Новости науки

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессорының монографиясы Германияда жарық көрді

20.03.2014

4870

Неміс Ұлттық Кітапханасы (Германия) «Техникалық физика» кафедрасының меңгерушісі профессор С.К. Тлеукеновтің «Матрицант әдісі. Анизотропты ортадағы толқындардың таратылуы» («Метод матрицанта. Распространение волн в анизотропных средах») атты монографиясын шығарды. Неміс Ұлттық кітапханасы кітапты Неміс кітаптар каталогына енгізді. Кітапта әртекті изотропты және анизотропты ортадағы барлық сингонияның үйлесімді қатты толқынын суреттейтін матрицант құрылымын жасау мәселелері тұжырымдалған және шешімін тапқан. Координаттық жазықтықтағы толқындардың таратылу жағдайы кеңінен қарастырылады. Барлық көрсетілген жағдайларда матрица коэффициенттерінің құрылымы орнатылады.

Мәлімет көзі: enu.kz

«« | »»
Последние новости