Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының ассоциациясы.
Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының ассосиациясы- бұл 2002 жылы ақпанда заңды тұлғалардың коммерциялық емес ұйымы. Қазіргі уақытта ол-әртүрлі сипаттағы және профильдегі: техникалық, педагогикалық, экономикалық, ауылшаруашылық,медициналық, заң, сонымен қатар мәдениет, өнер және спорт, еліміздің 86% астам студенттері білім алатын 77 аккредиттелген Қазақстан жоғарғы оқу орындарының бірлестігі.
Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының ассосиациясы- бұл 2002 жылы ақпанда заңды тұлғалардың коммерциялық емес ұйымы. Қазіргі уақытта ол-әртүрлі сипаттағы және профильдегі: техникалық, педагогикалық, экономикалық, ауылшаруашылық,медициналық, заң, сонымен қатар мәдениет, өнер және спорт, еліміздің 86% астам студенттері білім алатын 77 аккредиттелген Қазақстан жоғарғы оқу орындарының бірлестігі.
Бұл ЖОО мамандардайындығы тиісті бағыттарда көшбасшы болып табылады, білімнің халықаралық деңгейіне қажетті білікті профессорлар мен оқытушылар құрамы, бай кітапханасы, заманауи компьютерлік сыныптары және ғаламтор желісіне қосылуы, тамаша оқу-лабораториялық базасы бар.
Ассосиация миссиясы- Қазақстанның динамикалық әлеуметтік-экономикалық дамуына, ТМД мемлекеттерінің және әлемнің дамыған мемлекеттерінің білім деңгейіне жауап беретін білім сапасын жоғарылату.
Қызметінің негізгі түрлері:
Баспа орталығы
Мақсаты:
ЖОО-дың әдебиеттерге қажеттіліктерін зерттеу, мамандар дайындауға ең қажетті бағыттар бойынша қазақстандық авторлардың оқулықтарын басып шығару және тарату;
Баспалық қызметке ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің лицензиясы алынды.
ЖОО оқулықтармен қамтамасыз етілгендігі бойынша алдын-ала талдау жүргізіліп, нәтижесінде 2800 пән (олардың 70% қазақ тілінде) бойынша оқулықтар жетіспеушілігі анықталды. ЖОО үшін оқулықтар дайындауда ең ірі табысқа А.Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» медальі бекітілді. Саңлақ авторды таңдау ьойынша арнайы комиссия ҚР ЖОО Ассоциациясы Басқаруымен бекітілген критерилерді басшылыққа алады.
Баспалардың және ЖОО кітапханаларымен өзара ынтымақтасу жаңа мамандықтар бойынша ең қажетті әдебиеттер тізімін құруға мүмкіндік береді.
ЖОО баспалар және кітапханалар көрмесінің жұмыс нәтижесі «Заманауи ЖОО әдебиеттерінің мәселелері мен келешегі » атты жыл сайынғы дәстүрлі Республикалық конференцияда шығарылады.
Инновациялық орталық
Мақсаты:
Ірі кешенді бағдарламалар құру, олардың нақты жүзеге асырылуына жәрдемдесу үшін ЖОО, зерттеушілік институттардың және жекелеген өнертапқыштардың инновациялық жобаларын жинау зерттеу және өндеу.
2004 жылы ҚР Индустрия және Сауда Министрлігімен ынтымақтастыққа қол қойылған Меморандум негіздемесінде, іріктеу үшін және инновациялық жобаларды дамыту институтының ұсынысымен бірлескен Инновациялық-сараптамалық Кеңес құрылды.
Дайындалды: