EXPO-2017

Байқоңырдан Turksat-4B түрік байланыс спутнигімен «Протон-М» ұшырылды

19.10.2015

6189

Байқоңыр ғарыш айлағынан Turksat-4B екінші түрік байланыс спутнигімен «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне Ресейғарыш өкілі.
«Turksat-4B спутнигімен «Протонның» ұшырылуы есепті уақытта орындалды», - деді агенттік сұхбаттасушысы.

Ғарыштық аппараттың «Бриз-М» үдеткіш блогынан ажырауы 17 қазанда астана уақытымен 02.49-да болды.

Turksat-4B - түріктің Turksat Satellite Communication, Cable TV and Operation A.S.
спутниктік байланыс операторы үшін жапондық жетекші Mitsubishi Electric (MELCO) корпорациясы жасаған екінші телекоммуникациялық ғарыштық аппараты.

Жаңа спутник Түркия, Еуропа, Орталық Азия, Африка және Таяу Шығыс аумағында хабар таратуды және кеңжолақты байланыс қызметін ұсынуды қамтамасыз етеді. Turksat-4B геостационарлық орбитада шығыс бойлықтағы 50 градустық нүктесінде орналасқан.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар