Халықаралық конференциялар

Қазақстандық үздік оқу орындардың рейтингі жарияланды

13.08.2014

9429

Қазақстандық ЖОО-ның білім беру және бағдарламалық деңгейі анықталатын тәуелсіз рейтингтің қорытындылары жария етілді. Оны Қазақстан Республикасының аккредитация және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттігі жүргізген болатын.
Онда жоғарғы оқу орындарының бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша жалпы рейтингіне және білім беру бағдарламалары мен профессорлық-оқытушылық құрамының рейтингіне сараптама жасалды. Білім беру гранттарының саны, «Алтын белгі» иегерлерінің, «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының, ҚР ғылымының дамуына үлес қосқаны үшін иеленген сыйлық және шәкіртақының, ғылыми гранттың, патент пен өнертапқыштың, Хирш индексі бойынша зерттеулер жарияланған басылымдардың саны да (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters и Scopus) ескерілді.Іріктеу барысында төрт негізгі бағыт студенттердің, оқытушылардың, зерттеушілердің сапалық құрамы, академиялық мобильдік байланыс, түлектердің сұранысқа ие болуы, мамандық бойынша оқытушылардың, магистранттардың, докторанттардың ғылыми мақалаларының бәсекеге қабілеттілігі назарға алынды.
Бүгін республикалық басылымдарда тәуелсіз рейтинг анықтаған үздік 20 ЖОО аттары жарияланды. Ең үздік үштікті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бастап тұр. Одан кейінгі екінші орында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, үшінші орында Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар