Новости науки

Жамбыл облысында агросаланы дамытуға шетелдік инвесторлар тартылмақ

11.02.2014

4712

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығын дамытуға «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» автомагистралін ұтымды пайдалану көзделіп отыр. Ол үшін ғылыми негізде жұмыс жасалып, шетелдік инвесторлар тартылмақшы деп хабарлайды BNews.kz тілшісі
Әулиеата өңірінің агросаладағы әлеуеті қуатты. Өнімді шетелге шығаруға мүмкіндігі бар. Бірақ нарықта өзгенің тауары толып тұр. Осы олқылықтың орынын толтыру үшін Қазақстан ауыл шаруашылығы академиясының айтулы ғалымдары, Ресей мен Словения елінің өкілдері Таразда бас қосты.

«Біздің ғалымдар Жамбыл облысында сүт бағытындағы ірі қараның 4 түрімен айналысып жатыр. Жай табынға қарағанда селекциялық топта бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары. Бірақ, біз бәрін қамти алмаймыз. Шаруалар тарапынан ұсыныстар болып жатса бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз» - дейді ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Әбдірахман Омбаев.

Ал, жергілікті билік «Батыс Қытай- Батыс Еуропа» автожолын агросалаға серпін беру үшін тиімді пайдаланбақ ниетте.

«Батыс Қытай - Батыс Еуропа автомагистралі құрылысы аяқталуға жақындап қалды. Бұл жол толығымен халықаралық стандарттарға сай келеді. Трассаның екі жақ бетіне 100-ден астам фермалар салу қажет. Оларды өнімдерін ұсынатын заманауи шағын дүкендер және тамақтану орындарын салу қажет» - деп атап өтті облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев

Аймақтағы агросаланы алға бастыру үшін «Агробизнес- 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту» сынды мемлекеттік бағдарламалар да сеп болмақ. Шетелдік инвесторлар да бұған қызығып отыр.

«Біз Еуропада тәжірбиеден сәтті өткен жобамызды ұсынамыз. Шаруалардан шағын фермерлер ауылын құру керек деп санаймыз. Сонда оларды басқару да, дамыту да қолайлы болмақ, әрі табыс әкеледі», - дейді словениялық «АВМ» компаниясының бас директоры Александр Максимцев.

Источник: bnews.kz

«« | »»
Последние новости