EXPO-2017

Психологтар аутистер мен қанішерлер арасындағы байланысты зерттеді

23.05.2014

6911

Глазго университетінің ғалымдары аутистер мен қанішерлер арасындағы байланысты егжей-тегжейлі зерттеді, деп хабарлайды Naked Science.
Белгілі болғанындай, қанішерлердің шамамен 28 пайызы жүйке жүйесі дертіне шалдыққандар, тағы 21 пайызы басынан жарақат алғандар екен. Бұған қоса, қанішерлердің 55 пайызы психологиялық күйзеліске ұшырағандықтан, адам өлтіретіндері дәлелденген.

«Біз әрине жүйке жүйесі сыр бергендер мен басынан жарақат алғандардың барлығы бірдей адам өлтіруге бейім тұрады деуден аулақпыз. Біздің айтайын дегеніміз, осындай адамдардың кейбірі психологиялық күйзеліске ұшырағандықтан, зорлық-зомбылыққа бейім болады, тіпті адам өлтіруге дейін барады», - дейді Глазго университетінің дәрігері Клэр Аллели.

«Жүргізілген зерттеу өте маңызды, ол қылмыстардың алдын алуға көмек береді. Алайда, біз адамдарда жүйке жүйесі сыр бергендерге қарсы қате түсінік қалыптаспайды деп сенеміз», - дейді Аутизмді зерттеу орталығының директоры Кэрол Поуви.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар