Әлемдегі ғылым

Ғалымдар Орта Азияда өсетін сауыр шөбін дәрілікке пайдаланбақ

01.02.2022

2228

Ресей ғалымдары қытай ғалымдарымен бірге Орта Азияда өсетін өсімдікті зерттеп, оның биологиялық белсенді заттарын анықтаған. Ол кәдімгі сауыр шөп (лат. Eranthis longistipitata).

Оның жапырақтарында кумариндер мен фурохромондар, антиоксиданттық, ісікке қарсы және басқа да пайдалы әсерлері бар қосылыстар бар. Бұл өсімдік болашақта көп бағытты препараттардың негізіне айналуы мүмкін. Мақала International Journal of Molecular Sciences журналында жарияланған. Зерттеуге Ресей Ғылым қорының (РҒҚ) гранты қолдау көрсетті.

Көптеген дәрілердің өсімдіктердегі биологиялық белсенді заттарынан жасалатыны белгілі. Мысалы, аспирин тобылғы деп аталатын шөптен бөлінетін салицил қышқылынан жасалады. Оның латынша атауы Spiraea ulmaria. Бұдан бөлек талдың қабығынан да салицил қышқылы алынатын айта кетейік. Олар дене қызуын басуға, аурудың алдын алуға пайдаланылған. Дегенмен, талдың қабығының қайнатпасын ішсеңіз, іштің ауыруы сияқты жанама әсерлер пайда болуы мүмкін. Өйткені, бір өсімдікте жүздеген белсенді заттар болуы мүмкін, олардың барлығы денеге бірдей пайдалы емес, бірақ олардың барлығы қайнатпаға түседі. Қазіргі дамыған фармакология өсімдіктерден емдеуге қажетті заттарды ғана бөліп алуға мүмкіндік берді. Сондықтан биологтар мен химиктер өсімдіктердің метаболомиялық профилін суға, спиртте немесе басқа еріткіштерде алуға болатын белсенді заттардың молекулалық құрамын, содан кейін әрбір қосылыстың қасиеттерін зерттейді.

Ғалымдар Қырғызстаннан жиналған сауыр шөптің (лат. Eranthis longistipitata) жапырақтарынан 160-тан астам қосындыларды бөліп алды. Оның 72-сі белгілі бір кластарға жатқызылды, ал 58-і дәл анықталды. Оқшауланған биологиялық белсенді заттардың арасынан зерттеушілер 19 түрлі флавоноидтарды тапты. Бұлардың қосылыстары жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін маңызды болып саналады және тіпті веноздық жеткіліксіздікке қарсы препараттардың негізін құрайды. Сонымен қатар, өсімдік жапырақтарында май және органикалық қышқылдар, аминқышқылдары, қант және басқа қосылыстар анықталды. Дегенмен, кумариндер мен хромондар – маңызды биологиялық қасиеттері бар молекулалардың екі класы, олардың кейбіреулері Eranthis longistipitata (жалпы осы тектес өсімдіктерде) алғаш рет анықталған екен.

Әртүрлі табиғи популяциялардың ішіндегі сауыр шөбінің метаболомикалық профильдері бір-бірінен, яғни өсімдіктердің химиялық құрамының жиналған жерге байланысты ерекшеленбейтіні анықталды, деп отыр ғалымдар. Олар E.longistipitata жапырақтарындағы заттарды анықтаудың жақсы қалыптасқан әдісін ұсынды. Бұл зерттеушілерге Eranthis тұқымдасының түрлерін одан әрі фитохимиялық және хемотаксономиялық тұрғыда зерттеулер жүргізуге көмектеседі.

Материал https://www.mdpi.com/1422-0067/23/1/406 деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар