Новости науки

Шығысқазақстандық жыртқышқа орыс экологтары көз салды

11.02.2014

6096

Ресейдегі Сібір экологиялық орталығының мамандары Шығыс Қазақстан облысын мекендейтін сабаншы жыртқышын зерттеуге кіріспек. Олардың осынау іспен айналысатын еріктілерді іздеп жатқандығын РИА Новостиге аталмыш орталық өкілі Анна Барашкова мәлімдеген.

Сабаншы - мысық тұқымдас жыртқыш жануар. Ол Еуразия жазықтықтарын мекендейді. Сирек кездесетін хайуанның саны да уақыт өткен сайын кеміп келеді дейді эколог мамандар. Адам көзінен жасырынып жүретіндіктен олардың нақты санын есептеу бүгінгі күнге дейін мүмкін болмай келеді. Сабаншы "Қызыл кітапқа" жоғалып кетудің алдында тұрған жануар ретінде енгізілген.
"Ақпан айының 19 мен 24 аралығында Семей қаласының маңын шолып қайтпақпыз. Қыркүйек айында біз ол маңайға фото-қақпан қойып кеткен болатынбыз. Сол арқылы және іздер арқылы санын есептеп көрмекпіз. Жұмысты жүргізу үшін ерікті азаматтар керек" дейді А.Барашкова.

Сабаншы (Otocolobus manul немесе Felis manul) — жыртқыштар отрядының мысық тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда Маңғыстауда, Үстіртте, Мұғалжар жотасында, Қаратауда, Тянь-Шаньда, Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауларында, Тарбағатайда, Оңтүстік Алтайда, Сарыарқада тараған. Дене мөлшері үй мысығындай, тұрқы 52-65 см, салм. 4-5 кг. Үлпілдек жүні ашық сұр, қоңырқай түсті, арқасында көлденең жіңішке 6-7 қара жолағы болады. Құйрығы келте, арқасындағы жолақтары анық көрінеді. Құлақ қалқандары өте кішкентай, самайында шоқша сақалы бар. Шөл далада тіршілік етеді. Інін жартас арасына салады, ірі кеміргіштердің індерін де мекендейді. Ақпан-наурыз айларында мауығып, сәуір-мамырда мысықтайды (2-8 аралығында). Қорегі — кемірушілер (тоқалтістер, шақылдақтар), торғайтәрізді құстар. Жемін ымыртта, түнде аулайды.

Источник: baq.kz

«« | »»
Последние новости