Новости науки

Ғалымдар қатерлі ісіктен қорғайтын тағамды анықтады

28.01.2014

4808

Ғалымдар кетчуптің адам ағзасын қатерлі ісіктен сақтайтыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Мамандардың айтуынша, қызанаққа қызыл түс беретін ликопин пигментінің қатерлі ісікке қарсы тұратын қасиеті бар. Тышқандарға жасалған ғылыми тәжірибе қызанақ шырынымен қоректенгендерінің қатерлі ісікпен ауыру қаупі төмендегенін көрсетті.
Осы орайда, ғалымдар ас мәзіріне қызанақ пен томат шырынын көптеп қосуға кеңес береді. Бұған қоса, картофель немесе макарон өнімдеріне кетчупті қоса пайдаланған жөн деп отыр.

Источник: news.nur.kz

«« | »»
Последние новости