шығыс» өңірлік орталығы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті және Семей қалалық білім бөлімінің бірлескен облыстық семинары өткізілді. Семинарға облыстың 15 ауданынан 40 және Семей қаласының білім беру мекемелерінен 25 мұғалім катысты.
Семинар жұмысын ашқан Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Г. Қ. Алтынбекова мектеп мұғалімдерінің белсенді әдістерді қолдану арқылы, қабілетті баланы оқушылар ортасынан анықтап, дарындылыққа жеткізу өз пәнін жетік білетін білікті ұстаз ғана іске асырады деген ойларымен бөлісе отырып, ұстаздар қауымына осы бағытта еңбектерінің жемісті болуына тілек білдірді.
Семинарда келесі білім беру мекемелерінің математика, физика пәндерінің мұғалімдері:
№6 гимназиядан Е. Вельмер мен Г. Бочарова, №37 гимназиядан А. Солтанаева мен Г. Құсманова,
№16 орта мектептен Ж. Нұрбаева, Қ. Ақманова, Б. Хамитова, Экономикалық лицейден Е. Агафонова, №43 орта мектептен Т. Овечкина мен С. Абдрахманова осы бағыттағы өздерінің іс-тәжірибелерімен таныстырды. «Жас техниктер станция» орталығы директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С. Долговых қосымша білім беру жағдайында балалардың дарын-дылығын дамыту жолдарының ерекшеліктеріне тоқталды.
Сонымен қатар жас ұстаздар мектебінің тәлімгері Л. Грицуктың жетекшілігімен жас мамандар: Н. Тұрсынғазин, Т. Құсайынов, А. Мустина, И. Рыжова, О. Рудых, Д. Пупков, Г. Сиротина өздерінің қабілетті және дарынды оқушыларды қазіргі заман талабына сай ақпаратты-коммуникативті орталарда анықтау, оларды жетілдіру, нәтижелерге жеткізу бағдарламаларымен таныстырды. Жас мамандардың қала оқушыларын математика және физика пәндеріне қызығушылықтарын арттыру үшін қазан айында басталып наурыз айына дейін жүргізілетін қашықтық олимпиада жұмысы мұғалімдерден қолдау тапты.

Дереккөзі: akimsemey.gov.kz

«« | »»
Последние новости