Әріптестер / Ассоциациялар

ҚР ЖОО Кітапханалар Ассоциациясының «Кітапхана мамандары, мамандығы және білімі» секциялары туралы ережелер.

1. Жалпы ережелер
1.1 Секция ЖОО кітапханалар Ассоциацияларының құрамында құрылады және кітапханалар бөлімшелерінің әдістемелік жұмыс шеңберінде, оның қызметінің кәсіпқой аспектілерін қамтамасыз етеді.
1.2 Секция ҚР ЖОО кітапханаларында істің кешенді дамуының жағдайын, болжамдалуын қамтамасыз етуін зерттеу мақсатында өз қызметін жүзеге асырады.

1. Жалпы ережелер
1.1 Секция ЖОО кітапханалар Ассоциацияларының құрамында құрылады және кітапханалар бөлімшелерінің әдістемелік жұмыс шеңберінде, оның қызметінің кәсіпқой аспектілерін қамтамасыз етеді.
1.2 Секция ҚР ЖОО кітапханаларында істің кешенді дамуының жағдайын, болжамдалуын қамтамасыз етуін зерттеу мақсатында өз қызметін жүзеге асырады.
1.3 Секция жұмысы ҚР ЖОО кітапханалар Жарғысының және осы Ереженің негізінде жүзеге асады.

2. Секция тапсырмалары
2.1 ҚР нақты экономикалық, әлеуметтік-мәдени және демографиялық шарттарында кітапханалық іс-тәжірибе сұрақтарын шешу бойынша қызметіне координация жасау үшін ҚР ЖОО Кітапхана мамандарының күшін бір орталыққа шоғырландыру;
2.2 Қолданбалы кітапханалық зерттеушілердің тақырыптарын анықтау және олардың нәтижесін іс-тәжірибеге енгізу;
2.3 Жұмыстың тәжірибесімен алмасу, ЖОО кітапханалардың іс-тәжірибесіне кітапханалық инновцияларды енгізу;
2.4 Ақпараттардың өнімдері мен қызметтерінің болашақ ассортиментін игеруге жәрдемдесу;
2.5 Ынтымақтастық идеологиясын қалыптастыру, әр түрлі және сипаттағы кітапханалардың бір-бірімен, ЖОО кітапханаларымен іскерлік байланысын нығайту.

3. Секция жұмысының мазмұны
3.1 Секция өз қызметін «ҚР ЖКА» мен мақұлданған жұмыстың жылдық жоспары негізінде жүргізеді;
3.2 Секцияның жұмыс жоспары мыналарды қарастыруы мүмкін:
3.2.1 Пікірталас, конференция, семинарлар, тренингтер, арнайы мәжілістер және кәсіби қызметтің өзекті сұрақтарын талқылайтын басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
3.2.2 Арнайы басылымда жариялау, сонымен қатар әртүрлі сипаттағы және белгілердегі баспалар үшін материалдар дайындау;
3.2.3 (ҚР ЖКА қарауына төмендегідей ұсыныстар бойынша) нормативтік құжаттар жобаларын, басшылық органға ұсыныстар, жұмыстың координациялық жоспарын, зерттеудің тақырыптарын дайындау;
3.3 Секция ақпараттық және консультациялық қызмет, теориялық және практикалық сұрақтар бойынша ұсыныстар береді, сонымен қатар Секцияның өз жұмысымен байланысы бар тақырыптар бойынша ақпараттар мен статистикалық мағұлматтар жинай және өндей алады.
3.4 Секция кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін жүйелі жоғарлатуды ұйымдастыру және басқару бойынша ұсыныстар дайындайды.

4. Секция жұмысының тәртібі
4.1 Секция жұмысын «ҚР ЖКА» конференциясында таңдалған төраға басқарады;
4.2 Секцияның барлық мүшелерінің мәжілісі жылына екі реттен кем өткізілмейді.
4.3 Секция басшылығына арнайы сұрақтар дайындау үшін жұмыс топтары, комиссия, авторлық ұжым құрылады;
4.4 Секция төрағасы жыл сайын конференция алдында есеп береді. Есеп конференция материалдарының жиынтығында жарияланады.

Секция туралы ереже 2012 жылы қабылданды.

Ulark.kz