EXPO-2017

ЕХРО-2017 талисман-кейіпкеріне байқау жариялайды

23.05.2014

8196

Астана. 22 мамыр. Baq.kz – «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ЕХРО 2017 «Болашақ Энергиясы» атты жәрмеңкеде жасалатын Маскот дизайн – жобасына халықаралық сайыс жариялады. Бұл туралы компания сайты хабарланды.
Маскот – белгілі бір шараның, спорттық команданың және тағы басқа да шаралардың кейіпкері. Жәрмеңкенің маскоты ретінде ұлттық мәдениетті дәріптейтін жанды немесе жансыз кейіпкер бола алады.
«Өзінің жұмысын кез келген ерікті тұлғалар ұйымдастырушылардың электронды мекен-жайына бір айдың ішінде 2014 жылдың 20 мамырынан 20 маусымына дейін жолдай алады. Барлық жұмыстардың ішінен төрешілер ең жақсы деген 7 дизайн-жобаны іріктеп алады. Финалға өткен маскоттардың ішінен үздігін жалпы халық болып таңдайды», - делінген хабарламада.
Сайыстың жеңімпазы Маскотты жасауға келісім шартқа отырады. Сонымен қатар, халықаралық ЕХРО 2017 жәрмеңкесінің талисманына авторлық құқықты бекітеді.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар