Әлемдегі ғылым

Нейрофизиологтар жайсыз оқиғалар адам миын өзгертеді деп сендіреді

22.08.2023

638



Нидерландыдағы Неймеген университеті ғалымдары адам миын зерттеді. Зерттеу барысында адамның басынан өткізген жағымсыз жайттар салдарының ми қатпарына әсер ететіні белгілі болған. Тіпті бала күнгі басынан кешірген психологиялық жарақаттардың ересек жаста да ми өзгерісінде кездесетінін көрсеткен. 

Натали Холц және оның әріптестері ұзақ уақыт бойы 170-ке жуық адамға зерттеу жүргізген екен. Әрбір адам үшін бастан өткерген жағымсыз тәжірибе, баланың босанғаннан кейінгі даму кезеңіне байланысты оқиғаларды пренатальды, перинаталдық (туған) және психоәлеуметтік деп үш түрге бөліп, тіркеген. 

Экспериментке 25 және 33 жас аралығындағы қатысушылар томографта бас миын егжей-тегжейлі сканерлеуден өткізген. Ғалымдар жасанды интеллект көмегімен алынған мәліметтерді талдап, ол анатомияның белгілі бір өткен қиындықтармен байланысқан ерекшеліктерін іздеген. 

Мысалы, вентромедиальды орбитофронталь қыртысының (vmOFC) көлемі әдетте жасына қарай аздап төмендейді. Дегенмен, бұрын әртүрлі күйзеліске ұшыраған адамдарда бұл процесс басқаша болады. Жағымсыз психоәлеуметтік құбылыстар көлемнің азаюын жылдамдатқан. Бірақ босанумен байланысты (мысалы, мерзімінен бұрын босану) жағымсыз жайттар бұл процесті баяулатқан. Осындай ауытқулар лимбиялық жүйенің аймақтарында, соның ішінде гиппокамп пен амигдалада табылды, дейді ғалымдар.  

Ғалымдар анатомиялық өзгерістердің көптеген үлгілері мазасыздық пен басқа да бұзылулардың даму қаупімен байланысты екенін атап өтті. Болашақта мұндай зерттеулер жеке психологиялық диагностика құралына айналуы мүмкін. Мидың анатомиясының ерекшеліктерін бағалау арқылы әртүрлі бұзылулардың қаупін болжауға болады. 

 https://www.nature.com/articles/s41593-023-01410-8


«« | »»
Соңғы жаңалықтар