EXPO-2017

EXPO қалашықтың құрылысы 2014 жылы басталады

09.10.2013

6402

Астанада EXPO қалашықтың құрылысы 2014 жылы басталады. Бұл туралы бүгін елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов халықпен есепті кездесуі барысында мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде EXPO қалашығының жобасына арналған халықаралық байқау жарияланған көрінеді. «Ол жоба биылғы жылдың қазанында Халықаралық көрме бюросы тарапынан бекітіліп, осыдан кейін 2014 жылдың басында қарқынды құрылыс басталады», - деп нақтылап өтті әкім.

Айта кетейік, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу үшін коммуникациялық тұрғыда қолайлы 124 гектар жер бөлінген болатын. Аталған аумақ медициналық кластер аймағының солтүстігінде, Орынбор көшесі, №27 және №30, сондай-ақ Қабанбай батыр көшелерімен шектес аралықты қамтиды.

Ақпарат көзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар