Қазақстан ғылымы

Springer отандық ғалымдардың кітабын шығарды

15.02.2024

256



Жеке қорында әлем бойынша 2900 журнал және 300 000 кітабы бар Springer жаһандық ғылыми баспасы отандық ғалымдардың еңбегін ағылшын тілінде басып шығарды. «Beginning C++ Compilers. An Introductory Guide to Microsoft C/C++ and MinGW Compiler» («C++ компиляторына кіріспе») кітабының авторлары Еуразия ұлттық университеті ғалымдары. 

Яғни, Математика және компьютерлік модельдеу кафедрасының аға оқытушысы Берік Төлеуов және Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы Әдемі Оспанова бұл кітапта Windows жүйесінде C/C++ компиляторларын жылдам және тиімді орнату жолдарын сипаттап, жаңа мәліметтер келтірген. 

Берік Төлеуов C/C++ компиляторларын орнатудың әдетте көп уақыт алатынын алға тартады. Өйткені адамдардың басым көпшілігі Microsoft Visual Studio бағдарламасын пайдаланады. Visual Studio бағдарламасын орнату үшін шамамен 40 ГБ дискілік кеңістікті алатын жады да көп болуы тиіс.  Сондықтан оны өнімділігі төмен деңгейлі жабдықта іске қосу мүмкін емес. 
Ғалымдарымыздың түсіндіруінше, олар дискілік кеңістікпен мәселе туындатпайтын Microsoft C/C++ компиляторын қолданудың қарапайым әдісін ұсынып отыр. Бұл әдіс уақытты да айтарлықтай үнемдейді екен. Бағдарламалық жасақтаманы, тіпті флэш-дискілер сияқты алынбалы құрылғыларда оңай және портативті түрде орналастыруға болады. 

ЕҰУ еңбегі C++ тілін меңгеруге уақыты мен күш-жігерін үнемдегісі келетін және бағдарламалық жасақтаманы орнатумен танысуға қызығушылық танытатын барлық пайдаланушыларға арналған. Қазір кітапты студенттер де, оқытушылар да пайдаланады.

Атап өткен жөн, Springer – жаратылыстану ғылымдары бойынша академиялық журналдар мен кітаптар шығаруға маманданған халықаралық баспа компаниясы. Қазір компанияда бүкіл әлем бойынша 2900 журнал және 300 000 кітап бар. 

Дерек көзі: https://egemen.kz/article/357990-euu-ghalymdarynynh-kitaby-springer-alemdik-baspasynda-dgaryq-kordi 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар